Тәрбие сағаты: «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл»


Бактыбаева Гулшат Джумабаевна, Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінің өзін-өзі тану оқытушысы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған «ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 25 ЖЫЛ!» атты концерттік кеш

Мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру.

Сахна патриоттық үлгіде безендірілген. Түрлі түсқағаздар, шарлар ілінген. Сахнада патриоттық ән шырқалып тұрады. Ортаға екі жүргізуші шығады.

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, студенттер  және қонақтар!

2-жүргізуші: Бүгінгі тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл!» атты концерттік    кешімізге қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына тапай бір шындық,
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Қайғы езіп елдің еңсесін,
Жаншыды-ау жанын батпан күш.
Енді қайтіп келмесін,
Сол бір қарғыс атқан күн!

2-жүргізуші:

Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып, 25 жылда жеткен жетістеріміздің айшықты көрінетін мейрамы. Сондықтан да бұл күні Тәуелсіздік жолындағы арпалыстың азапкерлері мен қаһармандары ойға оралатыны сөзсіз.
Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, ат үстінде өткен кезеңдер көп болды. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай қиыншылықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашан да мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Барлығымыз сахнаға назар аударыңыздар.

(Саханда Тәуелсіздік туралы бейнероликтер көрсетіледі)

1-жүргізуші:

Бабадан қалып жеткен көрегендік,

Еркіндік жастығында өлең өрдік.

Арқалап аманатын келіп жеткен, 25 жыл!

Құтты болсын егемендік! –дей келе сахнаға  ______________орындауында ___________ әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік – ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан – жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан – Гүлстан!

1-жүргізуші:

Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, – деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз – өзінен жүрегім ән салады.

Сахнада «________» дуэтінің орындауында ән «____________» қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші:

Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер,

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,

Сарылып сал-сері кеткен жер.

Бас иіп, иіскеп топырағын

Тағзым жасамай өтпеңдер – деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай келесі кезекті колледжіміздің  ақындарына берсек. Шабыттарына от тиіп, жалындай түссін.

(ақындар тәуелсіздікке арнау өлеңдерін оқиды)
1-жүргізуші:

Ой рахмет! Шабыттарыңыз шарықтай берсін, ақындар! Ал құрметті ұстаздар, студенттер өлеңге сусындап алған болсаңыздар, ортаға мың бұралған бишілерді шақыруға рұқсат етіңіздер. (Ортаға шығып қыздар би билейді)
2-жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік- ел бақыты, ертеңі,

О, халайық, құтты болсын қуаныш!

Қазақстан қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.

1-жүргізуші

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық,

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Қайғы езіп, елдің еңсесін

Жаншыды-ау жанын батпан күн!

Сахнаға колледжіміздің Өзін-өзі басқару тобының дайындаған көрінісін тамашалаңыздар.

2-жүргізуші:

Туған жерім Қазақстан байтақ елім.

Туып өстім тәй бастым қастерледім,

25 жыл, тәуелсізбін, дербеспін!

Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім,

Бостандығым ғасырларға жалғасқан,

Қазір, міне артта қалды келмес күн.

Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,

25 жасың құтты болсын нұр елім-дей келе бүгінгі концерттік кешімізді колледж студентті ____________орындауында «Қазақстан» әнімен аяқтаймыз.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *