Саңырауқулақ
Павлодар облысы Ақсу қаласы
КМҚК “Балапан” бөбектер бақшасы” тәрбиешісі
Анаргуль Қанағатовна Толеуова
Технологиялық карта
Білім беру саласы:Таным
Бөлім:Құрастыру
Тақырыбы:Саңырауқулақ
Мақсаты: Саңырауқұлақты құрастыруға үйрету.
Міндеттері: 1.Қағазды бүктеу, жырту, шиыршықтау тәсілдерін пайдаланып, қағаз беттерін көлемді пішінге түрлендіріп, саңырауқұлақты құрастыру дағдыларын қалыптастыру.
- Қол моторикасын дамыту.
- Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдір:Көрсету,әңгемелесу,сурақ-жауап.
Көрнекіліктер:Суреттер,үлгі.
Билингвалды компонент: саңырауқұлақ-грибы.
Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру кезеңі
Ұйымдастыру кезеңі
Рефлексия
|
Жылулық шеңбері:
Балалар шеңбергі тұрып бір-бірлеріне жақсылық тілеу
Ормандағы саңырауқұлақтарды біз бүгін қағаздың түрлі әдістерін пайдаланып жасап үйренеміз. «Қағаз қандай?» дидактикалық жаттығуы Балалардан қағаздың қандай қасиеті бар екенін сұрайды, жауаптарын толықтырады: –қағаз жыртылады, уқаланады, бүктеледі, суланады, жанады, ұмаждалады. Жұмыс барысы: · Саңырауқұлақтың қалпағын қызыл түстерді таңдап алып орналастыру, желім жағып қағазға жапсыру. · Одан кейін ақ түсті таңдап алып, біріктіру -Саусақ қимылына арналған жаттығу жасау. Сергіту сәті Қорбаңдаған қонжық, Балаларға тақырып бойынша сұрақтар қойып қорытады: -балалар, біз бүгін нені құрастырдық? -Олар қайда өседі? Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды. |
Жылулық шеңберін орындау
Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.
-Үлгі бойынша балалардың іс- әрекеті
тәрбиешінің көмегімен жасайды.
Сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап орындайды.
сұрақтарға ойланып жауап береді. |
Сергіту сәті
Қорбаңдаған қонжық,
Орманда келеді.
Әнін айтып маймаңдап,
Бүршіктер тереді.
Саудыраған бүршіктер,
Маңдайға тиеді.
Ашуланған қонжық,
Жерді кеп тебеді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Саңырауқұлақтарды үлгіге қарап құрастыруды.
Нені игерді: Саңырауқұлақтың сабағын,қалпағын бір-біріне берік бекітуді.
Нені біледі: Саңырауқұлақтар туралы.