Ашық сабақ “Қазақ халқының музыкалық аспаптары”


Солтүстік Қазақстан облысы,Петропавл қаласы.
«Өнер колледжі – музыкалық – эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға
 мамандандырылған мектеп – интернаты» КММ
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Мазина Ляззат Нұргелдіқызы

Музыка аспаптары – презентация

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ұлттық аспаптары жөнінде мағұлмат беру.

2.Дамытушылық: Тақырыпқа байланысты тіл байлықтарын , сөздік қорларын дамыту, танымдық қызығушылықтарын арттыру.

  1. Тәрбиелік: Бабаларымыздан қалған мәдени мұраларымызды қадірлеуге, дәріптей білуге үйрету.

 

Сабақтың түрі:  Интерактивті сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ–жауап, кластер құрастыру, тыңдалым, жазылым.

Сабақтың көрнекілігі:  Суреттер, кесте, слайдтар, кластер

Пән аралық байланыс:  Музыка, әдебиет, тарих.

Сабақтың барысы:

  1. Ой түрткі.

Қазақ халқының қандай ұлттық аспаптарын білесіңдер?

Олардың көпшілігі неден жасалады?

Өздерің қандай аспаптарда ойнайсыңдар?

Бүгінгі сабағымызда осы музыка аспаптары  жөнінде білімімізді толықтырамыз.

Сөздікті оқып, сөздік дәптерлеріне дәптерлеріне жазады.Сөздермен ауызша сөз тіркестері мен сөйлемдер құрайды.

Үн – звук, голос

Көзбе-көз – с глазу на глаз

Жіктелу – классифицировать

Ішекті аспап – струнный  инструмент

Үрмелі аспап – духовой инструмент

Дабылды-шулы аспап – тревожно-шумный инструмент

Сарнамалы аспап – заунывный инструмент

Ең кең тараған – самый распрастраненный

Кәсіби өнер – профессиональное искусство

Мәтінді оқып, көп нүктенің орнына тиісті әріптерді арнаулы қаламмен қойып жазыңдар және аударыңдар.

                                   Қазақ халқының  музыкалық аспаптары

Муз…ка аспаптарын…ң мұражайлар… көптеген елд…рде бар. Қазақ мызык… аспаптары мұр…жайында «өлі» экспонат ж….қ. Мұнда әр музыкал…қ асп…птың үнін естуге, ойнау тәсіл…мен көзбе-к….з танысуға мүмк…ндік жасалған. Муз…калық асп…птардың ойналау с…патына, дыбысына қарай төрт т…пқа жіктелген. Ішекті асп…птарға домб…ра, қ…быз, сазгер, жетіген, адырна жатқызылса, үрмелі асп…птарға с…бызғы, керней, сазс…рнай, уілдек, қамыссырнай, үскірік ж…. тқызылады. Ал дабылды-шулы асп…птар т…бына дабыл, тоқылдық, асатаяқ, қоң…рау, дауылпаз және тұяқтас жатады. Сарнамалы аспаптарға ауызсырнай, сырнай ж…тқызылады.

Сабақты түсіндіру үшін сызба, суреттер қолданылады.Суреттегі аспаптарға сипаттама беріледі(слайд)

Новый рисунок (5)

-Енді осы аспаптардың жеке –жеке  қалай дыбысталатынын тыңдап көрейік.

(Үнтаспадан әр түрлі аспаптарда орындалған шығармалардан үзінділер тыңдалады)

Сабақты бекіту үшін келесі жаттығулар орындалады.

Сәйкестігін табыңдар:

Ішекті аспаптар –                                                домбыра

Үрлемелі аспаптар –                                           сыбызғы

Дыбылды шулы аспаптар –                               дыбыл

Сарнамалы аспаптар –                                       сырнай

қобыз

сазсырнай

асатаяқ

шертер

Берілген сөздер қатарынан артық сөздерді табыңыздар.

  1. Домбыра, қобыз, сырнай, жетіген, адырна
  2. Сыбызғы, керней, сазсырнай, қоңырау, үскірік
  3. Дабыл, тоқылдақ, асатаяқ, сазген, дауылпаз

Сөйлемдерді кезектес салалас құрмалас сөйлем балатындай етіп аяқтаңдар.

  1. Олар бірде домбырада ойнайды,….
  2. Домбырашылар күйді кейде баяу ойнайды, …
  3. Домбыра бірде екі шекті, ….

Сұхбаттасу.

– Саған қандай қазақ музыкалық аспабы ұнайды?

– Маған барлық аспаптар ұнайды, себебі олардың үндері әр түрлі

– Музыкалық аспаптар неше түрге бөлінеді?

– Төрт түрге бөлінеді: ішекті аспаптар, үрлемелі аспаптар, дабылды-шулы аспаптар, сарнамалы аспаптар

– Ішекті аспаптарға қандай аспаптар жатады?

– Домбыра, қобыз, сазген, жетіген, адырна жатады

Оқушылар 4 топқа бөлініп кластер құрастырады.

Оқушылардың білімдері бағаланады.

Үй тапсырмасы:

III деңгей  Музыка аспаптарының түрлері мен атауларын жаттап келу.

II  деңгей  Мәтіннің мазмұнын әңгімелеу.

III деңгей  Сабақтан алған білімдерін қосып әңгіме жазып келу.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *