Ашық сабақ “Асқорыту мүшелерінің кұрылысы”


Нажиканова Кульмай Ахметқызы
“Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Көктал орта мектебі” ММ мұғалімі

Сабақтың мақсаты: Асқорытудың маңызы, асқорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі туралы білім беру.

Міндеттері:

  1. Ас қорыту процесінің мәнімен, адам ағзасында энергия мен зат алмасудағы маңызымен таныстыру: қызметіне байланысты асқорыту мүшелерінің құрылысы, атқаратын қызметі туралы білім алу.
  2. Өзінің денсаулығы туралы жинақылыққа тәрбиелеу. Санитарлық –гигиеналық әдетке тәрбиелеу.Салауатты өмір сүру әдетін тәрбиелеу.
  3. Оқушыларды талдау, салыстыру, қорытындылау және ойлау қабілеттерін дамыту.

Құрал –жабдықтар: Асқорыту мүшелерінің құрылысы, кесте, тест,

Жаңа сабақ

  1. Қоректік заттар дегеніміз не?

(Нәруыздар, көмірсулар, майлар, минералды тұздар, су мен витаминдер)

  1. Ферменттер деген не? (нәруыз текті заттар)
  2. Тамақ өнімдері деген не?

(адам рационының құрамына кіретін өсімдіктекті және жануартекті өнім)

  1. Адам организміндегі нәруыздың тәуліктік мөлшері (100гр)
  2. Көмірсулар қандай қызмет атқарады? (энергия көзі)
  3. Майлардың тәуліктік мөлшері қандай? (80 – 90 гр)
  4. Витаминдер не үшін қажет? (организмнің өсуі мен дамуы)
  5. Ұлттық тағамдар мен сусындарды ата (ет, қуырдақ, қазы – қарты құрт, шұбат, айран т. б.)
  6. Адам ағзасына тәулігіне қажетті су мөлшері? (1, 5 – 2, 5 л)

2) “Биологиялық есеп” 3 мин

Есеп №1.

Егер бір адамға тәулігіне 6 грамм тұз жеткілікті болса, әр отбасыға бір аптада, бір айда қандай мөлшерде тұз жұмсалады? Әр оқушы өз отбасына есептеп шығаруға болады.

Жауабы:

(6 г х отбасы саны) х 7 = 6 х 5 х 7 = 210 г

(6 г х отбасы саны) х 30 = 6 х 5 х 30 = 900 г

Есеп №2.

Тамақтанған кезде әр адам 1 грамм нанды шығындайды. 50 000 халқы бар елді мекенде бір жылда қанша нан шығындалады?

Жауабы:

А) (1 г • 4 мезгіл) • 50 000 = 4 х 50 000 = 200 000 г = 200 кг.

Ә) 200 кг • 365 күн = 731 тапсырма логикалық сұрақтар: 1. Көне Үнді елінде адамның кінәлілігін анықтау үшін құрғақ күріш жегізген. Айыпталушы құрғақ күріш жей алмаса кінәлі деп танылған. Бұл сынақ неге негізделген?

 

Жауабы: Күрішпен сынау адам қорыққан кезде сілекей бөліну тоқтап, ауыздың құрғайтынына, ал құрғақ күрішті жеу мүмкін еместігіне негізделген. Әрине, бұл кезде жазықсыз адам да кінәлі деп танылуы мүмкін еді.

Неліктен тәтті сорпа дайындау үшін кесілген етті салқын суға, ал пісірілген ет дайындау үшін ірі кесектерді ыстық суға салу керек?

Жауабы: Суды баяу қыздырғанда еттің құрамындағы экстрактивті заттар сорпаға өтеді. Сондықтан сорпа етке қарағанда тәттілеу болады. Ал етті бірден ыстық суға салса, ет бетіндегі ақуыз жоғары температураның кесірінен ұйып, көптеген саңылауларды бітеп тастайды. Нәтижесінде экстрактивті заттар етте қалып, ет сорпаға қарағанда тәттілеу болады.

 

Асқорыту жолы

3 тапсырма. Тест жұмысы

  1. Адамда ас қорыту жолының ұзындығы

А) 3 – 5 м

Ә) 8 – 10 м

Б) 15 – 18 м

  1. Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан?

А) жұмсақ таңдайда

Ә) ұрттың сілекейлі қабығында

Б) тілде

  1. Ас қорыту және тыныс жолдары қай жерде қиылысады?

А) Ауыз қуысында

Ә) жұтқыншақта

Б) өңеште

  1. Асқорыту жолында асқазаннан кейін не орналасады?

А) аш ішек

Ә) тоқ ішек

Б) ұлтабар

  1. Тоқ ішектің бөлімдері

А) аш ішек, жиек ішек, тік ішек

Ә) соқыр ішек, тік ішек, ұлтабар

Б) соқыр ішек, жиек ішек, тік ішек

  1. Аш ішек бөлімдері

А) ұлтабар, тік ішек, аш ішек

Ә) ұлтабар, аш ішек, мықын ішек

Б) соқыр ішек, жиек ішек, тік ішекте

Тест жауабы:

Ә 2. Б 3. Ә 4. А 5. Б 6. Ә

Бағалау

Үйге тапсырма Дәптерлеріңе кестені толтырыңдар. Асқорыту жүйесі

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *