Қазақ тілі сабағы “Астана .Бәйтерек. Құрмалас сөйлем”
Қазақ тілі мұғалімі Аманжолова Рахия Ғазизқызы
Петропавл қ.
«№42 орта мектеп» КММ
Сынып: 8 «А»
Сабақтың эпиграфы:
… Астана өзі де әлемге танылды және елімізді де әлемге танытты. Н.Ә.Назарбаев
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Елордасы Астана қаласы туралы жан-жақты мағлұмат беру, білімдерін кеңейту, тапсырмалар арқылы бекіту, сұрақтарға жауап беру, жаңа сөздерді меңгеру.
2.Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу, әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу тілін дамыту, оқушылардың көру, есте сақтау, тыңдау, танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру, ауызша – жазбаша сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.
3.Тәрбиелік: Отанын, халқын, жерін сүюге, елін құрметтеуге баулу, патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: Баяндау, мәтінмен жұмыс, мәнерлеп оқу, ойлау, іздену, сұрақ – жауап, , көрнекілік әдіс, сөздіккпен, мәтінмен жұмыс, оқушы білімін тексеру, топпен, жеке оқушымен және ұжыммен жұмыс, модульдік оқыту (үш деңгейлік оқыту тапсырмалар), тіл дамыту жұмысы.
Пәнаралық байланыс: тарих, жағрафия, орыс тілі, , әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: Астана қаласының көріністері туралы бейне – слайд, ҚР картасы, интерактивті тақта, кесте, сызба.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіздер ме?
Ой қозғау.
Міндеті: оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту, белсенділігін, білімге деген құштарлығын арттыру, суреттер арқылы саяхаттың қай қалада өтетінін табу.
> Балалар, бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес. Бүгін біз саяхат жасаймыз.
Саяхат қай қалада өтетінін мына суреттер арқылы табасыңдар. Интерактивті тақтада слайд арқылы тарихи мәні бар құрылыстар мен ескерткіштердің атауларын айтып, ой шығарады.
1.Сызба.
сонда балалар осы панорамада қай қаланың бейнесі көрсетілген екен?
> Астана қаласының
> Дұрыс. (Ортадағы карточканы аударғанда Астана деген сөз пайда болады)
> Дәптерге бүгінгі күнді, тақырыпты жазамыз, аударамыз.
Екінші дидактикалық кезең.
Жаңа сабақты өту.
Міндеті: оқушылардың ауызша сөйлеу тілдерін дамыту.
1. – Астана қай елдің елордасы?
– Астана Қазақстанның Елордасы.
2. – Қазақстан қандай мемлекет?
* Қазақстан тәуелсіз, егеменді, көпұлтты мемлекет.
3. – Мемлекеттік тіл қандай?
* Мемлекеттік тіл қазақ тілі.
4. Мемлекетіміздің Президенті кім?
* Президентіміз Н.Ә.Назарбаев.
* Дұрыс айтасыңдар.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана қаласы туралы айтылған мынадай сөздері бар (Сөз оқытылады) «Астана өзі де әлемге танылды және елімізді де әлемге танытты» – деген. Осы айтылған сөдерді аударайық.
«Астана прославилась всему миру, а также прославила свой народ» деп аудардық. Енді түсінгенімізді айтамыз.
1. Оқушы: Біздің елімізді бүкіл әлем біледі. 2. Оқушы: Астана – Еуразияның
орталығы. 3. Оқушы: Президентіміздің қолдауымен мемлекетіміз бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуда.Рахмет балалар. Дұрыс айтасыңдар. Осы қанатты сөздерді дәптерлеріңе жазып алыңдар.
Үшінші дидактикалық кезең. Лексикалық тапсырма
міндеті: оқушының тіл байлығын молайту.
> Сөйлемнің ішіндегі «еліміз» деген сөзге синоним табайық.
Еліміз – Жеріміз – Отанымыз
1. Біздің елімізді бүкіл әлем біледі.
2. Кең – байтақ жерімізде көп ұлт өкілдері тұрады.
3. Отанымызда халықтар тату-тәтті өмір сүріп жатыр.
Ø «Отан» туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Ø Отан оттан да ыстық.
Ø Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
Ø Отан үшін күрес – ерге тиген үлес.
Ø Отан – елдің анасы, ел – ердің анасы.
Ø Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
Ø Осы Еліміздің, жеріміздің, Отанымыздың елордасы қалай аталады?
Ø Астана
Ø Балалар, кім Астана қаласында болды? (Оқушылар қолдарын көтереді).
Ø Жақсы.
Төртінші дидактикалық кезең.
*Қазақстанның тағы қандай қалалары астана болды? Олардың тарихына шолу
жасайық .
Сызба.
Евгения. Орынбор – тұңғыш астана. 1920 жылы Қазақстан Ресейдің құрамындағы автономиялы республика болып құрылды. Орынбор бас қала болып жарияланды. Орынбор өлкесі ол кезде қазақ жерінің құрамдас бір бөлігі болып саналатын.
Кристина. Картадан Қызылорда қаласын көрсетіп жұлдызша белгілейді. Қызылорда қаласының тарихы бай. Қызылорда XIX ғасырдың ортасында Ақмешіт бекінісі деп аталған. 1908 жылға дейін Ақмешіт кейін Перовск деп аталған. 1925 жылдан бастап Қызылорда деп аталды.1925-1929 жылдар аралығында Қазақстан астанасы болды.
Наталья. Картадан Алматы қаласын көрсетіп жұлдызша белгілейді. Алматы Қазақстан Республикасының 3 – астанасы. Алматы ең әдемі қалалардың бірі. Ол 1854 жылы бұрынғы «Алмалық» деген қазақ қыстағының орнына салынған Верный бекінісі, кейін Верный қаласы болды. 1921 жылдан Алматы қаласы деп аталды. Ал, 1929-1998 жылдарға дейін Қазақстан мемлекетінің астанасы болып саналды.
Мұғалім:- Енді балалар, Астана қаласының өзіндік тарихы бар. Оны біз сендермен алдарына берілген мәтін бойынша танысып аламыз.
Алтыншы дидактикалық кезең.
Мәтінмен жұмыс:
Міндеті. оқушылардың білімдерін кеңейтіп тереңдету.
Біздің мемлекетіміздің бас қаласы-Астана. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі.
Астана қаласы қазір қазақстандықтардың мақтанышына айналып отыр.
Қала төрінде орналасқан алып «Бәйтерек» монументі- тәуелсіздіктің символы. Оның биіктігі 97 метр. Бәйтерек монументі еліміздің кешегі мен бүгінгінің және жарқын болашағының бірегей көрінісі.
Астана қаласының өзіндік тарихы бар.
Астананың бұрынғы аты Ақмола Есіл өзені бойында 1824 жылы қаланып, әскери бекініс ретінде пайда болған. 1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болды. Қаланың негізі 1832 жылы салынған. 1961 жылы қаланың аты Целиноград болып өзгертілді.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Целиноград қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болды.1998 жылы 6 мамырынан Ақмола қаласы Астана қаласы болып өзгертілді.
а) Жаңа сөздерді меңгерту.
Жаңа сөздер:
Төрінде-в центре
Мақтаныш-гордость
жарқын болашақ-светлое будущее
Бұрынғы- давние
қаланған- основан
Жарлық – указ
Өзгертілді- изменен,переименован
Негізі-основа
Әскери бекініс-военная крепость
ә) Жаңа сөздермен сөйлем құрастыру
б) Осы мәтіннен не түсіндік, не білдік?
1. Астананың бұрынғы аты қалай аталады?
2. Қай өзеннің бойында орналасқан?
3.Әскери бекініс ретінде қай жылы пайда болды?
4. Кейін қаланың аты қалай өзгертілді?
5. Астана қаласы болып қай жылы өзгертілді?
Жетінші дидактикалық кезең.
Мұғалім: Балалар біз Астана қаласы,оның астаналары туралы толық мағлұмат алдық,енді Астана қаласымен танысып,саяхат жасайық.Бірінші баратын жеріміз,ол Астана төрінде тұрған,тәуелсіздәігіміздің символы- «Астана-Бәйтерек» кешені.
1. Ал енді « Бәйтерек» кешеніне келу үшін мәтін бойынша тірек-сызба сызайық.
( екі топқа ватман беріледі,ол ватманға екі топ «Астана» деп жазып,бір-бірінің сөзін қайталамай,қалаға сипаттама жасайды)
1 оқушы «Бәйтерек»кешені туралы мәлімет береді.
Слайд: «Астана-Бәйтерек» монументі. Меніңше, Астана қаласының ең көрнекті жері-Бәйтеректен басталады. Оның биіктігі 97 метр. Ең жоғарғы қабатына көтерілсек, біздің көз алдымызда шексіз дала көрінісі алақанда тұрғандай болып көрінеді және залдың ортасында малахит үстінде 7 килограммдық күміс қойғышта, 3 килограмдық алтыннан құйылған біздің Президентіміздің қолының таңбасын көруге болады. Келген қонақтар қолдарын қойып, тілек тілейді.
Астана-Бәйтерек монументі кешенін салу идеясының авторы Қазақстан Рспубликасының Президенті Н.Ә. Назарбаев болатын. «Бәйтерек» бейнесі-өмір ағашы деген мағынаны білдіреді. Бұл тек архитектуралық ескерткіш қана емес, еліміздің кешегі мен бүгінгінің және жарқын болашағының бірегей көрінісі.
«Тәуелсіздік » монументі туралы түсінік беріледі.
Сегізінші дидактикалық кезең.
Болашақтағы Астананы елестету.Міндеті: оқушылардың елестету қабілеттерін арттыру, сөйлеу мәдениетін дамыту. Екі топқа ватман қағазы таратылады, 1- топ Астанамызды болашақта қалай елестететінін әңгімелейді. 2-топ Астанамызды болашақта қалай елестететінін суреттеп әңгімелейді.
Мен болашақтағы Астананы былай елестетемін: Астана гүлденген жасыл бақ аясында әдемі, қайталанбас ғимараттар бой көтереді. Атап көрсеткенде, алыстан «Бәйтерек» көрініп тұрғандай оның жанында ұлттық аспап домбыра бейнесінде музыкалық аспаптар консерваториясын көреміз. Президентіміздің жаңа резиденциясы ұлттық ою өрнектермен безендірілген.
Міне, балалар, көрдіңдер ме, Астана қаласында қандай әдемі, көрікті
таңғаларлық жерлер бар.
Рефлексия:
Менің бүгінгі сабақтан алған әсерім ……………
Менің астанам болашақта …………………….
Менің астанамның дамуына қосар үлесім …………………………..
(оқушылар сөйлемдерді аяқтайды)
Үйге тапсырма:
3- деңгей: Астана туралы шағын шығарма жазу.
2- деңгей: «Астана – менің астанам» оеферат жазу.
1- деңгей Астана туралы альбом жасау.
Оқушылардың білімін бағалау.
Хронологиялық тақтаны толтыр.
алғаш іргетасы қаланды. | |
қай жылға дейін Ақмола қаласы болды. | |
Целиноград қаласы болды. | |
“Бәйтерек”монументінің биіктігі. | |
тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. | |
Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді. |
Метки: Қазақ тілі сабағы "Астана .Бәйтерек. Құрмалас сөйлем"