ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДАҒЫ КӨТЕРІЛІСТЕРДІҢ МАҢЫЗЫ


Кайыпова Азиза Корганбайкызы
студентка 1 курса КГКП Аксуский колледж имени «Жаяу Мусы»

Қазастанның Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуы халықтың ұлттық санасының өсіп, өзгеруіне, тарих ғылымының жаңа саяси мәдениетті қалыптастырудағы рөлінің күшеюіне үлкен дәрежеге өз ықпалын тигізді. Көптеген көтерілістердің арқасында біз өз тәуелсіздігімізге жеттік. Осы тәуелсіздік жолында көтерілістерге қастысып, өз жері үшін шайқасқа түскен  ата-бабларымызға алғысымыз шексіз. Олар қарапайым халық пен болашақ ұрпақ  үшін жанын аямай бейбіт өмір сүруі үшін күресті.

Осы тәуелсіз жолында Сырым Датұлы бастаған көтерілісі (1783-1797жж). Ал Е.Пугачев бастаған көтеріліс орыс – қазақ шаруаларын біріктіруге, қазақтарды да қозғалысқа итермеледі. Е.Пугачев пен С.Датұлы бастаған көтерілстің негізгі мақсаттары отарлық езгіні тоқтату. Көтерілістің қозғаушы күші қарапайым шаруалар болды. С.Датұлы бастаған қазақ шаруаларының көтерілісінің шығуын тездетті. Осы жылдар Орал казактары  қазақ жерлерін тартып ала бастаған және де бұрыннан қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру үшін Сырым Датұлының ашық түрде бастаған көтерілістін бірі. Бұл көтеріліс ең ұзақ, 14 жылға созылған. Көтерілістің жеңілу себебі С.Датұлы бірден екі күшке қарсы жүргізуі, көтерілістің нашар ұйымдастыруы және де көтеріліс әр кезеңге бөлінді, Нұралы ханның патша үкіметін ашық түрде қолдауы. Қазақтар Патша үкіметімен санасуға мәжбүр болды. Бірақ, 1801 жылы Патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге, мал жаюға рұхсат етті. С.Датұлы бастаған көтерілістен соң Ресей империясының отаршылдық езгісіне қарсы бағытталған ұлт – азаттық көтерілістер өрши бастады

 

1. 1822 – 1825 жылдарындағы көтеріліс. Жаңаелек аймағынан ығыстырылып шығарылған табын руы өздерінің наразылығын ашық білдірді. Олар бірінші Орынбор генерал – губернаторына байырғы мал жайылымдарын қайтарып беру жөнінде хатын жолдайды. Бірақ, ол өтініштердің орындалуына үзілді – кесілді тыйым салумен болды. Мұның өзі төзімі таусылған жергілікті қазақтарды ашықтан – ашық қарулы көтеріліске шығуға итермеледі.

1822 жылы табын руының батыры әрі биі Жоламан Тіленшіұлы Ресей патшалығына қарсы көтерілісі. Жоламан батыр бастаған қозғалыстың отаршылдыққа қарсы сипаты басым болды. Көтерілістің әр жерде шашыраңқы жүруі мен оған қатысушылар санының аздығы, оны жеңіліске ұшырауына жеткізді. Солай бола тұрса да ол Кенесары Қасымұлы бастаған қуатты көтерілістің пісіп – жетілуіне елеулі ықпал етті. Елек өзені бойындағы жерлерді қайтарып алу жөніндегі күреске басшылық етті.

 

2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847жж) — қазақтардың патша үкіметіне қарсы барынша бұқаралық және ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды. ХIХ ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Өйткені Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күйге жетті. Патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді. Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді. Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті. Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды. Көтерілістің жеңілу себебі Патша өкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясаты, хандық билікті жойып, ресейлік әкімшілік басқарудың жүзеге асырыла бастауы, осылардың салдарынан қазақ халқының, әсіресе шаруалардың жағдайының нашарлай түсуі болды. Әрине, оған қатысқан үстем тап өкілдерінің мақсаттары бірыңғай емес еді. Жасақшыларға қолбасшылық еткендер арасында Ағыбай, Иман (Амангелді Имановтың атасы), Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жеке, Сураншы, Байсейіт, Жоламан Тіленшиев, Бұқарбай сияқты әйгілі халық батырлары болды.

 

3. 1916 жылы әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы көтеріліс басталды. Көтерілістің негізгі шығу себебі сол бұрыннан келе жатқан отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және тағы басқа болды. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Көтеріліс біртіндеп ұйымдасқан сипатта болды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды. Қозғаушы күштері  шаруалар мен қолөнершілер, қарапайым қазақ халқы, байлар мен болыс басқарушылары болды. Осы көтерілістің жеңілу себебі бытыраңқылық, қару жарақтың жетіспеуі, ұлтаралық және руаралық түсінбеушіліктер және де осы көтерілістің тарихи маңызы қазақ халқының революциалдық сана сезімін оятты.

 

4. Осыдан сон 1986 жылы 17-18 желтоқсанда қазақ жастары бейбіт шеруге шықты. Бұл шеру Алматы қаласында қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл әкімшіл жүйесіне қарсы назарлық іс қимилдары болды. Бұл көтерілістің мақсаты Мәскеудегі орталықтан саяси тәуелсіздікті талап етуы болды. Көтерілісте өлгендер саны 168-200 адам ,   жараланғандар саны 200- дан астам адам болды. Бостандыққа, тәуелсіздікке  ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. Бұл көтеріліске «қазақ ұлтшылдығының көрнісі» деген баға беріледі. Осы көтеріліс туралы «Аллажар» деген Қалыпдыбай Әбеновтың фильмінде керемет баяндалған Осы көтерілістердің барлығы қазақ халқының емін еркін өмір сүру үшін болды. Сондықтан да біз үшін, болашақ ұрпақ үшін жанын аямаған азаттық күреске қатысқан  батырларымызды ешқашан ұмытпаймыз. Әрқашан батырларымызды мақтан тұта отырып,құрметтейміз. Ата бабаларымыз бізге қалдырып кеткен  жерлерімізді қорғауымыз керек.

 

Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы. Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді. Тарихи күш десе де болады. Біздің өз еркімізбен алға ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуге жол ашылды. Тәуелсіз мемлекет бола салысымен, көптеген шұғыл сұрақтарға шешім табылды. Неше түрлі ауыртпашылық әкелген Семей полигоны жабылды, Арал теңізі мәселесі шешілді, тарихи мұра, мәдениетіміз, қазақ тілі қайта жаңғыртылды, табиғи байлығымызды өз иелігімізге қайтара алдық. Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайырлы, өркениетті, индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан мемлекетпіз.. Бүгін міне, тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында, біз артқа карап, Кеңес Одағы кезеңіндегі тарихты, сөзбен жеткізе алмайтын қиын өмірді еске алып жатамыз. Сонау Горбачёв бастаған қайта құру кезеңі ұлттық сана-сезімді оятты. Жаппай қазақ мектептерінің жабылуы, қазақ тілінде шығарылған газет-журналдар, мақалалар, кітаптардың сатылымнан жоғалуы, жоғарғы билеуші таптың басымдылығы, біздің ержүрек, батыл, намысшыл жандарымызды ызаландырды. Сөйтіп, халықтың ұлттық мүддесі үшін күреске жол ашылды. Осының бәрі, бізді 1986 жылғы Алматыда өткен желтоқсан оқиғаларына алып келеді. Себебі, жаңа алаңда өткен қазақ жастарының шерулері, тәуелсіздікке әкелген бастама десек, қателеспейміз. Бүгін міне, желтоқсан оқиғаларына 30 жыл. Уақыт келе, сол тарихи окиғаның мәнісін енді ғана ұға бастағандаймыз. Қазіргі таңда, Қазақстанның өзіндік үні, пікірі, мәртебесі бар. Біз әлемдік деңгейде аяғымызды сенімді басып, басқа елдер бізбен санасатын мемлекетке айналдық. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үлкен шараларды, іс-әрекеттерді талап етеді. Яғни, ішкі және сыртқы саясатты дұрыс жүргізу, халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өркендеуін, дүниежүзілік қауымдастықта өркениетті мемлекеттермен білікті қарым-қатынас жасау, әрине бір адамның қолында емес. Бірақ, халық атынан үлкен деңдейде сөйлей алатын, сөзін құлақ салып тындайтын, мемлекетке бағыт-бағдар беріп отыратын, ерекше тұлға, мемлекет басшысы – Президент.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев:-«Уақыт қарқыны зымран. Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәт еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретіне сенемін».  Ия өте маңызды сөздер. Біздер, жас ұрпақтарға өсиет ретінде қалу керек деп санаймын. Өз жерімізді, өз Отанымызды қорғау әр азаматтың парызы.

Сіміріп көкірегіме таң самалын,

Ақ таңды елден бұрын қарсы алайын.

Торынан тоқыраудан аман шығып,

Алдық деп Егеменді жар саламын!

 

Отаным тәуелсіздік алған жерім,

«Нұр Отан» деп сайрайды белес-белім.

Мендағы сол Отанның бір мүшесі,

Қазақстан – кең далам, туған жерім.

Әдебиет тізімі

1.Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында Алматы. Атамұра.1992ж

2.Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық

Алматы. Фолиант.

3. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы, – Астана, 11 Қараша 2014.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *