«Білім мен ғылымның қоғамдағы рөлі» ашық сабағы


Кайбалдина   Айгул  Утеумаганбетовна

Ақтөбе қаласы №38 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, тарих магистрі

 

9 класс Адам. Қоғам. Құқық

Сабақтың тақырыбы:  Білім мен ғылымның қоғамдағы рөлі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға қоғамдағы басты құндылық – білім мен ғылымның қажеттілігі, білімді адамның көрсеткіштері туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: азаматтық, мәдениеттілік, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Білімді  өмірлік тәжірибесінде қолдана білуге баулу.

Әдіс тәсілдер: тірек сызбалар, «қызықты сұрақтар», «мағынаны тану», оқулықпен жұмыс,

Сабақтың барысы:

Жаңа сабақ

  • «Қызықты сұрақтар»
    а) Алғаш рет сыныпқа кіммен келдің?
    ә) Партада кіммен отырдың?
    б) Білім туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
    в) 1- қыркүйекті неге Білім күні деп атаймыз?
    г) Қыркүйек айы қай мезгілге жатады?

ғ) Бүгінгі тақырып не туралы болады деп ойлайсыңдар?

Мағынаны тану: «Адамның бойындағының бәрі оның келбеті де, киімі де, жан дүниесі де, ойы да сұлу болуға тиіс… Мен көркі мен киіміне қарағанда көз сүйсіндіріп, бас айналдыратын адамдарды жиі көремін, ал жан дүниесіне үңілсең Құдай сақтасын! Көз тартар сыртқы қабықтың ішіндегі жанның лас болатыны сонша, оны ештеңемен жуып кетіре алмайсың»

  • Бұдан автор не айтқысы келді деп ойлайсың?
  • Оқулықпен жұмыс

-«Жастардың тиянақты, сапалы білім алуы» үшін не қажет?

– «Өздігінен білім алу»

– «Білімді өмірлік практикада қолдана білу» (мәдениеттілік, сыпайылық, қарапайымдылық, кішіпейілділік)

– «Жеке адамның көрсеткіші» (шыншылдық)

  • Пікір алмасу

Елімізде қажетті мамандықтар беретін ЖОО көп. Дарынды студенттер «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелге білім алуға жіберіледі.

Адамның қабілеті бір мамандық емес, бірнеше саласын меңгеруге мүмкіндік бар:

Ш. Уәлиханов – географ, тарихшы, саяхатшы, суретші;

Қ. Сәтпаев, Е. Букетов – техникалық ғылымды гуманитарлық саламен ұштастырды;

А. Байтұрсынов – ақын, әдебиет зерттеушісі, лингвист, педагог, саясатшы.

Қорытынды: «Білім өлсе – қағазда аты қалады, өнерлі өлсе – істеген заты қалады».

 

Адамның бойында қандай қасиеттер болады? Өз бойыңдағы қасиеттерді  екіге бөліп жаз. Бірінші бағанға жақсы қасиетіңді, екінші бағанға жаман қасиетіңді.

– Білімді адам қандай болады?

– Жақсы қасиет туралы қандай өлең білесің?

Қорытынды: «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол»

 

«Адамның мәдениеттілігі сыртқы пішінінен көрінеді» деген сөздің мағынасын түсіндір.

– қазіргі жастардың киіміне қандай ой айтасың?

– «мұсылмандық діндемін» деп қап-қара бет-аузын жапқандарға көзқарасың…

Қорытынды:  Абай «кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек дұрыс іс»

 Бекіту

  • Шығармашылық жұмыс:

«Адам мәдениеттілігі» не «Білімнің қажеттілігі» эссе жазу.

Қорытындылау

– алған білімің не үшін қажет?

– білім берген мұғалімнің еңбегі қандай?

– ұстазыңа  қандай баға бересің?

– ұстаздың еңбегін бағалау шәкірттердің қандай істерінен білуге болады?

– жеке адамның мәдениеттілік өлшемдерін ата.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *