Өлеңдер


Сарыағаш ауданы

 Қ. Аманжолов мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі

Арыстанова Лаззат Оспанқызы

Ана тілім – ардағым

Ана тілде таза сөйле, сүйсінсін,

Сенің қазақ екеніңді ел білсін.

Әдебіңнен, иманыңңнан, сөзіңнен,

Домырада төгілгендей күй келсін.

 

Сөзіңменен бар адамға, шуақ бер,

Сеніміңмен балаларға қуат бер.

Жақсы сөзді-жарым ырыс көргендер,

Сөз иесін жанып тұрған шырақ дер.

 

Мақал-мәтел, шешендік сөз, өлеңім,

Қазақ тілім, сені жақсы көремін.

Ана тілін аялауын халқымның,

Тілге деген махаббаты деп білемін.

 

 Тілім менің

Қазақ тілі мерекесі мәртебем,

Сөз маржанын сахнаға әкелем.

Талай-талай тіл тарихын шертеді,

Қойнауына сақтаған әр төбем.

Қазақ тілім болашағым, елдігім,

Жаңартатын, дамитұғын келді күн.

Қазақ тілін мұралаған ұрпаққа,

Алғыс айта, бабам, саған мен бүгін.

Қазақ тілі-ұлттың жаны нышаны,

Ақ сүт, әлди, ана мейір, құшағы.

Тәрбие мен бал білімге ұласса,

Ұлттың тіл-қылыш, өткір пышағы.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *