Туремуратова Жумабике Мергентаевна


Аты-жөні :Туремуратова Жумабике Мергентаевна

Қызметі:Өндірістік оқу шебері

Жұмыс орны:«Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі» МКҚК

Мекен жайы: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «Көктем» шағынауданы

Педагогикалық тәжірибесі: 22 жыл

Санаты:Жоғары біліктілік санат

Марапаттар:2016ж. Маңғыстау облыстық білім басқармасының Алғыс хаты

Педагогикалық өмірбаяны

Еліміздің ертеңі, кемел келешегі жас жеткіншектерге тағлымды тәрбие, терең білім беріп жүрген ұстаздардаң бірі – Туремуратова Жумабике Мергентаевна.  1981-1985 жылдары Гурьев политехникалық техникумын мұнай және газ скважиналарын бұрғылау мамандығы бойынша бітірді.

Алғашқы еңбек жолын Жаңаөзен қаласындағы «Өзен бұрғылау жұмыстары басқармасында» бастап, сол аталмыш мекемеде 20 жыл еңбек етіп келіп, 1996 жылы оқу курстық комбинатында «УКК ПОМН», 1997 жылы Жаңаөзен мұнай және газ колледжінде өндірістік оқу шебері болып жұмыс атқарды. 1998 жылдан бастап №3 кәсіптік-техникалық училищеде өндірістік оқу шебері қызметіне қабылданды. Ол өзіне тапсырылған жұмыстарды тиянақты атқара білді. 2008-2012 жылдары Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық  университетіне оқуға түсіп, мұнай-газ ісі мамандығы бойынша аяқтады. І біліктілік санатты ұстаз Ж.Туремуратова – жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып,студенттердің өз пәніне деген қызығушылығын арттырып, өзіндік іздену жұмыстарға бағыттау мақсатында жұмыстанып жүрген шығармашыл ұстаздардың бірі.

Қазіргі таңда Ж.Туремуратова өндірістік оқутәжірибесінен сабақ беріп, сондай-ақ жан-жақтылығымен, тәжірибесінің молдығымен, ізденімпаздығымен ерекшеленіп жүрген шебер. Сондықтан әр сабағында мамандыққа баулу, кәсіппен байланыстыра өткізу оның алдына қойған бұлжымас ережесі десе де болады. Осы бағыттағы жұмыстары нәтижесінде Жумабике Мергентаевна студенттер шығармашылығына да үлкен мән беріп, олардың ізденуіне бағыт-бағдар береді. Оқушылардың дипломдық жұмыстарына жетекшілік жасайды. Жумабикенің өткізген сыныптан тыс шаралары туралы айтатын болсақ, 2009 жылдан бастап, «Кәсіби шеберлік», «Мамандығым-мақтанышым» байқауларының ұйымдастырушысы және байқауға студенттерді дайындауда үлкен еңбегін сіңіріп жүрген шебер.  Жумабике Мергентаевнаның еңбек жолындағы жетістіктер:

2012ж. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Тақырыбы: «Техникалық және кәсіптік білім берудің проблемалары мен перспективалары» МПТК.

«Кәсіби шеберлік–2012» колледжішілік байқауынан «Бас жүлдені» иеленген 80 топ –Мадақтама.

2013ж. «Кәсіби шеберлік–2013» колледжішілік байқауында 1 орын иеленген 97 топ – Мадақтама грамота.

2014ж. «Кәсіби шеберлік–2014» колледжішілік байқауында 3 орын иеленген 101 топ – Мадақтама грамота.

2014ж.«Білім–ер азығы, ал ер–ел азығы» атты колледжішілік студенттік ғылыми-практикалық конференция, ЖҚКжЖТК.

2015ж. Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция. Тақырыбы: «Жастар және Ғылым. Инновациялар,ой-пікірлер,ізденістер», ЖМжГК.

2015ж.Облыстық ғылыми-практикалық конференция. Тақырыбы: «Тәуелсіздік жетістігі: ұсыныстар мен сабақтастық», Маңғыстау гуманитарлық колледжі МКҚК.

2015ж. «Волейбол жарысы-2 курстар арасында» 3 орын иеленген 2-СД-13 тобы – Мадақтама грамота.

2016ж. «Тәуелсіздік жетістігі: ұсыныстар мен сабақтастық» облыстық ғылыми-практикалық конференция, «Сертификат».

2016ж. №3(19) «Зияткер» журналы, «Кәсіптік білім беру үрдісінде жаңа  талапқа сай маман даярлау –бүгінгі күннің өзекті мәселесі» мақала.

2016ж. Маңғыстау облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы.

2015-2016 оқу жылында облыс көлемінде өткізілген «Кәсіптік білім беру үрдісінде жаңа  талапқа сай маман даярлау –бүгінгі күннің өзекті мәселесі» тақырыбындағы облыстық семинарда «Бұрғылау қондырғысының жер үсті жабдықтары» атты панорамалық сабағы «жақсы» деген бағаға ие болды. «Бұрғылау қондырғысының жабдықтары» тақырыбындағы арнайы пәнін оқытуға арналған көмекші құралы облыстық әдістемелік кеңесте бекітілді.

Жумабике Мергентаевна ұзақ жылдар қаламыздың білім саласының дамуына өз үлесін қосып келе жатқан мәртебелі ұстаз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *