Сабақ “Жарық көзі, түстің сипаттамасының өзгеруі, түстер үйлесімділігі”


      Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің

өндірістік оқыту шебері 

Баданова Айгүл  Бекмағамбетқызы

 Сабақтың білімділік мақсаты: теориялық сабақта алған білімдерін бекіту, жарық көзінің түстерге әсерін, түстерді таңдап, үйлестіре білуге үйрету

Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушылардың творчестволық ізденістерін, шығармашылық қабілеттерін  дамыту

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: талғампаздыққа, өз уақытын үнемді пайдалана білуге, жауаптылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың материалдық-техникалық жабдықтары:  қалам, сызғыш,қайшы, өшіргіш, акварель бояулары, түрлі түсті карандаштар, циркуль, түсті қағаздар, слайд материалдары, А4 форматтары.

 Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі: 8.30-8.35

1.Оқушылардың  сабаққа қатысуы мен дайындықтарын тексеру

ІІ.Кіріспе нұсқау: 8.35-9.20

1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

2.Өткен сабақты еске түсіру мақсатында  жалпылама сұрақтар қою:

-Композиция дегенді қалай түсінесіз?

-Симметрияға түсінік беріңіз

-Ассиметрияға түсінік беріңіз

-Динамикаға анықтама беріңіз?

-Статика нені білдіреді?

-Метр деген не ? Тақтада бірнеше архитектуралық ғимараттардың суреттері ілінген. Соларға қарап мысал келтіру қажет.

-Ритм деген не? Тақтадағы суреттерден мысал келтіріңіз

-Суретте көрсетілген композициялардың орындалу жолдарын айтып беріңіздер. Әр студент алдын-ала таратылған тапсырмаларға қарап ,композицияда қандай элементтер қолданылғанын айтып беруі қажет

ІІІ.Жаңа сабаққа нұсқау беру

Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында алдын-ала дайындалған слайд материалдарын пайдаландым.

  1. Бейненің оптикалық өзгеруі. Жарық көзінің заттардың, денелердің табиғи түсіне әсерін түсіндіру. Жарықтың мезгілге байланысты өзгерісіне қарай түстерді таңдау. Жарық әсерінен түстер сипаттамасының өзгеруін түсіндіру.

Кез келген заттың өзіне тән түсі болады. Мысалы, піскен лимон — сары, апельсин – тоқ сары, қияр – жасыл. Әр заттың табиғи түсі жарық жақсы түсіп тұрса анық көрінеді, ал егер жарық ауысқан кезде заттың түсі өзгеріп, қараңғылықта мүлдем көрінбей қалады. Яғни жарық затты және оның түсін көрнекті ете алады.

Табиғи дене түсі үш қасиеттерден тұрады.: 1) табиғи түс; 2) сәуле арқылы өзгеріске ұшыраған түс; 3) қанық немесе қанық емес түс.

Табиғи түс дегеніміз – табиғи жаратылыс түсі. Мәселен, күзгі жапырақ – сары, жер – қоңыр. Екіншісі , күн сәулесінің әсерінен өзгеріске ұшыраған түс. Өзгеріске ұшыраған түс дегеніміз – күннің әрбір мезгілде табиғи түстерінің өзгеруі. Нақтылап айтсақ, таң мезгілде ағаш көкшіл, түсте жасылға айналады, ал кешкі күн батарда сарғыш қызыл түске боялады.

  1. Түстердің түрлері, яғни ахроматикалық және хроматикалық түстер туралы мағлұмат беру. Ахроматикалық (түссіз) – ақ, сұр, қара. Олардың өздеріне тән түстері жоқ, бір-бірінне ашықтықтығымен ғана ажыратылады. Соған қарамастан бұл түстердің үлкен бейнелеушілік мүмкіндіктері бар. Адам көзі ақ түс пен қара түстің арасында бірнеше 300-400 түс белгілерін ажырата алады.

Қара, ақ, сұр түстерден басқа түстердің барлығы хроматикалық түстерге жатады. Яғни олар түсті болып келеді.

Ең негізгі түстер – қызыл, сары, көк осы түстердің көмегімен басқа түстерді шығарып алуға болады. Қосымша түстерді басқа түстерді қосу арқылы алады: қызыл және сары түс тоқ сары түсті береді, сары және көк түс жасыл түс береді, көк және қызыл түс күлгін түс береді,

 

  1.  Түстердің адамдарға тигізетін психологиялық, психофизиологиялық әсері. Түстерді салыстыру арқылы адам көзі түстерді әрқалай қабылдайды. Мысалы, сары квадратты ақ және қара фонға орналастырып көрейік. Ақ фонға орналасқан сары квадрат қанықтау көрінеді ,әрі жылылық береді. Ал, қара фонға орналасқан сары квадрат өте ашық көрінеді және суық әсер береді.

Толығырақ…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *