Міржақып Дулатов «Қыс» (әдебиеттік оқу) 2-cынып


Шәкір Айнагүл Бахытжанқызы

бастауыш сынып мұғалімі

Гастелло орта мектебі

Жарқайың ауданы, Ақмола облысы

 

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қыс мезгілі туралы түсінік бере отырып, мәтін мазмұнын ашу, кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға бере отырып, өз көзқарасын білдіре білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қиялын, ой-өрісін арттыру, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғап, оған қамқор бола білуге, достыққа адал болуға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Оқу нәтижесі: оқушылар қыс туралы толық біледі, суреттерді сөйлете біледі.

Түйінді идеялар: оқушылар қыс мезгілі туралы айтып, суреттей білулері қажет.

Дереккөздер және жабдықтар: интерактивті тақта,оқулық,түрлі түсті маркелер, постерлер

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі:сұрақ -жауап, топтастыру,түсіндіру

•                     Ұйымдастыру:

Білімділік міндеттері: Оқушыларға психологиялық дайындық жүргізу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

Амансың ба,алтын күн!

Амансың ба, көк аспан!

Амансың ба, достарым!

Амансың ба, қонақтар!

Сабақты біз бастайық,

Білім құлпын ашайық!

Сыныпты «Молекулалар мен атомдар»тренингі  арқылы топқа бөлу. 1 топ «Қыс», 2 топ «Қар».

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Білімділік міндеттері: Оқушылардың үй тапсырмасын толық түсінікті орындағанын тексеру.

1. Балалар, біз өткенде қандай тараумен таныстық?

-Неткен сұлу , неткен көркем , осы менің туған өлкем .

2. Ол тарау не туралы айтылған ?

-Бұл тарауда Отан , туған жер туралы айтылған.

3. Қандай ақын-жазушылардың шығармаларымен таныстық?

-Жүсіпбек  Аймауытовтың «Қартқожаның  туған жері»

– Жақан  Смақовтың «Отан»

-Сәкен Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы»

-Өтебай Тұрманжановтың «Туған өлкем»

 

4. Бұл бөлімнен қандай ой түйдіңдер?

III.Қызығушылықты ояту

Сөзжұмбақ шешу

1. Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (қар)

2. Есіктен  кіреді еңкейіп,

Төрге шығады қампайып.(аяз)

3. Отқа жанбас , суға батпас.(мұз)

IV.Жаңа сабақ  «Қыс» сөзін топтастыру арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашып алу.

Білімділік міндеттері: Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру.Бүгін біз сендермен үлкен тарауды бастап оқимыз. «Қыста талай қызық бар» тарауы.

-Көз алдарыңа  не елестетеді ?

Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ деп ойлайсыңдар  ?

-Қыс

Сабағымыздың мақсатын айқындап алсақ ?

–  Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгеріс болады?

– Қыс мезгілінде қандай қызықтар бар?

– Қыс мезгіліндегі тіршілік ?

Автормен таныстыру.

Міржақып Дулатов (1885-1935) Қостанай өңірінде туған .Ақын, жазушы «Оян, қазақ» кітабын жазған.

«Қыс» мәтінімен жұмыс

* іштей оқу;

* жұппен талдау;

* топпен талдау.

* түсінгенін басқа топқа барып айту

* әр топтан бір оқушы шығып  түсінгенін айту

Сұрақ- жауап:

Мәтін мазмұнына байланысты сұрақтар:

1. Қыс мезгілі жөнінде не делінген?

2. Қыс мезгілі жануарларға қалай әсер етеді?

3. Мәтінге сүйеніп жылқышы еңбегі жөнінде әңгімеле.

Жаңа сөздермен жұмыс:

Бапсыз – жайсыз

Бек қиын – өте қиын

Жалтаң аяз – үскірік , суық аяз

Қарыған – үсіткен

V. Сергіту сәті . Интерактивті тақтаның көмегімен би билеп,сергіту жасайды.

VI. «Қарлы бұрқасын» бөгеті (адасқан әріптерден сөз құрап, сол сөздерден сөйлем құрау)

VII. «Қызықты қыс еліне» шығармашылық жұмыс

І топ  Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Қыс мезгілінде далада қандай болмақ? Суретін салу.

ІІ топ «Қыс мезгіліндегі тіршілік» эссе жазу.

IX. «Мұздық» бөгеті. Берілген ұйқас бойынша өлең шығару.

………   балалар,

……..    тебейік.

……..     жауып тұр,

……..    көрейік.

X. Топтық жұмыс

1. Жыл мезгілдерін ата. Қазір қай мезгіл?

2. Қыс айларын ата.

3. Қысқы ойындарды ата.

4. Қыс туралы өлең оқып бер.

XI. Үйге тапсырма: «Қыс» мәтінін оқу.Қысқа байланысты жұмбақ ойластырып келу.

Критерийлер арқылы бағалау.Жиынтық баға

XII. Рефлекция. Смайликтер арқылы белгілеп, жабыстырады.

 

 

 

 

Барлығы түсінікті           Жартылай түсінікті        Түсінген жоқпын

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *