Медициналық білім берудегі интеграциялық оқытудың маңызы


 Нарметова Насиба «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің
 оқытушы, дәрігер терапевт

Өмірдің ағымы мен қоғамның даму тынысы  Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа интеграциялануы ғылым мен білім саласындағы процестердің өзгеруіне ықпалын тигізуде.
Білімді интеграциялау – бұл салалы дамытудың негізгі тенденциялары мен болашағы болып табылады. Білім процесін интеграциялаудың мәселелерін өзектілендіру кезінде оқыту парадигммасын өзгерту, оның мақсатын әрлендіру, мазмұнын жаңарту, оқытудың тиімді әдістері мен жолдарын іздеу оқу процесінің барлық компоненттерін интегра-циялауды ойластырады.
Интеграция – бұл жекелеген бөлімдерді біріктіруге, соның нәтижесінде білім жүйесінің сапалы өзгерістеріне жетелейтін байланысқан жүйелер теориясы. Интеграция білім беру процесін құрастырудың басты қағидаларының бірі, оны жетілдірудің тәсілі ретінде, әлемді бір-тұтас тануды қамтамасыз ету құралы және студенттердің дидактикалық жүйесінің даму шарты ретінде де түсіндіріледі (Үлкен кеңес энциклопедиясы). Яғни, интеграция тек пәндер бойынша білімдер қарым-қытынасы ғана емес, сонымен қатар оқыту технологиялары,  әдістемелері мен формасы туралы мәлімет береді. Педагогикалық іс-әрекет – бұл нормалар мен шығарманың, ғылым мен өнердің қоспасы. Сондықтан қазіргі кездегі қолданыстағы білім беру әдістерінің көп түрлілігін дұрыс біріктіру және интеграциялау маңызды болып отыр. Бұған оқыту нәтижесі тікелей тәуелді.
Студенттің  кәсіби іс-әрекетінде пәндер мен оқыту технологиялары бойынша интеграциялық білім беру деңгейінде шығврмашылық  ізденістер орны аса ерекше. Қазіргі заман ғылымы алдында интеграциялық оқытуды теория негізінде ұғыну мәселесі тұр. Себебі философиялық тұрғыдан қарағанда интеграциялық оқыту – бұл пайдалы ақпаратқа немесе нақты білімге ғана қатысты емес, сонымен қатар студенттің өз ортасын, оқытушыларын және медициналық пәндерді тереңірек ұғынуына ықпал ету түсінігі де. Оқытудағы интеграция пәнаралық байланыстардың дамуы мен тереңдеуін, бұл өз кезегінде ғылымаралық байланыстың аналогы болып табылады, яғни пәнаралық тақырыптарды келістіріп қана қоймай оларды терең қарым-қатынаста оқытуға көшуді білдіреді.
Интеграцияланған оқыту – студенттердің тәжірибелік бағыт-бағдары бар әртүрлі ғылымдардың әдістерін үйлесімді біріктіретін, зерттелетін мәселені тұтас, талданған түрде қабылдауына мүмкіндік беретін оқыту түрі. Бұл дегеніміз қарастыруға және шешуге бағытталған қандай-да бір проблеманы әртүрлі пәндер білімдерін біріктіре отырып мақсатқа жеткізетін арнайы ұйымдастырылған сабақ. Интеграцияланған оқыту дегеніміз пәнаралық түрлі проблемаларды студенттердің білімін кеңейту мақсатында қарастару болғандықтан пәндер тоғысында оларды оқыту әдістері де әртүрлі болғаны жөн, яғни: дәріс оқу, сабақ-саяхат, сабақ-зерттеу, оқу конференциялары, мультимедия-сабақ, мәселелі сабақ, сұхбаттасу және т.т.
Сабақтың құрылымы келесі кезеңдерден құралғаны жөн: ұйымдастыру, мақсат қою, білімді өзектілендіру, бастапқы білім дағдыларын бекіту, білімді жүйелендіру, тақырыпты қорытындылау, үй тапсырмасын анықтау және оны орындау бойынша нұсқау беру. Интеграция-ланған оқытудың басты қағидасы – студенттің ойлау қабілетін дамыту.

Интеграцияланған сабақтың мынадай белгілері болуы тиіс:

Сабақтың арнайы ұйымдастырылуы (егер ол арнайы ұйымдастырылмаса бір мақсатқа бірікпеген жеке сабақтарға ыдырайды);
Мақсатының нақты болуы (біріккен), яғни: оқылатын тақырыптың мағынасы бойынша тереңірек түсінік беру; студенттің  пәнге деген қызығушылығын арттыру; тақырып сұрақтарын тұтас, синтезделген тұрғыда қабылдау;
Әртүрлі пәндерден алынған білімін кеңінен қолдану, яғни пәнаралық байланыстарды тереңдету
Интеграцияланған оқытуда қолданылатын әдістер
Сонымен, қорыта келе медициналық білім беруде интеграциялық оқыту әдісінен мынадай нәтижелерге қол жеткізу үшін тырысу қажет:

Студенттің ғылыми ойлау дағыдысын дамытуға ықпал ету
Студенттің ғылыми әдістерді кеңінен қолдану мүмкіндігін жетілдіру
Қоршаған ортадағы объектілер байланысын көрсететін пәндерге кешендік көзқарас қалыптастыру
Студенттің білімінің сапасын арттыру
Студенттің әртүрлі пәндерге қызығушылығын арттыру және дамыту
Студенттің ой-өрісінің кеңеюіне, творчестволық дамуына ықпал ету, әртүрлі пәндер бойынша бағдарлама материалын неғұрлым тереңірек ұғынуына мүмкіндіктер жасау
Қандай-да бір тәжірибелік жағдайдағы қарастырылатын проблеманы шешу арқылы студенттердің критикалық ойлау, теория мен практиканы салыстыру қабілетін арттыру;
Ғылыми-зерттеу жұмыстарына араласу мүмкіндігін дамыту

Интеграцияланған оқытудың тиімділігі дұрыс, педагогикалық тұрғыдан дәлелденген оқыту формасын таңдауға байланысты. Және пәнаралық интеграция жүргізу үшін оқытушылар ұжымында оңтайлы қарым-қатынастың болуы, өзара құрмет пен түсіністік негізіндегі өнімді бірлескен еңбектің де маңызы зор.

Сонымен, интеграциялап оқыту жоғары білім беру оқу орындарында кәсіби мамандарды дайындау оқытушының үшін тек қана жоғары оқу орнының маманы болып қана қоймай, өзінің бағыты бойынша өте жоғары деңгейдегі сұрақтарды шеше алатындай, компетентті болуын да талап етеді.

Әдебиеттер
Рубцов Н.В. Повышение мотивации обучения в высшей школе на основе интеграции знании./ Вестник университета Российской академии образования. №3/2007
Cоветова Е.В. Эффективные образовательные технологии / Е.В. Советова. – Ростов н/Д: Феникс, 2007. – 285. – С. 92-96.
Кларин М.В. Технологии обучения: идея и реальность. Рига, 1999
Краевский В.В. Методология педагогической науки.- М.,2000.
Талызина Н.Ф. Педагогическая психология.- М.,2006.
Караковский В. А. Воспитательная система школы: Педагогические идеи и опыт формирования. – М., 1992.
Федорец Г.Ф. Проблемы интеграции в теории и практике обучения.- Л.,1990.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *