Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту


Алдабаева Гулниса

Рудный қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі»КММ математика пәнінің мұғалімі

Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы.Математикалық сауаттылық дегеніміз-математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған  ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып  үйренудің, оқушылар дүниенің ғылыми бейнесін     меңгеру.Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету,   яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.

Тұлғаның ең басты функциялық сапалары:

  • белсенділік,
  • шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға бейімделуі,
  • кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмірлік білім алуға дайын тұруы болып табылады.

Ал бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Функционалдық сауаттылықты дамыту білім  түсіну – қолдану – жүйелеу және жинақтау сияқты критерийлер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін талап етеді.Мұндай жүйе әлемдік тәжірибені жан-жақты  зерттеу арқылы енгізіледі. Олар ұлттық және халықаралық бағалау жүйелері  арқылы жүргізіледі.Ұлттық жүйе арқылы бағалау – жыл сайын өтетін оқу жетістіктерін ішкі бағалау мен Ұлттық бірыңғай тестілеу.

Зерттеу оқушылардың  оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу қабілеттерін бағалауға бағытталған. Яғни бұл зерттеудің мақсаты – математика мен жаратылыстануды оқыту үрдістерін дамыту үшін зерттеуге қатысушы елдерді оқушылардың функционалдық білім жетістіктері туралы салыстырмалы ақпаратпен қамтамасыз ету.Зерттеудің негізгі әдіс-тәсілі – сауалнамалар жүргізу және тестілер алу.

Білім деңгейi – оқушылардың терминдерді, сандардың қасиеттерін еске түсіру арқылы суреттеу; есептеу; график пен кестеден мәліметті алу;  математикалық объектілерді тану қабілеттері бағаланды.Қолдану деңгейі– нәтижелі шешу тәсілін таңдау; математикалық ақпаратты көрсету;  модельдеу; тізбек тапсырмаларды орындау; стандартты есептерді шешу қабілеттері бағаланды.

Тұжырымдау деңгейі– қорытындылау, әр түрлі шешу жолдарын синтездеу;  дұрыс/бұрыс айтылғандарды дәлелдеу; стандартты емес есептерді шешу қабілеттері бағаланды.”Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, «Джигсо» әдістерінен пайдаланып бардым.Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда – бүгінгі заман талабы. Осы ретте, математика  пәнін терең  білудің маңызы зор.

Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Сондықтан білім белгілі бір сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады.Осы орайда ұстаз ретінде осындай іс-әрекеттерді қолдану менің басты міндетім деп ойлаймын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *