«Отбасы менің – тірегім»


Алпаева Кулшат Тулепбергеновна
БҚО, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы, МКҚК «Балбұлақ» бөбекжайының тәрбиешісі

Мақсаты: Балалардың дене мүшелерінің сұлулығын қалыптастыру, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту, оларды жылдамдықа, шапшандыққа, ептілікке, төзімділікке үйрету. Қимылды ойындарға деген қызығушылығын арттыру. Отбасымен мектепке дейінгі ұйымның арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Керекті құралдар: кегли, секіргіш, доп, құм салынған қапшық.

Жүргізуші:

Құрметті балалар, ата-аналар, қонақтар.

Бүгінгі «Отбасым менің-тірегім» атты спорттық сауықтыру мерекесіне қош келдіңіздер!

Сау дене, таза ақыл, адам көңіл,                                                                                                                Үшеуімен бақытты болар өмір.                                                                                  Оқу үшін мектепте,

Ашу үшін тәбетті.                                                                                                            Құру үшін сән саулық,                                                                                                         Керек жақсы денсаулық.

Барлықтарыңыздарға да сәттілік тілеп, сайысқа қатысушы отбасыларды ортаға шақырамыз.

1.     «Қыран» тобы: Кубаевтар отбасы.

Ұшақтан да ұшқырмыз,

Желден озған жүйрікпіз.

Келіп тұрған жарысқа,

«Қыран» тобы боламыз.

2.     «Тұлпар» тобы: Жаксимбетовтар отбасы.

Біз балдырған бақытты,

Әкеміз бен анадан.

Женілмейміз озамыз,

«Тұлпар» тобы боламыз.

3.     «Бәйтерек» тобы: Масеновтар отбасы.

Қажымайтын қайратты,

Арыстандай айбатты.

Женіске жету мақсаты,

«Бәйтерек» тобы боламыз.

Жүргізуші:

Енді әділқазылар алқасына келген қонақтармен танысайық.

1.     Мектепке дейінгі ұйымының әдіскері: Ж.Б.Оташева

2.     Мектепке дейінгі ұйымның медбикесі: А.Н.Шарипова

3.     Мектепке дейінгі ұйымның психологі: Дуйсенбаева М.Б.

Жүргізуші:

Бүгінгі біздің сайысымыз 6-кезеңнен тұрады.

Жүргізуші:

1-сайыс: «Кім бірінші» сайысы деп аталады.

Шарты ата-ана қол ұстасып, баланы қолдарына отырғызып, кеглилердің арасынан өтіп, межеге барып кері қайтады.

Денсаулық ол шыныққан,

Барлық дене мүшесі.

Денсаулық ол тыныққан,

Жүйке, тамыр мүшесі.

2-сайыс: «Өрмекшілер» сайысы

Шарты төрт тағандап отырып, еңбектеп межеге дейін жетіп, межеден орнына тұрып жүріп оралу.

3-сайыс: «Кенгуру» сайысы деп аталады.

Шарты Әкелері екі аяқтың арасына допты қыстырып, секіріп, орындарына қайтады. Осылай жағаса береді.

Денсаулық ол күлуің,

Көніл күйің жадырай.

Денсаулық ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

4-сайыс: «Шегірткелер» сайысы деп аталады.

Шарты Аналары секірме жіппен секіріп орындарына қайтады. Содан кейін әкесі, баласына жалғастырады.

5-сайыс :«Мерегендер» сайысы деп аталады.

Шарты Отбасы мүшелері бастарына қапшық кейіп, кедергілердің арасымен өтіп, межеге келіп, асықтарды көздеп атады.

Жүргізуші:

Енді соңғы әрі қызықты сайысымызды бастаймыз.

6-сайыс :«Күш сынасу» сайысы деп аталады.

Жүргізуші:                                                                                                                Құрметті әділ қазылар! Бүгінгі біздің қызықты сайысымыз «Отбасы менің-тірегім» сайысы мәресіне жетті, сіздерден қорытынды нәтежесін күтеміз. Әділ қазылардың шешімі дайын болғанша, бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалаймыз.

Отабасы мен ауылымызды сүйеміз,

Үлкендердің сөзін ойға түйеміз.

Денсаулықты әрқашанда сақтаймыз,

Шынығамыз, жаттығамыз, шаттанып.

«Көңілді би»

Жүргізуші:

Жарысты қорытындылау үшін әділ қазылар алқасына сөз береміз.

Женізпаздарды марапаттау.

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, қызметкерлер,балалар. Бүгінгі «Отбасы менің-тірегім» атты ата-аналармен бірігіп өткізген сайысымыз осымен аяқталды, барлықтарынызға көп рахмет!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *