Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары


Ахмет Гүлнұр Төлендіқызы «Н.Наушабаев атындағы Затобол мектеп – гимназиясы» ММ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Біз  келешекте  қуатты мемлекет, зиялы қоғам құрамыз  десек, дәл бүгін бесікте жатқан бөбектерді, балабақшада жүрген балдырғандарды, мектеп  шәкірттерін тектілікке, инабаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеуді қазіргі уақыттың міндеті, талабы деп  қарауымыз керек . Осы талап  пен міндеттерді орындалудағы ең бір  пәрменді құрал – оқу, тәлім – тәрбие жұмыстарында халықтық құндылықтардың алтын мұрасын пайдалану. Қазіргі таңда білімнің басты мақсаты – бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыреттілігі  жоғары, жаңаша ойлайтын шығармашылықты мамандар даярлау және жасампаз іс әрекетті қалыптастыру. Олай болса, тарих көшінде өзіндік орны бар айрықша зиялы қауым өкілдерінің ұрпақ  тәрбиесі туралы мәселелер ауқымындағы ой пікірлерін зерделеу, сипаттау, таразылау, жинақтау, оларды қоғамдық іс – тәжірибе шеңберіне енгізу.

Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының  тағдырына ерекше мән берген ұлы ағартушы – педагог. Ы.Алтынсарин педагогикасының мұраларының  негізгі идеяларының бірі – адамның өзара қарым – қатынасы, жастарды еңбекке баулу. Өзінің  барлық  педагогикалық  теориясында  жас  жеткіншектердің ұлттық  тәрбиесін  қалыптастырып, жетілдіруде қазақ  халқының  ғасырлар бойы тәрбие саласында  жиған бай тәжірибесін негізге алу қажет деген  пікірді  ұстанғандардың бірі Ыбырай. Оның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына  әсіресе , қазақтың мәдениетін , өнерін терең білетін, ақыл – парасаты  жоғары,  сөзге шешен , елге сыйлы атасы Балғожаның ықпалы ерекше болды. Ыбырай бала жастан халықтық  педагогикадан  алған тәлім – тәрбиесін , үлгі – өнегесін көңіліне түйгендерін оқу ағарту істері арқылы қазақ  балаларының бойына сіңдіре  білді. Ы. Алтынсариннің ұлттық эстетикалық тәрбие проблемаларын қозғайтын арнайы еңбектерін жазып   қалдырмағаны белгілі, бірақ Ы. Алтынсариннің  ұлттық – эстетикалық тәрбиеге қатысты оның педагогикалық қызметінен көрініс  тапты. Ы. Алтынсарин шығармалары халқымыздың салт – дәстүрі, әдет – ғұрыптарын сипаттайтын этнографиялық мәнде келеді. Ы.Алтынсарин жастарды оқу – білім, өнерге үндегенде құрғақ насихатқа ұрынбайды,  айтпақ  пікірін  оқушы зердесіне сіңіру үшін әр түрлі ұстаздық амал тәсілдерді қолданады.

Бір аллаға сыйынып Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! – деген   өлеңінде білім алуға үндесе, екінші жағынан , өмірдің бір қызығы тек  байлықта деп  ұғатын, оқу, өнер, ғылым – білімге мін  бермейтін кертартпа көзқарасқа  соққы береді. Өмірде сарқылмас мол  байлық  – білім екендігін айта келіп, оған қол жеткізу үшін ерінбей –  жалықпай еңбектенудің керектігін түсіндіреді.      Өнерді   үйрен, үйрен де жирен деп  санаған  халқымыз ұл қыздарының оң қолынан өнер  тамған шебер  болуына  да мән берген.

Ы.Алтынсарин өзінің төл туындыларында тәрбиелік , нақыл – насихаттық мәніне ерекше көңіл аударып отырды. Сол арқылы жас буынды адамгершілік пен ізгілікке, еңбек пен зейінділікке, өнер – білімге баулуды көздейді. Ол ел жұртқа қажет білім  мен өнерді игерудің  төте жолы тұрақты мектептер арқылы жүзеге асады деп санады. Ы. Алтынсарин қызметінде балаларды оқыту  мен  тәрбиелеу жұмысы ерекше орын алады. Мектептегі оқыту  мен тәрбие процесін  жүргізуші мұғалім деп  таниды.Ы.Алтынсарин надандықтың зиянын, ғалымның қоғамдық маңызын түсіндіреді. Бұл әсіресе  «Талаптың пайдасы» т. б. әңгімелерімен көрінеді.

Шығармаларында оның өнерге деген ықылас – ілтипаты анық байқалады. Өзінің өлеңдері  мен әңгімелері арқылы жастарды  табиғаттың әсемдігін , адам сезімін қабылдап, түсіне білуге тәрбиелейді, оның өлеңдері  мен ғибрат әңгімелері жас ұрпақты тәрбиелеу  мен оқытуда  күні бүгінге дейін  өз маңызын жойған жоқ. Ол аймақта мектептер  мен кәсіптік  училищелер ашу арқылы жалпы және  кәсіптік білім беру ісінің негізін қалады.

Сиса көйлек үстінде,Тоқуменен табылған.Сауысқанның тамағы, Шоқуменен табылған,- деп  педагогтік тәсіліменен  балаға еңбек атаулыдан хабар аңғартады. Мектеп – қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осында , тек осы мектептерде ғана деп   жазған  болатын.  Ы.Алтынсарин шығармаларында еңбекті сүю, білімдіден үйрену , талпыну, адамды сыйлау үгіттеледі.

Ы.Алтынсарин – қазақтың салт – дәстүрін зерттеумен  айналысқан ғалым этнограф. Еңбек тақырыбы – Ыбырай әңгімелерінің арқауы. Ол техниканы меңгерген адам  зор игілікке ие болады, жаратылыстың тілін  біледі, оны өзінің айтқанына көндіреді , халықтың жалпы  мәдениетін  көтерумен қатар  негізінен  олардың   тұрмысын  жақсартады  дейді. ХХ ғасырдың басында  бір кезде Шоқан, Ыбырай, Абай көтерген  ағартушылық қозғалыстың  туын А.Байтұрсынов,   М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов,  М.Дулатовтар   жалғастырды.

Сонымен Ыбырай  өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ халқының жаңа  буынын тәрбиелеп, олардың озық мәдениетті  елдерден үлгі ала отырып, білімді де саналы азамат болып жетілуіне  айтарлықтай үлкен үлес  қосты.Ыбырайдың бұл тарихи қызметі кезінде өзінің замандас достары Н.И.Ильминскийдің, А.А. Мазохиннің, Ф.Д.Соколовтың, А.В.Васильевтің, А.Е.Алекторовтың, Ғ.Балғымбаевтың естеліктерінде жылы ілтипатпен аталып жоғары бағаланды. Алайда ұлы ағартушының  сан қырлы педагогикалық, ғылыми зерттеулері, сондай – ақ өлеңдері мен прозасы , аудармалары біздің  заманымызда ғана терең  зерттеліп, өзінің  тиісті , әрі байсалды бағасын алды. Қоғамдық ой – сананың дамуына өзіндік үлес  қосқан ұлы тұлғалардың қатарында   Ыбырай  Алтынсарин есімі де тұрады.Ұлы ғалым – педагог Ы.Алтынсариннің  «Қазақ хрестоматиясы» және  «Таза бұлақ» деген оқу – әдістемелік  еңбектері қазақ халқының рухани мәдениетінің даму  тарихында аса зор  оқиға  болып   бағаланады. Және  болашақ  ұрпақтың ақыл ойы мен жеке тұлғаны  қалыптастыруда адамгершілік , эстетикалық еңбек  дағдылары  мен   қасиетін  тәрбиелеудің негізі  болып  есептеледі. Жеке  тұлғаны оқу мен өнерге , мәдениетке, адамгершілікке  тәрбиелеуде  Ы.Алтынсарин аса  бағалы, бай  қор – қазақ  фольклорына ерекше   назар аударды. Бұлдан  ұлы  ағартушының істеген  ісінен, шығармаларынан  бала  тұрғысынан қалыптастыру мен  тәрбиелеуде қазақ  отбасының тәлім  аларлық  ең  жақсы  дәстүрлеріне жоғары  баға  бергендігін  көреміз.

Кім сендерді, балалар  тербететін,

Еркелетіп,  ойнатып, сергітетін ?

Жалқау болсаң, балалар, жаман  болсаң,

Қамқор анаң көз  жасын көлдететін,- деген,  ақын бұл өлең  шумақтарынан  отбасындағы ата – ана тәрбиесі мен  баланы  сүйіп, еркелететіндігін  және ата – ана  баланың алғашқы табиғи тәрбиешісі, балажандық қасиеті мен ерекше мейірімдігін көреміз.    Ы. Алтынсарин еңбек  процесінің бала  тәрбиесіндегі  ерекше маңызын  көре біледі. Сондықтан оның  көптеген әңгімелерінің идеясы  Абай айтқандай  «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген қағиданың  төңірегінде топтасқан.  Мәселен. «Бай баласы мен жарлы баласы». Асан мен Үсен әңгімесі шындық реалистік әңгіме. Осы әңгімесінде  Алтынсарин  бүкіл ағартушылық еңбегінің негізгі сырын, әлеуметтік тенденциясын  айқын ашып береді.Үсен арқылы  еңбекші бұқараның жас ұрпағының еңбек сүйгіштігін , әр нәрсенің  ретін таба білетіндігін көрсетеді. Ал Асан бейнесінде  мұндай қасиет  байқалмайды. Үсен бейнесінен  тек еңбексүйгіштіктен  басқа дәрменсіз Асанға көмегі оның адамгершілік  жағынан  бейнесін сомдай  түседі. Мұнда қазақ өміріндегі  Асанға лайық  ұқсас  мінездерін айқын көрсетіп береді. «Ол жастайынан  сұрағанын әперетін, дегенін істейтін  кісі болғандықтан жатып ішер болуға әрекеттенеді» … «Ол еш нәрсе істеуге әдеттенген жоқ, демек, өзінің не істей  алатынын, несі жоқ екенін жақсылап айыра алмайды». Осы жерде қортынды жасай  кететін болсам: мұндай балалар қазірдің өзінде де кездесіп отырады. Олар әке – шешелерінен  көмек күтіп  таңнан  кешке  дейін  отырудан тайынбайтындар  кездессе, керісінше бос уақыттарында  пайдалы іспен айналысып , ата – аналарынан  көмектерін  аямайтын  балаларды да жиі кездестіруге болады. Осы әңгіме  арқылы  мектеп  оқушыларына жақсы мен жаман, кедей мен бай, сараңдықпен  жомарттық   туралы  сөздермен  біраз мағлұматтар беруге болады.  Ы.Алтынсарин осы іспеттес  әңгімелерінде еңбек процесінің  адамның  сана – сезімін, психологиясын қалыптастыруда ерекше орын алатынын жақсы түсінген. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей жасөспірімдердің  басында кездесетін түрлі жаман мінездерді  отбасындағы тәрбиемен терең астастырады. Адамның жеке басының  мінез – құлқын қалыптастыру, оның бойынан жойылып бара жатқан  адамгершілік қасиеттерді сіңіру, иманжүзді етіп  тәрбиелеу ата – ананың тікелей әсерімен отбасынан басталып, мектепте жүзеге асатынын ескерген жөн. Ыбырай келешегінен үміт күткен, өз халқын жан тәнімен сүйген, халқының мәдени  көркейіп өсуі үшін  бойындағы бар күш жігерін  аянбай  жұмсаған нағыз  патриот азаматтар еді.Өз заманының  ақыл ойшылдары   ірі қоғам  қайраткерлері, олардың дарқан бейнелері мен іс әрекетінен  қазақ халқының  мәдени экономикалық  дамуын, қазақтың ұлт болып бірігуін, жаппай сауатты, мәдениетті, оқыған ел болуын көксеген біртуар асыл азаматы.     Қазақ педагогикасының дамып, өркендеуіне белсене ат салысып мынандай үлес қосты:  қазақ балаларына алғаш мектеп ашты,  Ырғыз қазақ қыздарына арналған мектеп – интернат ашты,  «Қазақ хрестоматиясын»,  «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралын» жазды.  Қоғамның заңды тіршілік  етуі  тек  қана халықтың ағартушылық  деңгейі  қоғамдық  және  дара  санының  дамуы  арқылы   мүмкін  болатынын тарихи іс  тәжірибе  көрсетіп  отыр.Әлемдік  деңгейдегі балық  құқықтық  мемлекеттерде азаматтық  қоғам ғасырлар  бойы  жинақталған   құндылықтар негізінде қалыптасқаны  белгілі. Сондықтан да , Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының  «Тарихты танып зерделеу керек, тарихты таразылау керек, сонда тағдырыңды, бүгінгі тұрпатыңды  танисың, келешегіңді бағдарлайсың, алдағы жүрер жолыңның  сілемін  табасың»  деген сөздерінде  тарихтың шексіз  тағылымы да  ақиқаттың құдіретті  мейлінше айқындала түседі.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының  ең ірі , ең беделді көшбасшысы  қазақ ғылымы мен мәдениеті, оқу тәрбие ісі  тарихына сіңірген орасан зор еңбектерінің  тарихтан өшпес орын алатынын бүгінгі демократия мен әділеттілік салтанат құрған дәуірде өмір шыңдығы дәлелдеп отыр. ХХІ ғасырда білім сапасы  жалпыға ортақ, рухани – этикалық басымдылық негізінің мән құраушылық және шығармашыл, жаңашыл сипатына ие, сонымен қатар ғылыми негізде шынайы құрылған , сан қырлы , адамзат пен мемлекеттің  мәдени ескерткіштеріне сай негізделген, этномәдени , әлеуметтік – кәсіптік  және конфессионалды топтардың жан – жақты қажеттіліктерін, сондай – ақ жеке тұлғалардың рухани сұраныстарын  қанағаттандыруға бағытталған  болуы  қажет.  Осы  бағытта Ыбырайдың игілікті ісін  ықыласпен  қолдап, оны егемен елдің  білім беру жүйесінде оқыту мен тәрбиенің озық нобайы ретінде жандандырып, инновациялық сипатта әр бере отырып, тиімді қолдану оқыту міндеттерінің  талабы болған абзал.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.     Ы.Алтынсарин тағылымы. Алматы 1991 ж

2.     «Қазақ тілі мен әдебиет » журналы. 2008ж, № 4,5

3.     Бес ғасыр жырлайды. Алматы,  «Жазушы», 1989 І том

4.      «Өзіндік таным» № 2 2007 № 5-6 2006ж

5.     Ы. Алтынсарин «Өнер білім бар жұрттар» Алматы, 1989ж

6.     Ы.Алтынсарин . Таңдамалы шығармалары.320 бет

7.     Ы.Алтынсарин   тағылымы. Құрастырған М.Жармұхамедов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *