Көк байрағым биікте желбірей түс!


Имекенова Зауреш Куспековна Қостанай облысының, Жангелдин ауданының, Торғай селосының “Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі” КММ бастауыш сынып мұғалімі

Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Өршіл, намысшыл, елжанды, Отаншыл патриот тәрбиелеу басты парызымыз.

Тәуелсіздік таңы атып, егемен ел атанып, шекарамызды шегендеген сәттен бастап, ұлттық идея  мәселесі белсенді қолға алынды. Осы сәттен бастап,  ұстаздар қауымы да ұлттық идеямызды  шәкірттерімізге  жеткізу үшін тер төгудеміз. Ұлттық идея – туған жер, өскен орта әсерлерінен қалыптасып, халықтың тілі, ауыз әдебиеті, салт – санасы, әдет – ғұрпы, ырымдары мен тыйымдары арқылы жүйеленген  этностық сезім. Міне, өскелең ұрпақтың бойына осы құндылықтарды сіңіре алсақ,  әрбір қазақтың перзенті  болашақта  “Мәңгілік ел” орнатудың  қозғаушы күші болары   күмәнсіз. Әрине, бұл орайда сүбелі  жұмыстар жүргізу  біздің еншімізде.     Жүйткіген уақыт – ай десеңізші! Тәуелсіздік таңы атқанына 25 жылдың жүзі болып қалыпты. Бірлігіміз арқасында еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі Елордамызды тұрғыздық. Төл мерекеміз қарсаңында барлық жерде дайындыққа кіріссе, мектебімізде де  тәрбие жұмысы ертерек жанданып, сынып сағаттары да алдын – ала жоспарлану үстінде.

Бастауыш сыныпта  Тәуелсіздік батырлары Қайрат, Ербол, Ләззат сынды ержүрек аға – апаларының  ерлігін дәріптеу арқылы шәкірттерімізді отаншылдыққа  баулимыз. Тәуелсіздік аясында  “Қазақ халқы хандығына 550 жыл”,  “Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 – жыл” мерекелерінің де бірліктің арқасында  аталып өткенін тілге тиек етеміз. Тәуелсіз Қазақ елінің  Көк байрағын өз қолымен тұңғыш көтеріп, ата – бабамыз  ғасырлар бойы армандаған  тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрған  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың  аз жылдың аясында  елімізді әлемге танытқанын  оқушыларымның да түсіне білгені қуантады.

Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз киеміз. Қазақ елі Тәуелсіздігінің 25 жылдығына аяқ бастық. Осынау тәуелсіздігіміздің тұғыры бекіп, еліміз еңсесін көтерген тұста мемлекеттік тілдегі кітапханада да  біраз ауқымды істердің атқарылғаны анық. Тәуелсіздіктің тірегі, қазақ халқының қанына біткен ынтымаққа ынтызар пейілі мен бірлікке деген берекелі ниетінің өзегін насихаттау мұғалімдер қауымының басты міндеті.

 Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекетімізде тілдердің даму барысын биылғы дәстүрлі  Жолдауында «бұл – Тәуелсіздіктің орасан зор жетістігі» деп бір-ақ ауыз сөзбен жеткізген жоқ па? Әрбір қазақстандықтың көкейінде  “Тәуелсіздік бізге не берді?” деп емес, “Біз тәуелсіздікке не бердік?” деген сауал  тұруы тиіс.

Осындайда сонау Өзбекстан мемлекетінен  өз туған жеріме қалай оралғаным еске түседі. Қазақстан Тәуелсіз ел атанды. Ал, алыстағы қандас бауырларымыздың өз туңан жерімізде бас қосып, біріккеніміз   Тәуелсіздікке қол жеткізгеніміздің  бір куәсі іспеттес.Тәуелсіз – ел болу дегеніміз кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт-дәстүріңді, тіліңді, дініңді қастерлеу болатын болса, кітапханаға  жыл сайын  барып,  «Тәуелсіз Қазақстанның тарихи кезеңдері»,  «Желтоқсан – тәуелсіздіктің ұлы рухы», «Тәуелсіздік – ел тірегі», «Әр жүректе – Қазақстан» сияқты іс-шаралар арқылы   өскелең ұрпаққа ұдайы  Тәуелсіздікті насихаттап  отырдық.

Сондықтан да мен үшін Тіл мен Тәуелсіздік – егіз ұғым. Уақыт көші оза келе сол қасиетті Ана тіліміз Тәуелсіздік туына айналды. Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егеменідк ұстанымда-рын биікке көтеретін күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республика-сының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтілуде.  Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр.         Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды.

Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар, өткенге деген тағзымды са-лауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін осынау мереке күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш өмірінің негізін қалау үшін қазір де бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастыру керек.

Қоғамдық өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай келетін жаңа талаптарды алдымызға қойып отыр. Ата-бабаларымыздың жүрегінде тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр.

Елімізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, ата-бабаларымыздың қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі  рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс.Бұл еркіндік сүйгіш, патриоттық дәстүр 16-желтоқсан оқиғаларына дейін жалғасты. Осылайша бұл тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз.Біздің халқымыздың ата-мекенді ардақтау сезімі өте терең. Олар үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген қасиеті, ежелгі дәстүр. Бұл таным, біздің жанымызға ана сүтімен дарыған. Халқымыздың «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап қарасақ, ата-бабаларымыздың асқар таудай ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өне-гелі істері – елін, жерін қорғау – бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу – парыз деген ізгі мұраты екен. Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқының ауызбірлігімен аты шықты. Бүгінгі Қазақстан – өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Егемендік алған жылдар ішінде өзіне тән барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мү-шесі болып табылатын мемлекет құрылды, оның қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі қамтамасыз етілді. Конституциялық жолмен мемлекеттік және саяси билік құрылымдарын жаңарту негізінде елдің демократиялық жолмен дамудың берік іргетасы қаланды.

Елдің ішкі экономикалық жүйесі түбірімен өзгеріп, дамыған өркениетті елдердің ешқайсысынан кем түспейтін нарықтық қатынастар мен институттар құрылды. Соның негізінде Қазақстан дүниежүзілік экономикада өз орны бар елге айналды. Қазақ халқымен бірге әр түрлі этностардың да Отаны болып табылатын біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты сақтаудың, әр түрлі ұлттық мәдениеттер мен діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың жарқын үлгісін көрсетіп берді.          Бүгінде Қазақстанның негізін қазақ халқы құрайды.Одан кейін славян халықтарының өкілдері орыс және украин халықтары. Сонымен қатар ең елеулі этносты құрайтындар өзбек, немістер және татарлар. Осы біздің елдегі халықтар басын біріктіріп, олардың ұлттық тегіне қарамастан, теңдігін бекітетін құжат бар. Ол – еліміздің Ата Заңы, Конституциямыз.Тарихта талай-талай ауыртпалықты бастан кешірсе де, ешкімге басын имеген қазақ халқы қазір әлемдік дүбірге қосылып, әлем елдерімен иық тіресуде. Ендеше әрқашан да әрқайсымыздың «кішкене отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың» тәуелсіздігі нығая берсін, көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін! 1991 жыл – еліміздің «Қазақстан» деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 20 жыл да өте шықты.

Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда.

Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы – қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 20 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» – деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша  әлем танып отыр.

Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы – теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп ал­у, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің же­ріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бер­мей­ді. Мұндай істердің орындалуы – ерекше тарихи жетістік. Айта берсек 25 жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Ендеше, Тәуелсіздігімізді сақтауға үлесімізді қоса берейік!

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *