«Мен-дәнекерлеушімін» атты ойын сабағы


Андирханов Ерден Амангельдинович
«Үржар колледжі» КММ оқу-өндіріс шебері

Мақсаты:

1. Білімділік – өткен тақырыптарды жинақтап қайталау.

2. Дамытушылық –  логикалық ойлау қабілеттерін , сезімталдығын дамыту,және шағын топтарда тәжірибелік қабілеттерінің дамуына ықпал ету

3.Тәрбиелік – тез шешім қабылдай білуге, өздерінің көзқарастарын жарыссөзде жеткізе білуге,алған білімдерінің тәжірибелік маңыздылығын түсінуге тәрбиелеу.

Түрі:  қайталау, білім тексеру, түзету енгіэу.

Әдісі :  ойын.

Жабдықтары: мультимедиялық проектор,дидактикалық материалдар, тапсырма-карточкалар.

Пәнаралық байланысы: материалтану, физика, тарих.

жоспары:

I.                   Ұйымдастыру кезеңі.

II.                  тақырыбымен,мақсатымен таныстыру.

III.Негізгі бөлім.

– ойын түріндегі викторина

IV.     Қорытындылау,марапаттау

барысы:

Жүргізуші:

Бүгін біз дәнекерлеу технологиясы пәні бойынша алған білімдерімізді қайталап бекітеміз. Сабақ ойын түрінде өтеді, атауы «Мен дәнекерлеушімін». Біз тобымызды екі командаға бөлдік «Жалын» және «Алау». Командалардың ұпайларын есептеп отыратын есепші сайлағанбыз,ол өзіміздің  математика пәні оқытушысы Касенгазина Сауле Науырызбайқызы. Ойынымыз бірнеше сайыстан тұрады.

1-ші сайыс – Сергіту  (у)

Оқытушы әр командаға сұрақ қояды. Баға –  1 балл әр дұрыс жауапқа.

«Жалын» командасына сұрақ:

1. Газэлектрмендәнекерлеушінің негізгі құралы не?

2. Көміртекті электродты ойлап тапқан кім?

3. Негізгі құрал-жабдықтармен жабдықталған дәнекерлеушінің жұмыс орны қалай аталады?

4. Қысым өлшейтін құрал  не?

5.  одорант қандай газдың құрамына не қосылады?

«Алау»командасына сұрақ:

1. Доғаның әсерімен пісіру науасы түзілген шұңқұр ойық қалай аталады?

2. Электрдәнекерлеушінің негізгі құралы не?

3. Газды жеңнің максимальды ұзындығы қандай?

4. Үзілмей біркелкі жанатын,қайталап тұтатуды талап ететін доға қалай аталады?

5. Жабынды электродпен пісіруді ойлап тапқан кім?

2-ші сайыс  –  артық сөзді табу (у)

Тапсырма: экранда 5 сөз. Артық сөзді табу, неге артық түсіндіру. Баға – 1 балл толық жаупқа, 0,5 –  жартылай жауапқа.

«Жалын» командасына сұрақ:

Балға, шөткі, керн, шапқы, болат

«Алау»командасына сұрақ:

Саңылау, тұтқырлану, бұраш, электрод, ені

3-ші сайыс  – Сөйлемді жалғастыр

КІМ ЖЫЛДАМ?

Сіздердің міндеттеріңіз берілген сөйлемді жалғастыру

1. Газ баллонындағы қысым

2.Қосу шлангісі(жең)ұзындығы

3. Тұз қышқылына мырыштың әсер етуі арқылы алынған ерітінді

4. Дәнекерлеушіге қарама-қарсы жағығынан шығатын балқыған металл

5. Күшті жарық көзі-

6. оттегі жеңінің түсі –

7. ацетиленді жеңнің түсі –

8. Газды жеңді біріктіретін құрылғылар

4-ші сайыс – Көшбасшылыққа талас (у)

Тапсырма: экранда  суреттер көрсетілген.. Әр командаға бір сурет. Әр командадан бір оқушы – суреттерге қарап жауабын айту керек.Уақыт   2-3 секунд.Егер команда мүшесі дұрыс жауап бермесе,жауабын келесі команда мүшесі айтуға болады.Келесі сайысты 4-ші сайыстың қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған команда бастайды.

5-ші сайыс – Барлығына бір шолу

1.     Москвадағы үлкен көпір қандай мамандықтың құрметіне аталған?

2.     .  Прокатшы – адам тасымалдаушы ма әлде металл өңдеуші маман ба?

3.      Н. В. Гоголя «Ночь перед Рождеством»повестіндеі Вакула кандай кәсіп иесі болған?

4.     Әлемдегі ең терең көл

5.     Өмірдегі ең ұзын және ең қысқа не?

6.      Бұрыштың өлшем бірлігі

7.     Космосқа бірінші ұшқан адам кім?

8.     Космоста алғаш дәнекерлеу жұмыстарын іске асырған кімдер және қай жылы?

9.     Есікті ашпайды,  бірақ бөлмеге кіреді.  Жұмбақ.

10.           Жер шарындағы ең үлкен және ең суық арал

Қорытынды:

Жүргізуші: Ойынымыз аяқталды. Сөз сарапшыға беріледі.

ШҚО,Үржар ауданы,

Таскескен ауылы,

«Үржар колледжі»КММ

Оқу-өндіріс шебері

Андирханов Ерден

Амангельдинович

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *