Әуежай қызметі. Күрделі cөздер. Қос сөздер


 СҚО,Петропавл қаласы

«№ 42 орта мектеп» КММ  Сынып:11

қазақ  тілі мен әдебиеті мұғалімі 

  Жұмабаева Самал Екпінқызы

                   

                           Сабақтың тақырыбы:      Әуежай қызметі. Күрделі cөздер. Қос сөздер  

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік:оқушылардың әуежай қызметі туралы білімдерін кеңейтіп, грамматика саласынан білімдерін тереңдету,  алған білімдерін қолдануға төсілдіру.

Ә)  дамытушылық :  оқушының ауызекі сөйлеу тілін  дамыту, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету, сөздік қорларын кеңейту, сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстырып құрмалас сөйлем құруға баулу.

Б) тәрбиелік : туған жерінің тарихи жерлерін  құрметтеуге   тәрбиелеу

Сабақтың түрі: дәстүрлі, жаңа білім беру

Көрнекілігі:  интерактивті тақта, суреттер, карта

Пәнаралық байланыс:  Қазақстан тарихы

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,  сөздікпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс, тапсырмалар орындау.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: * Оқушылармен амандасу, түгендеу.

* Сабаққа деген дайындықтарын тексеру,кезекшімен  сұхбаттасу.

  1. Үй жұмысын тексеру:*Ұшақ қаіупсіздігі туралы айту *сөздік қорларын анықтау
  2. Білімдерін жан-жақты тексеру: * Сұрақтарға жауап беру:

– Көліктің түрлерін білесің бе? Ұшақтардың  қандай түрлерін білесіңдер?

Топқа бөліну:   оңтүстік, солтүстік ,шығыс, батыс сөздері арқылы бөлу/ сөздер қағазға жазылған,таңдап алу арқылы топтар құрылады/

  1. Білімді меңгерту.

Мәтінмен  жұмыс істеу:

Сөздік жұмыс істету:

1) таныс сөздерді тауып аудару,

2)жаңа сөздерді теріп жазу, аудару :

әуежай, жолаушылар, айлақ, құрлықаралық, ұшақ,  ереже, тасымалдау

3) Мәтінді түсініп оқу, түсінгендерін  постерге жазып, суреттеп,сыныпқа түсіндіреді.

Аэропорт, әуежай – әуе көлігі құралдарымен тұрақты түрде жолаушыларды, жүк пен пошта тасымалдауды қамтамасыз етуге арналған кәсіпорын. Бұл ұғым гректің aer – ауа, француздың port және латынша portus, яғни айлақ деген екі сөзінің бірігуінен шыққан. Құрамына аэродром, аэровокзал, т.б. ғимараттар, техникалық қызметтер, құрал-жабдықтар енеді. Жабдықталу және тасымалдау дәрежесіне қарай халықаралық және жергілікті аэропорттар болып ажыратылады. Аэропорттың негізгі бөлігі – аэродром.

Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларында аэропорт бар. Алматы аэропортында тәулігіне, орташа есеппен 4 мың (жаз айларында 6,5 мыңға дейін) жолаушыға қызмет көрсетіледі

Ұшақ, (аэроплан) — қозғалтқыш арқылы атмосферада ұшуға арналған, қозғалмайтын қанаты бар, ауадан ауыр ұшу аппараты. Қолдану мақсатына сәйкес ұшақтар азаматтық және әскери ұшақ болып ажыратылады. Азаматтық ұшақтарға көліктік (жолаушылар таситын, жүк таситын, т.б.), спорттық, туристік, а. ш. жұмыстарына арналған, т.б. арнайы мақсаттық ұшақтар жатқызылады. Көліктік ұшақтар ұшу жолының ұзындығына орай құрлықаралық, магистралдық, жергілікті желі ұшақтарына топталады. Әскери ұшақтар көліктік, байланыстық, санитарлық, т.б. болып бөлінеді. Ұшақтардың ұшу жылдамдығының артуы оның ұшу-қону жолын ұзартады. Қазіргі кезде тік көтеріліп ұшатын әрі тік төмендеп қонатын ұшақтар кеңінен қолданылады.

4) Ережені еске түсіру, мысалдар келтіру, тапсырманы орындау

*** Бұл сөздерден біріккен сөздерді қос сөздерді теріп жазып, сөз құрамына талдау.

Асқазан, жан-жануар, күні-түні, қосаяқ,асықжілік, он бес, қолөнер, өнеркәсіп, Айнабұлақ, бозторғай, ащы ішек, әрқашан, биік- биік Алатау, Ұлытау,Оқжетпес, Тянь-Шань Петропавл, Көкшетау, Теміртау, Екібастұз, Жолбарыс, тауешкі, ақбөкен.

  1. Білімді бекіту:

Тапсырмалар:

*  күрделі сөздермен  сөз тіркестер құрып жазу

**     сөз тіркестерді құрып, оларды басқа сөздермен жазу

***     сөздерді теріп жазу, сөз құрамын анықтау

  1. Қорыту: 1) тапсырма: мазмұнын айту .    2)  сұрақ -жауап арқылы мәтін бойынша  сөйлесу.

Үй жұмысы : Әуежай қызметі туралы әңгіме жазу ,сөздерді,ережені  жаттау.                     

  Бағалау. Қоштасу.

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *