Ұлттық киімдер


Қапсамат Аягөз  Мейрамбекқызы 

Қостанай облысының “Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі” КММ тәрбиеленушісі. Жетекші 

Сабырова Светлана Ормантаевна тәрбиеші

      Ұлттық киім – бай тарихы мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырлардағы әдет-ғұрып, салт – дәстүр, халықтың хал-ахуалынан кең көлемде жан-жақты хабардар етеді. Қазақ халқының киімі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр келуімен байланысты.Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді. Қазір өзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім үлгілері сақ дәуірінен бастау алады. Қазақтардың киімді солға қаусыратыны сақ киімдерінде, орта ғасырларда түріктерде кездеседі. Көшпенділердің киім үлгілерінің тігілу және пішілу тәсілінде сабақтастық сақталған. Киімдердің етек-жеңіне рәміздік ұғымды тұспалдайтын ою-өрнек элементтерін салу, үкі тағу, жын – перілерден, пәле-жаладан, ауру-сырқаудан қорғайды, магиялық күш әсер етеді деген сенімнен туған. Кейіннен үкіні тақия, сәукеленің төбелеріне, домбыраға, бесікке қадаған. Үкінің қара қасқасын ерлер, балақ жүнінің ұлпасын әйелдер қолданған. Үкі құсын қазақ қасиетті деп білген. Ежелгі бақсылар, батырлар, сал – серілер де үкі тағып жүрген. Ұлттық киім қашанда тарихшылардың, этнографтардың, өнертанушылардың назарына болды. Суретшілер, әдебиетшілер, театр және кино қайраткерлері, сәнгерлер дәуірлер бойы сақталған ұлттық киімдер арқылы өздері жасаған бейнелерін қорландырып отырды. Қазақстан жерін мекендеген көшпелі тайпалар мен халықтардың барлығы біздің ұлттық киімдеріміздің қалыптасуына өз үлестерін қосты. Қазақ киімдерінің көшпелі халықтарға ғана тән сипаты болды. Олар өздері баққан мал өнімдерін көбірек пайдаланған.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *