Калыева Ерсин Алтынбековна


Аты-жөні :Калыева Ерсин Алтынбековна

Қызметі:Арнайы пән оқытушысы

Жұмыс орны :«Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі» МКҚК

Мекен жайы :Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,  «Көктем – А» шағынауданы

Педагогикалық тәжірибесі: 31 жыл

Санаты:Жоғары біліктілік санат

Марапаттар:2016ж. Маңғыстау облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы

Педагогикалық өмірбаяны

Қалыева Ерсін Алтынбекқызы Жаңаөзен  қызмет  көрсету  және  жаңа  технологиялар  колледжінде  арнайы пән оқытушысы болып қызмет атқарады. Жоғары біліктілік санатты, жалпы педагогикалық өтілі – 32 жыл, аталған білім беру ұйымындағы еңбек өтілі – 23 жыл. Білімі – жоғары, М. Тынышбаев  атындағы  Қазақ көлік  және  коммуникациялар  академиясынын   инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.

Ерсін Алтынбекқызы – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын,  жұмысына тиянақты жан. Оқушыларын пәніне қызықтыра біледі, әрбір күнделікті сабағында жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана біледі. В.Ф.Шаталовтың «Тірек сигналдары», Ж.А.Қараевтың «Деңгейлеп-саралап оқыту» технологиясын, В.Дьяченконың «Ойын арқылы оқыту» технологияларын өз сабақтарында кеңінен қолданып келеді. Атап өтетін болсақ, автомобиль құрылысы пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтарына арналған технологиялық нұсқау карталар жинағы (әр тақырып бойынша жасақталған), тірек-сызба кестелер жинағы, арнайы технология пәнінде кездесетін анықтамалықтар жинағы, әр тақырыптарға байланысты бейне таспа, электронды оқулықтар, слайд және т.б. материалдар жинағын қолданады. Ерсін Алтынбекқызы «Көшеде жүру ережесі», «Сіз автомобильді білесіз бе?», «Анықтамалықтар», «Технологиялық – нұсқау карталар  жиынтығы» тақырыбында мұғалімдер мен оқушыларға арналған әдістемелік құралдарын жазып, ол жұмыстары колледж және облыстық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты тарапынан мақұлданып, бекітілді. Сонымен қатар, әдістемелік кеңесте «Тест» жинақтары талқыланып, бекітілді.

* 2009-2010 оқу жылында республикалық «Автомобиль транспортына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және қолдану» атты семинарға қатысты.

* 2012-2013 оқу жылында «Үздік  топ  жетекшісі – 2012»  байқауында  ІІІ орын.

Ұстаздың жеткен жетістіктері, тынымсыз еңбегі дер кезінде бағаланып, өз  шеберлігіне  сай  марапаттаулары  да аз емес. Атап  айтсақ:

1.2002 жылы №3 кәсіптік- техникалық мектептің 35 жылдық  мерекесі қарсаңында  Жаңаөзен қала  әкімінің  «Алғыс хаты».

2.2003 жылы Маңғыстау облысы білім департаментінің  «Құрмет грамотасы»

3.2009 жылы «Көшеде жүру тәртібі» атты әдістемелік құралы облыстық әдістемелік кабинетте бекітілді.

  1. 2009 жылы «Сіз автомобильді білесіз бе?» атты әдістемелік құралы облыстық әдістемелік кабинетте бекітілді.

5.2012 жылы жастар мен студенттерге берген білімі, көрсеткен үлгі өнегесі үшін Жаңаөзен кәсіптік лицейінің «Алғыс хаты».

  1. 2013 жылда «Маңғыстау облысына – 40 жыл»  медалі белгісімен  марапатталды.
  2. 2015жылы «Үздік педагог» сайысына қатысты.

8.2015ж. «Менің Педагогикалық мамандығым» атты Ү Халықаралық педагогикалық шеберлік конкурсында «Педагогикалық біліктілікті жетілдіру» номинациясы бойынша  І орынға ие болды.

  1. 2015-2016 жылы облыс көлемінде өткізілген «Кәсіптік білім беру үрдісінде жаңа талапқа сай маман даярлау –бүгінгі күннің өзекті мәселесі» тақырыбындағы облыстық семинарда шығармашылық есебін қорғап әріптестері тарапынан «өте жақсы» деп бағаланды.

Калыева Ерсін Алтынбекқызы  кәсіби  білімді  маман  даярлауда  аянбай  еңбек  етуде.  Өз  мамандығы  бойынша  әртүрлі  ашық  сабақтар  мен  мағыналы  тәрбиелік  шаралар  өткізуде  алдына  жан  салмайтын  майталман  маман  деуге  тұрарлықтай  кәсіби  шеберлігі  мол,  мақтаулы  ұстаз. Әріптестері Қалыева Ерсіннің алдағы уақыттарда  да өз мамандығының майталманы атанып, биік белестерді бағындыратынына сенеді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *