Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы: «Мен және менің денсаулығым»


Рахметова Арайлым Ержурекқызы
Алматы қаласы Түрксіб ауданы №167 «Мерей» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі

Тобы: «Балапан» 1- кіші топ

Білім  беру  саласы:  «Денсаулық»

Оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру

Тақырыбы:  Мен және менің денсаулығым

Мақсаты: 1.Балаларға денсаулық туралы түсінік бере отырып,өз еркілерімен жаттығуларды жасауға дағдыландыру.

2.Салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру.Сымбаттылыққа,шымыр болуға,ептілікке тәрбиелеу.

3.Әуенмен жаттығу орындауға қызығушылығын арттыру.

Қолданылатын  көрнекіліктер :

Әр балаға жалаушадан,шығыршық,ойынға қажетті заттар,кегель,доптар,слайд,орамал т.б

Әдіс-тәсілдер;слайдтан суреттерді көрсете отырып түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу,тақпақ,мадақтау.

Оқу  іс- әрекетінің  кезеңдері
Педагогтің  іс-әрекеті
Балалардың  іс-әрекеті
Мотивация

лық  -қозғаушылық

Ұымдастырушылық ізденістік.

Рефлекция-лық-ізденушілік.
Балаларды бір қатармен марш ырғағына сай қимылмен кіргізу.

Шаттық шеңбері

Біз бақытты баламыз

Шыныға да аламыз

Сәулетті елдің көгінде

Шамшырақ болып жанамыз.

-Жарайсыңдар балалар!

Көктем мезгіліне қысқаша тоқталу.Балалар бүгін ашық оқу-іс әрекетімізді бастайық.

-Балалар сендер қалай ойлайсыңдар?

-Адам үшін өмірде ең басты не қажет?

-Денсаулық.

Дұрыс айтасыңдар. Олай болса көгілдір экранға назар аударайық. Біз денемізді не үшін шынықтырамыз? Себебі денсаулығымыз мықты болу үшін,ауырмас үшін жасаймыз. Мықты,күшті болу үшін дұрыс тамақтануымыз керек және ерте тұрып шынығуымыз керек екен. Балалар ендеше денсаулық туралы тақпақтарымызды айтып жіберейік.

Кәусар; Денсаулық ол- шыныққан

Барлық дене мүшесі,

Әли;        Денсаулық ол-тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі,

Раяна;    Денсаулық ол-күлуің

Көңіл күйің жадырай.

Мадина;Денсаулық ол-жүруің

Ешбір жерің ауырмай.

Ерте-ерте ертеде қонжық болыпты. Оның есімі Винни Пух екен.

1.Бастапқы қалып;аяқ иық деңгейінде,қол жұдырыққа түйілген,қол жоғарыда  1-2 оң және сол аяқпен алға қарай адымдау;әр аяққа 4 реттен.

Винни Пухтың достары көп екен. Маймыл досы ағаштан былай банан жинайды екен.

2. Бастапқы қалып;аяқ иық деңгейінде,екі қол жоғарыда,кезек-кезек сермеу.4 реттен .

Винни Пухтың қоян досы құлақтарымен былай қозғайды екен.

3. Бастапқы қалып;аяқ иық деңгейыінде,екі қол баста «құлақ тәрізді».Оңға қарайы еңкею «құлақтарымен қозғалтып»

Бастапқы қалып;солға қарай еңкею «құлақтарымен қозғалтып» Бастапқы қалып,4 реттен.

4.Бастапқы қалып:қол кеуде тұсынада «қояндарша секіру»1-2-3-4 әр санақ сайын оңнан солға қарай әр бағытқа секірулер.

5.Ормандағы аюдың

Құлпынаыйы көп екен

Теріп,теріп алайық

Қалтамызға салайық.

Өте тамаша!Жарайысыңдар балалар!Енді «Күштілер» және «Шымырлар»тобы болып екі командаға бөлініп сайысқа түсейік.Олайы болса сайысымызды бастайық.

Бірінші кезек «Көңілді  доптар»ойыны.

Ойын шарты;допты қолымзға ұстап кеглилердің арасымен межені айыналып,қайытарда жүгіріп келу.

Екінші кезең: «Түйілген орамал»

Ойын шарты;шығыршықтың ортасынан өтіп,орындықтың үстінен түйілген орамалды алып келу.

Үшінші кезөең: «Кім жылдам?»

Ойын шарты:скамейка үстімен сырғыйы отырып,қайыта айналып келу.

Бәрекелді балалар не деген шапшаңсыңдар!Сендер бүгін спорттық ойынға белсене атсалыстыңдар.

Қимылды ойын «Өз жұбыңды тап»

Ойын шарты;Балаларға екі немесе үш түсті жзалаушадан таратылады.Әр балаға бір жалаушадан беріледі.Музыка ырғағымен билейді.Музыка тоқтап қалғанда бір түсті жалаушалары бар балалар жұптасып тұра қалады.Жеке жұпсыз қалған балаға қарап ойыншылар;Баланың атын атап

Аузыңды ашып құр қалма

Серігіңді тез таңда-дейді.

Тыныс алу жаттығулары

1.Мұрынмен терең демалып,ауызбен сыртқа шығарамыз да,кеудемізді кере терең дем алып жайымен сыртқа шығарамыз (4-5 рет)

2.Мұрынның бір жағын саусақпен басып тұрып,аузымызбен терең дем алып мұрнымызбен жайылап шығарамыз.(4-5 рет)

3.Мұрынды екі сұқ саусақпен басып тұрып,аузымызбен терең дем алып, қайта аузымызбен жайылап жібереміз.

Сергіту сәті.

Сұрақ-жауап,өлең шумақ арқылы қорытындылау. Балаларды мадақтау.

Жиналамыз сәтті күні бәрімізде

Үлкен,кіші жасымызда кәрімізде,

Дендеріңіз сау болсын қонақтарым.

Гүл-гүл жайынап жүріңіздер төрімізде.
Балалар іс-әрекетті орындайды.

Балалар сұрақтарға жауап беріп отырады.

Залға музыка әуенімен билеп қонжық кіреді.

Музыка әуеніне қосылып жаттығулар орындайды.

Бар ынта-жігерлерімен сайысқа түседі.

Балалар музыка ырғағына сай  билейді

Тыныс алу жаттығуларын жасайды және денсаулығымызға пайыдасы бар екенін түсінеді.
Қүтілетін  нәтижелер:

Орындайды;жаттығуларды мүлтіксіз орындауды.

Түсінеді:  ойынның шарттарын.

Қолданады : шығыршықтың,скамейканың үстінен жүруді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *