Турсунбаева Узул


Аты-жөні: Турсунбаева Узул

Қызметі: Арнайы пән оқытушысы

Жұмыс орны :«Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі» МКҚК

Мекен жайы :Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «Өркен» шағынауданы, 64 үй, 24 пәтер

Педагогикалық тәжірибесі::34 жыл

Санаты:Жоғары біліктілік санат

Марапаттар:2016ж. Маңғыстау облыстық білім басқармасының Алғыс хаты

Педагогикалық өмірбаяны

Турсунбаева Узул 1989 жылы М.И.Калинин атындағы Түркмен ауылшаруашылық институтын инженер-гидротехник мамандығы бойынша бітіріп шығады. Еңбек жолын Көне-Үргеніш қаласындағы №14 орта кәсіптік техникалық училищесінде бастады. 1994 жылы Маңғыстау облысына қоныс аударуына байланысты Жаңаөзен қаласындағы кәсіптік лицейге орналасты. Қазіргі Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінде арнайы пән оқытушысы.

Турсунбаева Узул – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, ізденімпаз, жаңа жетістіктерге жаны құмар ұстаз. Қазіргі таңда Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінде электротехника пәнінен сабақ береді. Оның әрбір сабағы өте тартымды, қызықты өтеді. Өз пәніне қатысты материалдарды, құрал-жабдықтарды тынбай іздеп, әр сабағына тыңғылықты әзірлікпен келеді.

Узул – теориялық білімі, кәсіптік даярлығы жоғары, өз пәнін терең білетін әдістемелік шеберлігі шыңдалған оқытушы. Күнделікті өткізетін әр сабағына мұқият дайындалып,пәнді оқытудағы ең тиімді әдістерді пайдаланады. Жаңалыққа жаны құмар оқытушы студенттердің ойлау, салыстыру қабілеттерін дамытуға жаңа технология элементтерін үнемі сабақтарында қолданады.

Қазіргі таңда арнайы пәннен сабақ беріп, сондай-ақ жан-жақтылығымен, тәжірибесінің молдығымен, ізденімпаздығымен ерекшеленіп жүрген ұстаз. Сондықтан әр сабағында мамандыққа баулу, кәсіппен байланыстыра өткізу оның алдына қойған бұлжымас ережесі десе де болады. Осы бағыттағы жұмыстары нәтижесінде Узул оқушылар шығармашылығына да үлкен мән беріп, олардың ізденуіне бағыт-бағдар береді. Студенттердің дипломдық жұмыстарына жетекшілік жасайды. Узулдің өткізген сыныптан тыс шаралары туралы айтатын болсақ, «Кәсіби шеберлік», «Мамандығым-мақтанышым» байқауларының ұйымдастырушысы және байқауға студенттерді дайындауда үлкен еңбегін сіңіріп жүрген ұстаз.

Турсунбаева Узулдің еңбек жолындағы жетістіктер: «Мамандығым-мақтанышым» атты байқауда ІІ орын, «Алғашқы бұйым» байқауында І орын, «Кәсіп үздігі» байқауында І орын және Мақтау қағаздары мен Алғыс хаттары бар.

  • 2012 жылдың желтоқсан айында қалалық «Жаңаөзен» газетінде «Білікті ұстаз – мақтаныш» тақырыбында мақаласы жарияланды.
  • 2012 жылдың сәуір айында «Жалпы электротехника және электроника негіздері» пәні бойынша тесттер жинағы облыстық әдістемелік кеңесте бекітілді.
  • 2013жылы «Білім-Ғылым Инновация» атты І қалалық студенттердің ғылыми-практикалық конференциясына студенті Б.Ақжол қатысты.
  • 2014 жылдың желтоқсан айында «Маңғыстау» газетінде «Кәсіптік-педагогикалық шеберліктің заманауи тәсілдері» тақырыбында мақаласы жарияланды.
  • 2014жылы «Кәсіби оқытудағы жаңа технологияларды қолдану ерекшелігі» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға студенті Қ.Жанәділов қатысты.
  • 2015 жылы мамандығы- 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету», біліктілігі- 0902033 «Техник-электрик» мамандығының материалтану пәнін оқытуға арналған көмекші құралы облыстық әдістемелік кеңесте бекітілді.
  • ZIAТ «Ғылыми–әдістемелік орталығы» Қашықтықтан өткізілген ІІ Республикалық сайыс

«Өнегелі ұстаз» , «Үздік ашық сабақ» номинациясы  ІІ орын.

  • 2016ж.Worldskills Kazakhstan өңірлік чемпионатында «Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша ІІІ курс студенті Есіркеп Ақылбек сертификатпен марапатталды.
  • 2016ж.Worldskills Kazakhstan өңірлік чемпионатында «Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша ІІІ курс студенті Ізжанов Қуанышбек сертификатпен марапатталды.
  • 2016-2017 оқу жылында Узул Маңғыстау облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

Турсунбаева Узул ұзақ жылдар қаламыздың білім саласының дамуына өз үлесін қосып келе жатқан мәртебелі ұстаз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *