Жарнаманың адам санасына әсері


Нұрпаисов Асылхан Рудный қаласы әкімдігінің “№19 орта мектебі” КММ 3 “Ә” сынып оқушысы. Жетекшісі Саралтаева Шырынкуль Ерназаровна /бастауыш сынып мұғалімі/

Жарнама…Жарнама…жарнама… Қазіргі уақытта  осы сөзге  бәріміз  де  тәуелді  болып қалдық. Неліктен? Қазір көп  дәлел келтіре кетейін.   Иә, ойланып көріңіз,  сөзімнің бір қатесі жоқ,, қазір үлкендер де мен  қатарлы оқушылар да жарнамасыз зат алмайтын болды. Мектепте де концерт, циркті  көп жарнамалайтын болды. Цирк демекші, арыстан, жылан бар деп жарнама жасайды  қымбатқа билет алып, маймылдан басқа түк жоқ.  Түрлі сусындарды да жарнамасыз алмайтын болдық.

Мен түгіл, 3-4 жастағы кішкентайлар да жарнамадан  көрген балмұздақ, шоколадты  дүкендегі сөреден өзі танып алатын болды. Нақтысын айтсам, оқу құралдары, спорттық, мектеп формасын теледидардан жарнама жасаған дүкеннен барып алатын болдық.  Міне, жарнамаға тәуелді болып бара жатырмыз деп осыны айтып тұрмын. Бұл айтып тұрғаным күнделікті тұтынатын заттар туралы жарнама ғой. Ал, қазақ тілінде жарнама жасаймыз деп, тілімізді бұзып жатқанын айтсаңызшы! Көшелерде де сиықсыз жарнамалар көп. Автобус аялдамасында тұрғанда  қате жазылған жарнаманы көріп жүрмін. Жарнаманың кейде көмегі тиіп жатады. Жақында 2 оқитын інім достық туралы мақал таба алмай отыр еді, теледидардан “Достық алтыннан да қымбат” деген мақалды дәптеріне қуанып жазып алды.Ол мақалды байқамайтын еді, бірақ минут сайын қайталап көрсететін болғандықтан оның есіне түсіп отыр.Міне, бұл  інім үшін өте пайдалы жарнама болды. Яғни, көп ізденбей – ақ,  дайын нәрсені жазып ала қойды. Бірақ, осы мақал есінде қалды ма? Жоқ, жазды, баға алды, бітті,оны енді пайдаланбайды. Зығыр майының неден алынатынын білмей жүр еді, оны да жарнамадан көріп, оны сабағында апайына айтып берді. Егер, дайын жарнама болмағанда ол кітапханаға барып дайындалатын еді ғой. Жоқ, дайын білімді ала салды. Бұл зиян. Есте сақтау қабілеті дамыған жоқ.Өкінішке орай ұлттық  нақыштағы заттарымызды жарнамалау аз.Соның әсерінен оларға сұраныс аз.  Егер  ұлттық  заттарымызды  жарнамаласақ, міне, нағыз пайдалы жарнама.  Менің ойымша  жарнама ол саудагерлердің, немесе теледидардағы жарнама арқылы тауар өткізудің  амалы.  Ал, олар заттарын өткізсе, біз неге өз тілімізді  дәріптеп, ұлттық  дәстүрімізді неге жарнамалап көрсетпеске?                    Мектепте  пайдаланып жүрген  сырты орысша жазылған жасыл дәптерімізді айтамын да.Оны менің әке – шешем де оқыған кездерінде орысша толтырыпты. Біз неге сыртын қазақша жазып, ұлттық оюмен безендіріп, ұрлықтан,өтіріктен сақтандыратын мақал жазып, сырт жағындағы орысша сөздерді алып тастап,неге төл ережелерімізді жазып қойып жарнамаламаймыз деп ойлаймын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *