Калиева Жанар Кенжебаевна


Аты-жөні:Калиева Жанар Кенжебаевна

Қызметі:Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жұмыс орны :«№2 Новоишим орта мектебі» КММ

Мекен жайы :Солтүстік Қазақстан облысы  Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Новоишим селосы

Санаты:Жоғарғы

Педагогикалық өтілі: 27 жыл

Марапаттар:2015ж-АББ-нен мадақтама, 2016 ж.-Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен VII республикалық Махамбет оқуларының облыстық кезеңіне оқушыны сапалы дайындағаны үшін алғыс хат, 2016ж.–Қазақ халқының этнографиясы бойынша РҚО-ның жеңімпазы-3 дәрежелі диплом.

Педагогикалық өмірбаяным

Мен, Калиева Жанар Кенжебаевна 1968 жылы 14 наурызда Ақмола облысында  туғанмын. 1985 жылы орта білім алып, Алматыға оқуға тарттым.                                       1985 жылы   Қазақтың Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді педагогикалық интитутына түсіп, 1990 жылы аталған институттың толық курсын қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бойынша   бітіріп шықтым. Мектептегі еңбек жолымды Ақмола  облысы, Жақсы  ауданы, Ешім ауылындағы  Ешім  орта мектебінде 1990 жылы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті  мұғалімі болып бастадым. Ал, осы мектепте 1999 жылдан бері жұмыс жасап келемін.

2011ж. «12 жылдық білім беруге көшу жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудың мазмұнын жаңарту мәселелері» тақырыбында Солтүстік Қазақстан педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында өз білімімді көтердім,                  №3, 2012ж. «Ашық сабақ. Факультативті сабақтар» атты республикалық әдістемелік журналында «Біз осы Ғабит Мүсіреповті білеміз бе?»  2013ж. Қазақстан мұғалімдерінің интернет-қоғамдастық Педагог.kz cайтында «Лексикадан өткенді қайталау» ашық сабақтар, 2014ж. Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курстарын аяқтадым, 2015ж. облыстық «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқытудың интерактивті әдістері арқылы тілдік білім сапасын жетілдіру» атты семинар-тренингке қатыстым, «Обьектив арқылы білім беру» сырттай аймақтық байқаудың облыстық кезеңіне қатыстым,«Жүзден жүйрік» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық байқауының бірінші  іріктеу турының жеңімпазымын және екінші турына қатысушымын. OQU-ZAMAN.KZ қосалқы білімді сайтында  «Тәуелсіздік-ел тірегі» ҚР-ның Тәуелсіздік күніне арналған ашық сабағым 3993 бетте, «Бауыржан Момышұлының «Жауынгердің тұлғасы» 4591 бетте, «Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасы 4594 бетте, «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» 4601 бетте ашық сабақтар жарияланғанын растайтын сертификаттар, 2015 ж.-Ауданның білім беру саласындағы шығармашылық еңбегі мен өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін мадақтама, жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен VII республикалық Махамбет оқуларының облыстық кезеңіне оқушыны сапалы дайындағаны үшін алғыс хат,                2012-2016 жыл аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша РҚО-на тұрақты қатысушымын,2016ж.-Қазақ халқының этнографиясы бойынша РҚО-ның жеңімпазы-                            III дәрежелі диплом. Оқушыларым олимпиадалар мен байқауларға белсенді қатысушылар және жеңімпаздар: 2012 ж. қазақ әдебиеті бойынша ҚИО-нан мектептер арасында жақсы нәтиже, 1 түлегім-Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша грантта оқиды, 2013 ж. қазақ тілі  бойынша РҚО-ның жеңімпазы және II дәрежелі диплом, күміс жүлдеге сай нәтиже,  «Егемен Қазақстан» байқауының жеңімпазы және «Қазақ гуманитарлық заң университеті» өз таңдаған мамандығы бойынша 10% мөлшерде білім жеңілдігіне құқығы бар екендігін куәландыратын, қазақ тілі бойынша РҚО-нан күміс жүлдеге сай нәтиже, 2014 ж. қазақ әдебиеті  бойынша РҚО-нан үздік нәтиже және ең жақсы нәтиже, «Ақ бота-2014» интеллектуалдық марафонында III орын алғаны үшін диплом, Қазақстан Республикасының жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарындағы 12-17 жастағы білім алушылардың арасында қашықтықтан өткізілген тұңғыш президент  күніне арналған «Менің елімнің көшбасшысы» тақырыбындағы республикалық сырттай байқауға қатысушы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің және III дәрежелі диплом, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізген «Тәуелсіздік деп соғады…» атты облыстық мүшайрасында «Тәуелсіздік-тұғырым» номинациясы бойынша диплом, жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен VII облыстық  Махамбет оқуларында «Тартынбай сөйлер асылмын…» номинациясы бойынша I дәрежелі диплом және қазақ тілі пәні бойынша РҚО-ның жеңімпазы-III дәрежелі диплом.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *