Табиғи сұрыпталу – эволюцияның бағыттаушы факторы


Палжерова Улбосын Хожабековна

Тараз қаласының  КММ «№ 14 М.Мақатаев атындағы орта мектеп»

Биология пәнінің мұғалімі

Пәні: Биология

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Табиғи сұрыпталу – эволюцияның бағыттаушы факторы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларғатабиғи сұрыпталу – эволюцияның бағыттаушы факторы туралы

мағұлмат беру.

Тәрбиелілік: Оқушылардытабиғи сұрыпталу – эволюцияның бағыттаушы факторы туралы

білуг  тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардыңтабиғи сұрыпталу – эволюцияның бағыттаушы факторы

туралы   ой -өрісін  дамыту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

         Сабақтың көрнекілігі:  плакат

Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру кезеңі
 .
Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын тексеру
          II. Үй тапсырмасын тексеру. «Ырыс алды-ынтымақ»    Топтастыру  кезеңі.

Топ басшы сайланады, топтың аты қойылады.

І топ- Өзгергіштік.  ІІ топ Тұқымқуалаушылық. ІІІ топ- Табиғи сұрыпталу.

Деңгейлік тапсырмалар

І топ

  1. Өзгергіштік  дегеніміз не?
  2. Тірек сызбаны толтырыңдар: Өзгергіштіктің түрлері?
  3. Мутациялық өзгергіштік дегініміз?
  4. Мутагенез дегеніміз?
  5. Мутаген дегеніміз?
  6. Мутанттар дегеніміз?

ІІ топ

  1. Мутация терминін енгізген ғалым кім?
  2. Аикон қойлардың пайда болуы?
  3. Организмдердің ерекшеліктерін фенотипінің және генотипінің өзгеруіне қарай?

ІІІ топ

  1. Физиологиялық мутацияларға нелер жатады?
  2. Гендік мутациялар дегеніміз не?
  3. Хромосомалық мутациялар?
  4. Геномдық мутациялар ?

III. Жаңа сабақ

Бекіре балығы 50 жыл тіршілік етеді жыл сайын әрбіреуі      3-6 млн уылдырық шашады немесе үй шыбыны 5 күнде    20 мың жұмыртқа салады. Өсімдіктерде бір түп көкнәрда 10 қауашақ дамыса, онда жыл сайын жерге 30000 тұқым шашылады. Мұндай қарқынды даму, тек қолайлы жағдай болғанда ғана өніп – өсіп, тіршілігін сақтап қалады.  Түрлер неғұрлым көп қырылса, соғұрлым қарқынды дамиды, себебі қарқынды даму түрді сақтап қалудың құралы. Көп организмдер орта жағдайында орынның, қоректің, ылғалдың, жарықтың жетіспеуінен және жауына жем болудан қырылады.

Табиғи сұрыпталу дегеніміз – Өзінен

соң қалдыра алатын, белгілі бір орта жағдайына  жақсы бейімделген даралардың тірі қалуы. Тіршілігін сақтап қалу үшін табиғатта үздіксіз ұдайы тіршілік үшін күрес жүреді.

Мысалы Егер арыстан шибөрінің қорегін тартып алса қорек үшін күрес  жүреді,майда құстар мен жыртқыштар қоректенеді.  Ч.Дарвин мұны Тіршілік үшін күрес деп атады.

Тіршілік үшін күрес дегеніміз – бір түр мен екінші түр арасындағы және түрлер мен қоршаған орта арасындағы ұрпақтарының өсімталдығынқамтамасыз ететін даралардың қарым қатынасының күрделі жиынтығы. Дарвин тіршілік үшін күресті даралардың сыртқы ортаның абиотикалық және биотикалық жағдайларымен қарым – қатынасы деп түсіндірді. Түр ішілік күрес. Бір түрге жататын даралар арасында жүреді.

Түр ареалына біркелкі таралмай популяция түрінде ойдым ойдым таралады. Бір популяциядағы дараларға біркелкі қорек заттары, жалпы мекен ету ортасы және басқа да тіршілік жағдайлары (су, жарық, жылу) қажет. Осы жоғарыда көрсетілген себептерге байланысты популяция даралары бір бірінен шиеленісіне күреске түседі.

Көптеген жануарлар тіршілігінде өз популяциясындағы даралар арасында қақтығысты болдырмауға жәрдемдесетін бірқатар бейімдіктер де болады. Мысалы аю, құндыз, қасқыр өздерінің азықтық үлескілерінің шекарасын белгілеп қояды, ал басқа жануарлар бөтен үлескінің шекарасын бұзбауға тырысады.Түр аралық күрес әр түрге жататын даралар арасында жүреді. Бір туысқа жататын түрлер ұқсас экологиялық жағдайда тіршілік етсе, онда түр аралық күрес шиеленіскен күйде жүреді.

Табиғаттың қолайсыз жағдайларымен тіршілік үшін күрес. Эволюция барысында ағзаларда әртүрлі қолайсыз жағдайларда тіршілік етіп, өз ұрпақтарын қалдыруға мүмкіндік беретін алуан түрлі бейімділік белгілер қалыптасады.

Түраралық күрес – бұл әр алуан түр дарақтарының арасындағы тіршілік үшін күрес. «Жыртқыш – олжа», яғни «қоян – қасқыр» немесе «мысық – тышқан» қарым-қатынастары үлгілі мысал бола алады. Бұл барынша сан алуан және жан-жақтылықты қамтитын өзара әрекет. Бұған «паразит – ие» қатынасы, сондай-ақ ұқсас жағдайларды қажет ететін (мысалы, саваннадағы киіктердің әр алуан түрлері) жақын туысты түрлер арасындағы бәсекелестіктер жатады. Өсімдіктерде бәсекелестіктің мұндай түрі жүйелік алшақ топтарда айқын көрінуі мүмкін. Мәселен, орманда жапырақты және қылқан жапырақты ормандарда (мысалы, қарағай және қайың), ал шалғында біржарнақты және қосжарнақтылар (мысалы, жоңышқа және жатаған бидайық) бәсекелеседі.

Табиғаттың қолайсыз жағдайларымен күрес құрғақшылықпен, суықпен, нөсермен т.б. күрес.

Мысалы: көптеген өсімдіктер қары аз, аязды суықтарда қырылып қалады, сонымен қатар аяз кезінде топырақта тіршілік ететін көп ағзалар қырылады.

  1. Оқушылардың білімін тексеу

1)Ойланып жауап беріңдер?

Бекіре балығы 50 жыл тіршілік етеді жыл сайын әрбіреуі 5-6 млн уылдырық шашады немесе өсімдіктерде бір түп көкнәрдің 10 қауашақ дамиды, онда жыл сайын жерге 30 мың тұқым шашалады.Ондай қарқынды даму мен көбеймеу себебі неліктен?

Жауабы: Мұндай қарқынды даму тек қолайлы жағдай болғанда ғана өніп-өсіп тіршілігін сақтап қалады. Түрлерді сақтап қалады,ұрпақ қалдыруға тырысады.Түрлер неғұрлым көп қырылса соғұрлым қарқынды дамиды.Бұл табиғи сұрыпталудың нәтижесі.

2) Сызбаны құрастырыңдар

3)Сендер қалай ойлайсыңдар?  І-ІІ-ІІІ топ оқушылары жауап береді.

Бәсекелестік күрес неден болады?

Жауабы: Тіршілігін сақтап қалу үшін организмдер арасында тіршілік үшін күрес жүреді. Тіршілік үшін күрес қоршаған орта мен организм арасындағы күрделі қарым-қатынас жиынтығы.

4)Себебін табу

Неғұрлым түрлер көп қырылса, соғұрлым қарқынды дамиды.Осының себебін айтыңдар?

Жауабы: Қарқынды даму түрді сақтап қалудың құралы

 

  1. Жаңа сабақты бекіту

Табиғи сұрыпталу жайлы бейнебаян

VІ. Сабақтың нәтижесі

Ч.Дарвин бойынша:  эволюцияның  негізгі факторларынатұқымқуалаушылық,өзгергіштік,

тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу  жатады.

VІІ. Қорытындылау

Табиғи сұрыпталу эволюцияның келесі факторы, ол табиғатта үздіксіз жүріп жататын әрекет. Табиғи сұрыпталу орасан ұзақ уақыт аралығында тұқым қуалайтын өзгергіштік берген шексіз көп материалдардың алуан түрлі өзгеріс, ауытқуларынан тіршілік ортасына сай түрлерін ғана қалдырып, қалғандарын жоя отырып, анағұрлым жетілдірілген жаңа бейімділіктер мен қасиеттерді жарыққа шығарады.

VІІІ. Бағалау.

  1. Үйге тапсырма.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *