5 сыныпқа арналған “Жас информатиктер” атты топтық сайысы


Мукушев Жанарбек Елеукенович
Ақмола облысы
Степногорск қаласы
Бестөбе кенті №1 орта мектебі

“Жас информатиктер” атты топтық сайысы

1

 

Презентацияны көшіру

Мақсаты:
а)  Білімділік:  Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
ә)  Дамытушылық:  Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
б)  Тәрбиелік:  Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілетін сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: Топтық жарыс сабағы

Сабақтың типі:  Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы.

Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютерлер, ноутбуктар

Көрнекіліктер:  Слайд презентация, плакаттар, карточкалар.

Сайыстың өту барысы:

Жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып. -деп

Ортаға бүгінгі ойынға қатысатын сыныптарды шақырайық.

5 «А», 5 «Ә», 5 «Б» сыныптары.

Ал енді оларға әділ баға беретін әділ қазылар қатарымен таныстырып өтейік.

1-ші әділ қазы ____________

2-ші әділ қазы ____________

3-ші әділ қазы ____________

 

Бүгінгі сайысымыз бес кезеңнен тұрады. Олар:

1 кезең. Таныстыру.

2 кезең. Сұрақ-жауап.

3 кезең. Қатесін тап.

4 кезең. Жұмбақтар

5 кезең. Адасқан әріптер.

 

Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға, – дей келе ойынымызды бастайық.

1 кезең. Таныстыру.

2

Бірінші кезеңде әр топ өздерін танысытырып өтуі тиіс. Олар топтын атын, ұраның құрып келу керек

2 кезең.   Сұрақ-жауап.

3

Екінші кезеңде оқушыларға бірінші, екінші тоқсанда өткен тараулар бойынша сұрақтар қойылады.

Ақпарат.

10. Ақпаратты сақтау үшін ерте замандағы адамдар нені пайдаланған? (Суреттерді).

20. Ақпаратты сақтау үшін адамдар нені қолданбайды? (Суды).

30. 1 Мбайт – ол: (1024 Кбайт).

40. Ақпарат компьютерде қандай түрде сақталады? (Нөл мен бірлік).

Компьютер.

10. Ноутбук компьютердің қай түріне жатады? (Дербес компьютер).

20. Ақпаратты енгізу құрылғысы? (Пернетақта).

30. Компьютер құрылғыларының қайсысы жүйелік блок құрамына кірмейді? (Принтер).

40. Нетбук деген не? (Шағын мөлшерлі ноутбук).

Операциялық жүйе.

10. Файлды атау үшін қолданылатын символдардың ең үлкен саны: (255).

20. Байттардың аты бар қандай да бір тізбек қалай аталады? (Файл).

30. Басқа буманың ішіндегі бума қалай аталады? (Ішінде салынған).

40. Экранның сағатты көруге болатын аймағы: (Есептер тақтасы).

 

3 кезең. Қатесін тап.

Үшінші кезеңде әр топқа сұрақтар қойылады, олар сол сұрақ жалған немесе шыңдық екенін табу керек. Тапқан жағдайда топқа 10 ұпай беріледі.
1: “ІNFORMATION” латын сөзі мәлімет дегенді білдіреді ме? (иә)
2: Ақпарат тасушы – сигнал болып табыла ма? (иә)
3: Мәтін, радио арқылы хабар, мысал графикалық ақпаратқа жата ма? (иә)
4: Жүйелік бағдарламалардың негізгі болып
интерфейс табыла ма? (жоқ)
5: Сканерде кез келген кескінді сканерлегеннен кейін графикалық бағдарламаларда өңдеуге бола ма? (иә)
6: Қатқыл диск басқаша винчестер деп атала ма? (иә)
7: MS Word графикалық редактор ма? (жоқ)
8: Кез келген санның 0 дәрежесі 0 ме? (жоқ)
9: Меңзердің сол жағындағы символды өшіру пернесі Delete пе? (жоқ)
10: Чарлз Бэббидж компьютердің атасы ма? (иә)
11: Монитор бетіндегі түрлі түсті нүктелер пиксельдер деп атала ма? (иә)
12: Пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру: Alt+Ctrl ма? (жоқ)
13: Қапшық немесе бумада бірдей атпен, бірақ әр түрлі уақытта сақталған файл (құжат) сақтауға бола ма? (жоқ)
14: Пернетақтада абзацтан жазу пернесі Сарs Lock болып табыла ма? (жоқ)
15: ЭЕМ-нің 5 буыны бар ма? (иә)
16: Принтердің 4 түрі бар ма? (жоқ)
17: Монитор адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы ма? (иә)
18: Пробел бос орын қалдыру пернесі ме? (иә)
4 кезең. Жұмбақтар

4

Қойылған сұрақ есепке,

Ойланып жауап іздейік.

Уақытты текке өткізбей,

Қатесін анықтап берейік.- деп отырып жұмбақтарды шешіп көрейік. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

1.Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылға жатады.
Қозғала салса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі)
2. Төрбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек (монитор)
3. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.
Ойланып, білгіш болсаң жауап берші,
Қалай деп аталады, аты оның? (тышқан)

  1. Бұтақ орнында мың бір инесі,
    Компьютер жаны мекені (кактус)
  1. Биологияда бұл паразит,
    Көзге зорға көрінер.
    Информатикада өлшем бірлік,
    Ақпараттарды өлшер (бит)
  2. Егер білсең айта ғойшы,
    Бұл қандай құрылғы.
    Ақпаратты қағаздағы,
    Компьютерге енгізеді? (сканер)

7. Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын.
Ең қажетті құралмын. (тышқан)
8. Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн барда, бір күн жоқ.
Оны есепке алсаң,
Ұзын саны 107 (пернелік тақта)

5 кезең. Адасқан әріптер.

5

Сіздер берілген әріптерден информатикаға байланысты сөзді тауып алуларыңыз керек? Әр табылған сөзге топқа 10 ұпайдан беріледі.

Осымен міне біз барлық кезеңдерді аяқтадық. Соңғы сөз біздің әділ қазылар алқасы айтады.

Марапаттау рәсімі.

Осымен бүгінгі ойынымыз өз мәресіне жетті, қатысып, көңіл бөлгендеріңіз үшін көп – көп рахмет.
 

Метки: ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *