Мамандығым-жүрек қалауым


Омарова Гулжиһан Кайрбековна
Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің “№19 орта мектебі” КММ-нің
музыка пәнінің мұғалімі

Мұғалім – мектептің ғана басты тұлғасы емес,ол – қоғамның да басты тұлғасы. Мұғалім беделі, ең алдымен оның өз жеке басының қасиеттеріне, ұстаздық келбетіне байланысты екені анық. Егер «Нені оқыту керек?»,- деген сауалға мемлекеттік білім беру стандарттары жауап беретін болса, «Қалай оқыту керек?»,- дегенге жауапты тек мұғалімнің кәсіптік даярлығынан, жаңа технологияларды пайдалана білуінен, өзінің нақты мақсатын айқын көре алуынан және сол арқылы баланы әлемдік ақпрараттың, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қалыптастыра білі шеберлігін іздеу қажет. Ұстаз мәртебесінің артуы, ең алдымен мұғалімдердің М.Әуезов айтқандай, «Ұстаз деген – ұлы есімге» қаншалықты лайықты болуына байланысты дер едім. Бүгінгі жаңа дәүірдің, жаңарған елдің мұғаліміне қойылатын талаптың жүгі ауыр. Олар білімдар да білікті, өз ісінің майталман шебері болуымен қатар жеке басының мәдениеті, адамгершілік тұлғасы, парасаттылығы азаматтығы тұрғысында жастарға үлгі боларлықтай биіктен көрінуі шарт.Педагог-музыканттың кәсіби дайындығы оның қоғамдық, саяси, арнаулы және педагогикалық–психологиялық терең жан– жақты білімі болуымен анықталады. Қазіргі таңда білім шарттары бойынша оқушыларға музыкалық білім берудің мазмұны мен олардың музыкалық дамуы арасындағы байланысын, музыкадан сабақ берудің жаңа үрдісін тиімді пайдаланудағы ұмтылыс оқушыларға музыкалық білім берудің интеграциясы мен бағдарламалар нұсқаларында ерекше өзекті мәселе болып отыр. Қазіргі жас буын музыка пәнінің мұғалімі оқушылармен жұмыс жасау барысында танымал отандық және шетелдік прогресшіл қайраткерлердің ұсынған жаппай музыкалық білім беру идеясына сүйене отырып, оның мазмұнын жаңартуға тырысады.Мұғалім-музыкант жұмысының жетістігі көпшілігінде балалармен арада орнатылған қарым-қатынас шеберлігіне де байланысты. Сыныппен жүргізілетін әр түрлі ара-қатынас тек айтылған сөзде, мимика мен қозғалыста ғана көрініс тауып қоймайды. Оның бояуының реңі тек өнер сабағына тән көптеген компоненттерден құралады: ішкі жан дүниеге әсер ететін, орындаушылық процестер кезінде, музыка тыңдағанда және музыка жайлы ой жүгірткенде туындайтын музыканың – өз тілі, сөзі, мимикасы, көзқарасы, жесттеры, үзілістері болады.Музыка мұғалімінің  оқушылармен жұмыс істеу барысында яғни музыка сабағында эстетикалық тәрбие беру арқылы әрбір шәкірттің музыка өнеріне деген құштарлығын қалыптастырып, эстетикалық талғамын қанағаттандыруға, музыка жөніндегі түсінігін кеңейтуге, ішкі рухани байлығының ірге тасын өз беттерінше қалауға баулу, бағыттау.Оқу барысында  музыка пән мұғалімі оқылатын пән мен оқушы арасындағы дәнекер түйін сияқты.

Ол өз оқушысымен де, оқытатын пәнімен де тығыз байланыста. Осының өзі музыка пән мұғалімінің бүкіл іс-қимыл ерекетімен қызметіне оның тұлғасына, белгілі бір өріс аумағына сай талап қояды.  Осыған орай музыка пән муғалімінің іс-әрекетінің, қызметінің өзіндік ерекшілігінің мәні зор екені байқалады. Оқытушы өзінің жұмысында әрбір оқушыға өз алдына жеке-жеке педагагикалық тәсілдер қолданад. Мектепке музыка пән мұғалімдерін кәсіптік мамандыққа сәйкес даярлаудың негізгі мақсаты – музыка өнеріне баулу.Музыка өнері тек эстетикалық  тәрбие құралы емес, оның өзге де сипаттары бар: ұлттық болмыс, мазмұн, сипат. Сондықтан да жастардың тәрбиесіне ықпал ететіндей жаңаша түрін іздеу керек. Музыка өнері әр түрлі қызмет атқара алады:

2)  Кәсіби бағытпен тікелей байланыста музыканы дамыту.

3) Жастар ойын, олардың  жалпы білімдік  деңгейін  мамандыққа сәйкес дамыту.

4) Мамандыққа  сәйкес тәрбиелік  қызмет т.б.

Осылардың негізінде орындалатын біздің міндетіміз:

·         қазақтың ұлттық мәдениетінің жай-күйін зерттеу;

·         жастар арасындағы мәдени-рухани байлықтарды кеңейту;

·         музыка саласындағы жетістіктерін насихаттау;

·         жас ұрпақтың эстетикалық тәрбиесіне мейлінше көңіл бөлу.

Музыкалық білім мен тәрбие берудің негізі – ұлттық дәстүрде. Қазақ халқының мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін зерттеу мәселесі де жас ұрпақ тәрбиесінде ерекше маңызға ие болды. Оқушы музыка әуенінің өзіндік ерекшілігін, табиғатын түсінуі керек. Кез келген музыкалық шығарма мінездемесі, құрылымы, мазмұны, жанры,стилі, шығу тарихы жағынан бірінші кезеңде тұтастық талдау әдісіне бағынышты. Екінші кезеңдегі бөлшектеп талдау әдісі музыканы өңдеу,әуенді музыкалық құралдардың айқындылығын меңгеруді тереңдетеді. Ал, үшінші кезеңдегі тұтас талдау әдісі  өнердің  бір-біріне жақын түрлерін біріктіреді.Музыка тыңдатпайынша, тәрбие беру, балалық шақтың өзінде адамның сүйіп тыңдайтын ән-күйлерінсіз тәрбие беру деген менің басыма қонбайтын нәрсе”, – деп В. В. Сухомлинский тәрбие саласында музыканың алатын орнын ерекше бағалап өз пікірін осылай айтады.Мектептегі оқушыларға берілетін тәрбие саласының бірі – музыкалық тәрбие. Музыкалық тәрбиенің негізгі мәні, мақсаты сапалық жағынан жеке адамның жан дүниесінің үйлесіп қалыптасуын және рухани байлығын дамыту болып табылады. Музыкалық тәрбие беру де мұғалімнің алдына негізгі үш міндет қойылады.

– музыкалық әртүрлі іс-әрекеттер арқылы оқушының сезімін ояту;

– музыканы сезім арқылы саналы түсінуге баулу;

– музыкалық шығарманы өз шамасына қарай орындай білуге үйретуде орындаушылық дағдыны меңгерту.Міне, бұл менің мамандығым.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *