Ашық сабақ “Сызықтық алгебра элементтері (бекіту сабағы)”


Амержанова Шынар Ботиевна

Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы

Сабақтың мақсаты:

  Білімділік: Студенттердің алған білімдерін жинақтау, жүйелеу, қорытындылау, формулаларды, тәсілдерді пайдаланып есептер шығару.

 Дамытушылық: Теңдеулер жүйесін әртүрлі тәсілдерді пайдаланып  шеше білу  дағдыларын қалыптастыру, өздігінен жұмыс жасау, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту,  жетілдіру.

 Тәрбиелік:  Студенттерді ұқыптылыққа, еңбектенуге,  шапшаңдыққа, бірлесіп жұмыс істеуге, нақтылыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:    бекіту және жүйелеу

Сабақтың әдісі:     топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:   тақта, формулалар, компьютер, проектор, слайд, үлестірмелі парақшалар,   оқу әдебиеттері.

Пән аралық байланыс: геометрия, тарих

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. (3 мин) (Амандасу, топта психологиялық ахуал туғызу)
  2. Үй тапсырмасын тексеру. (7мин)
  3. Өтілген тақырыпты меңгергенін тексеру. (47мин)

а) Топтық жұмыс. Әр топ теңдеулер жүйесін шешудің әдістерін  түсіндіреді және сол әдісті пайдаланып берілген жүйені шешеді.

б) Теориялық білімдерін тексеру. Әр топқа тапсырмалар беріледі. (Слайд 5-7)

Оң және сол бөліктерде тұрған тұжырымдарды сәйкестендіріп, ортадағы бағанға сәйкес санды қойыңдар.

в) Миға шабуыл.   Әр топқа дидактикалық тапсырма беріледі. (Слайд 8-10)

Әрбір жауапқа бір әріп сәйкес келеді. Алынған жауаптарды өсу  ретімен орналастыр. Жауаптар дұрыс болса, онда вертикаль бағанда   математик- ғалымның фамилиясы шығады.

г) «Кім қырағы»   Формуланың бір бөлігі берілген, екінші жартысын тап.

  1. Үйге тапсырма беру -5мин
  2. Бағалау -5мин. Бағалау парағы таратылып, әркім өз ұпайын қойып отырады.Сабақ соңында ұпайлар саналып, өздеріне баға қояды. Жауап беріп, белсенді болған оқушылар ерекше аталады.
  3. Рефлексия -3мин

 

Толығырақ… 

Көшіру…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *