«Қыс қызығы»
Ахметжанова Аягөз Темірбекқызы
«Балдырған» мектеп – балабақшасы КММ-нің тәрбиешісі
Бұланды ауданы, Макинск қаласы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.
Білім беру саласы:Коммуникация.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Қыс қызығы».
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Қысқы ойындардың аттарын атау. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: мазмұнды суреттер, аққала, ойынға қажетті заттар.
Әдіс-тәсілдер: жапсыру әдісі, сұрақ-жауап, әңгіме, ойын.
Сөздік жұмыс: шаңғы, коньки, сырғанақ, шана.
Билингвальды компонент: мұз – лед-ice, аққала-снеговик-snowmen, қыс-зима-winter.
Технология: Тәй-тәй технологиясы
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан – жағымызға таратып, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық. Шаттык шеңбері Арайлап атқан таңға сәлем! |
Балалар шеңберге тұрып, шаттық шеңберін жасап, қонақтармен амандасады. |
|
Ұйымдастырүшылык-ізденістік | -Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, мұқият тыңдап жұмбақтың шешімін табайық. Шанамен зырғып желетін, Коньки, шаңғы тебетін, Аққала жасап ойнайтын, Бұл қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар? -Жарайсыңдар балалар, ал қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатынын білесіңдер ме? – Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз? – Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз? -Ал, күн шыққанда не істейсіңдер? -Жарайсыңдар балалар! Енді қыс айларын атайықшы |
– Қыс мезгілі
– Қар жауады, аяз болып, боран соғады. Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады Алақай, деп қолдарын көтереді. Желтоқсан, қаңтар, ақпан |
-Балалар, ал қыс мезгілінде сендер қандай ойындар ойнайсыңдар?
-Ал, біз ойын ойнағанда, дала серуендеп шыққанда, тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз. Қане, біз оны ойын түрінде көрсетейік. Эстафеталық ойын: «Кім жылдам». Шарты: бір, екі бала шығып, қолғап, тымақ,мойынорағышты тез-тез киіп жарысады. -Балалар, мынау ненің суреті? Билингвальды компонент: мұз-лед-айс, аққала-снеговик-снөумэн, қыс-зима-уинтә. Ғажайып сәт. Осы кезде аққала көңілсіз келеді. Тәрбиеші: -Кел төрлет, сен туралы айтып отыр едік. Балалар, қонаққа не келді? -Балалар, аққалаға көмектесеміз бе? -Көмектеспес бұрын, аққала біз сіздің көңіліңізді көтеріп, шағын видеороликті көрсетеміз. -Ал енді біз аққалаға көмектесейік. Қазір белсенділік орталығына барып екі орталыққа бөлінеміз. Бірінші топтың балалары аққаламен бірге «Өнер орталығына» барып, мақтадан аққаланың бейнесін жасаймыз. Екінші топтың балалары «Кітап орталығына» барып жұмбақтар шешеді, тақпақтар айтады, суретпен жұмыс жасайды. Белгі берілгенде балалар ортаға жиналады. -Кім қыс туралы тақпақ біледі? -Ал енді, мен сендерге қыс мезгіліне байланысты жұмбақтар жасырайын. 1.Қолы жоқ сурет салады, Тісі жоқ тістеп алады (аяз) 2.Отқа жанбайды, Суға батпайды (мұз) 3.Зулап түсіп төменге Шықпас менсіз төбеге (шана) 4.Қыста ғана болады Ұстасаң қолың тоңады (қар) Суретпен жұмыс. Суреттегі оқиғаларды әңгімелеп айтып береді. Белгі беріліп, балалар ортаға жиналады. Сергіту сәті Балалар орталықтағы орындарын ауыстырады. -Балалар аққаламен қоштасайық!(Аққала шығып кетеді). –Балалар, бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік? Қорытындылау.Суретті толықтыр. – Балалар, тақтада сендер қыс мезгілінің суретін көріп тұрсыңдар. Бірақ, ол сурет көңілсіз. Ол суретті біз көңілдендірейік! Жарайсыңдар, балалар, енді келген қонақтарымызбен қоштасайық |
-Коньки тебеміз, шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз т.б.
Ойынға белсене қатысады. -Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз!
– Аққала -Қардан Балалар қарды қолмен ұстап көреді. -Ақ -Мұздай -Үш бөліктен тұрады -Дөңгелек
-Иә, көмектесеміз.
Видео көреді.
Балалар тақпақтар айтады
-Аяз
-Мұз
-Шана
-Қар
Балалар сергіту сәтін музыка әуенімен жасайды.
-Сау болыңыз
-Қыс мезгілі туралы
– Аққала -Иә
Балалар қонақтармен қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қысқы ойындарды; суретпен жұмыс жасауды.
Игереді: табиғатты аялауды, мақтамен жұмыс жасауды.
Меңгереді:сұраққа толық жауап беруді, өзара көмектесуді.
Метки: Педагогтардың шығармашылық жұмыстары мен әдістемелік әзірлемелері