Табиғатты аялайық


Қазыкенова А.К.

«№ 20 «Нұршуақ» балабақша – бөбекжайы» КМҚК  тәрбиешісі

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Құменен таныстыру

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты: Құмның қасиетімен таныстыру, тәжірибе жасауға үйрету. Балалардың танымдық қызығушылықтарын дамыту. Табиғатты сүйюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Құм, түтікшілер, ұлғайтқыштар, магниттер, су, стақан, қасық, тасбақа.

Сөздік жұмыс: Сусымалы, құрғақ, ылғал.

Тілдін үштуғырлығы:  Құм – песок – sand

Ұлғайтқыш – лупа – magnifier

Су – вода – water

Ашық алан:  Біз қандаймыз, қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Ренжуді білмейміз

Қуанамын менде

Қуанасын сенде

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге

Мотивация: Есік қағылып пошташы кірді.

Пошташы: Сәлеметсіндерме балалар! Бұл «Қарлығаш» тобы ма?

Балалар: Иә!

Пошташы: Сендерге сәлемдеме, мына құжатқа қол қойыныз.

Тәрбиеші: Рахмет! (Құжатқа қол қойып, сәлемдемені алады)

Пошташы: Рахмет. Сауболыныздар (Шығып кетеді).

Тәрбиеші: Балалар поштамен біз не аламыз?

Балалар: Хат, газет.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасындар, бірақ пошта тағыда басқа қызмет атқарады. Пошта арқылы біз жанағыдай сәлемдеме алуға болады. Бұл сәлемдемелерді арнайы қорапқа салынып мөр басылады. Және кімге арнайы жазылады. Біздің Отанымызда ол «Қазпочта» деп аталады. Бұл сәлемдемені ашпас бұрын біз сендермен тапсырмалар орындау керекпіз. Ол үшін екі орталыққа бөлінеміз.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:

Тәрбиеші: Балалар табиғат дегеніміз не?

Балалар: Табиғат дегеніміз ол ағаштар, өсімдіктер, жануарлар, күн, су, ауа.

Тәрбиеші: Табиғат нешеге бөлінеді?

Балалар: Табиғат екіге бөлінеді, тірі және өлі табиғат.

Тәрбиеші: Қалай ойлайсындар, тірі табиғатқа нелер жатады?

Балалар: Адамдар, жануарлар, және өсімдіктер.

Тәрбиеші: Дұрыс, яғни көбейетің, көріктенетің, өсетің жаңдар, тірі табиғатқа жатады.

Тәрбиеші: Ал өлі табиғатқа нелер жатады?

Балалар: Су, күн, тастар, ауа, құм, жұлдыздар, ай.

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге өлі және тірі табиғат туралы ойын ұсынғым келеді.

Дидактикалық ойын «Тірі, өлі табиғат»

Мақсаты: Сурет арқылы балаларға тірі және өлі табиғатты ажырыту.

Жұмбақ жасыру: Жер бетінде жатады

Онымен ойнайсын

Әр түрлі мүсін жасайсын

Балалар: Құм!

Тәрбиеші: Балалар бүгін сендермен ғалымдар боламыз. Ал ғалымдар деген кімдер?

Балалар: Зерттейтің адамдар.

Тәрбиеші: Дұрыс, бүгін сендермен құмның қасиетің зерттейміз. Балалар қарандаршы құмдар төбешектер болып жатыр.

Тәрбиеші: Құммен жұмыс жасамай тұрып қауыпсыздық ережесін еске түсірейік.

Балалар: Көзімізді ұстамаймыз, ауызымызға қолымызды салмаймыз.

Тәрбиеші: Ыдыстағы құрғақ құмды түтікше арқылы үрлейміз, үрлегенде құм қайтеді?

Балалар: Құм жылжыйды.

Тәрбиеші: дұрыс, желдің әсерімен жылжып төбешектерге айналады.

Тәрбиеші: Енді ылғалды құмды байқайық, құмды үрлеп көрейік, үрлене ме?

Балалар: Ылғалды құм ұрленбейді.

Тәрбиеші: Ұлғайтқышпен құрғақ құмға жақын қарап пішіндерің аңықтайық.

Балалар: Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш.

Тәрбиеші: Енді ылғалды құмды байқайық.

Балалар: олар бір біріне жабысып пішіндер көрінбейді.

Тәрбиеші: құрғақ құмның түсі қандай?

Балалар: сары, ақшыл.

Тәрбиеші: Ал ылғалды құмның түсі қандай?

Балалар: Құм қара түсті.

Сергіту сәті: «Төрт құбылыс»

Мақсаты: Балаларды шәпшандыққа, байқампаздыққа бауылу.

«Ауа» дегенде айланамыз

«Су» дегенде жүземіз

«Өрт» дегенде қол айландырамыз

«Жел» дегенде тербелеміз

Тәрбиеші: Магнитке не жабысады?

Балалар: Темір!

Тәрбиеші: Енді құмға магнит салып байқап көрейік.

Балалар: Магнитқа құм жабысты.

Тәрбиеші: Әсер етеді өйткені құмда темір құрамы бар екен.

Тәрбиеші: Енді стақандаға суға қасықпен құм салайық , не байқадық?

Балалар: Құм батып кетті.

Тәрбиеші: Яғни құм сусымалы және ол ауыр екенің байқадық. Ал құмды не үшін пайдалануға болады?

Балалар: Үй салғанда, ыдыстар жасағанда.

Тәрбиеші: Балалар сендер ғалымдар болдындар, енді суретші боламыз, өз еркіндермен сурет салындар.

Рефлексия: Біз кімдер болдық?

Нені зерттедік?

Құм қандай болады?

Қорытында: Ал енді балалар біз пошташы қандай сәлемдеме әкелгенің көрейік  (қорапты ашып тасбақаны көрсетеді).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *