Дыбыстың айтылуын түзету бойынша жеке жұмыс жоспары


Жексембаева Сая Кажмуратовна
«Нұршуақ» бөбекжай – балабақшасының логопеді

Дыбыстың айтылуын түзету бойынша жұмыстар қыркүйектің ортасынан бастап, тексерудің  аяқталғанына дейін созылады.                                                                            Жұмыс күн сайын 1-маусымға дейін, кестеге сәйкес жүргізіледі.                                   Барлық жеке-топтық түзету жұмыстары бірнеше кезеңге бөлінеді:                              I. Дайындық                                                                                                                           Міндеті – баланы ұзақ және тынымсыз жұмысқа жан-жақты және үқыпты дайындау:

  • логопедтің сабақтарына деген қызыгушылығын, тіпті қажеттілігін арттыру;
  • есту зейінін, есте сақтау қабілетін, ойындар мен арнайы жаттығуларда фонематикалық түйсігін дамыту;
  • дыбыстарды қою үшін артикуляциялық моторикасын ең төменгі жеткіліктілік деңгейін дамыту және қалыптастыру;
  • жүйелі жаттыгу үрдісінде саусақ гимнастикасы кешендерін игеру;

2Айтылатын біліктер мен дагдыларды қалыптастыру

Міндеті:

  • дыбыстың айтылу кемістігін жою;
  • артикуляциялық пен акустикалыққа ұқсас дыбыстың жіктелу білігі мен дағдысын қалыптастыру;
  • түзетілген (таза фонетикалық, лексикалық дамыған, дұрыс грамматикалық) сөйлеудің практикалық білігі мен дағдысын қалыптастыру.

Осы кезеңдегі тұүзету жұмыстарының түрлері:

  1. Дыбыстарды қою, аралас жолы.

Дайындық жаттығулары :

  • ызың дауыссыздар үшін: «Күлкі», «Бізтұмсық», «Күрек», «Тістерді тазалаймыз», «Мысық ашуланды», «Түтікше», «Футбол»;
  • шұғыл дауыссыздар үшін: «Күрек», «Шыны аяқ», «Ат», «Саңырауқұлақ», «Тәтті тосап».
  • [Л] үшін: «Күрек», «Шыны аяқ», «Ат», «Күркетауық».
  • [Р] үшін: «Күрек»,       «Ат», «Саңырауқұлақ», «Барабаншы», «Сылақшы»,

«Гармошка», «Мылжың», «Джин».

Дыбыстарды қою жұмыстары жеке дара өткізіледі.

  • Әрбір түзетілген буындагы дыбыстарды машықтандыруы кіші топтарда жеке жүргізіледі:

а)   С, З, Ш, Ж, С’, 3′, Л’ бастапқы буында машықтандырылады, кейін кері және соңғы кезекте – дауысты буындарда, З, Ж, З қатаң дауыссыздар кері буындарда машықтандырылмайды;

  • Ц, Ч, Щ, Л кері буындардың басында, кейін тура және дауыссыз дыбыстармен машықтандырылады.;
  • Р, Р’ тікелей вибрациямен өңдеуге болады.
  • Буындагы дыбысты машықтандыру буындағы сол реттегі машықтандыру кезегімен жүргізіледі.

Әрбір буынның дұрыс айтылуы басқа буындармен жалғасып, сөзге айналады. Сөздегі дыбыстарды машықтандыру бойынша жұмыстарды жүргізгенде осындай тіл кемістігі бар балалар бір топқа біріктіріледі. Барлық түзету жұмыстары жеке топтарда жүргізіледі

  • Дыбыстарды сөзде, сөйлемде машықтандыру :

Дыбысталуы дұрыс сөз тез арада жеке сөйлемге енеді, содан кейін шағын әңгімелерге, тақпақтарга, өлеңдерге, жаңылтпаштарға енгізіледі.

  • Дыбыстардыц жіктелуі:
  • С-3, С-С’, С-Ц, С-Ш;
  • Ж-3, Ж-Ш;
  • Ч-С’, Ч-Т’, Ч-Щ;
  • Щ-С’, Щ-Т’, Щ-Ч, Щ-Ш;
  • Р-Л, Р-Р, Р, Р-Й, Л-Л, Л-Й;
  • Спонтандық сөйлеудегі дыбыстарды машықтандыру ( диалогпен сөйлеген кезде, ойын және сергіту сәттері кезінде);
  • Дыбыстың айтылуымен қатар фонематикалық түйсік пен дыбысты талдау мен синтездеу білігін жүзеге асыру.
  • Дыбыстарды айтудагы өңделген материалдар бойынша зейінді, есті, ойлауды дамытуга арналган жүйелі жаттыгулар.
  • Дұрыс айтылган дыбыстар негізінде мәнерлі және байланыстырып сойлеуді дамыту (лексическалық және грамматикалық жаттыгулар, сойлеудің просодиялық жагын қалыпқа келтіру).

Логопед: Жексембаева Сая Қажымүрат қызы  

«Нұршуақ» бөбекжай – балабақшасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *