«Қош бол балабақша»


Ибраева Гульнур Машраповна
Май ауданы әкімдігінің «Балдаурен» балабақшасының тәрбиешісі

Жүргізуші: Балабақша, балабақша,

Шаңырағын шаттықтың.

Балабақша қорғанышы,

Балғын сәби жаттықтың,

Қуанамыз, сыйлаймыз,

Қуаныштың мың гүлін.

Бақшамызбен қимай біз,

Қоштасатын күн бүгін

Құрметті  ата-аналар, қонақтар, балалар. « Қош, бол балабақшам»  атты ертеңгілікке қош келдіңіздер! Олай болса ,балабақша түлектерін қарсы алыңыздар.

1.  «Ұшқыр ойлы, ақылды»- Ансар

2. «Әдемі де әдепті қызымыз» –  Айару

3. «Зерек ойлы ұшқыр жігітіміз» – Алимхан

4. «Кішіпейіл, ерке сұлуымыз» -Айсана

5. «Ержүрек батыл жігітіміз» – Аян

Музыка ойналады. Балалар «Вальс»  билейді.

Жүргізуші : Сендер осы балабақшада тек ойнап қана  қойған жоқсыңдар, сонымен қатар білім де алдыңдар. Апайлар нені үйретті сендерге?

Балалар: ән айтуды, такпақтар жатадық  ертегілер айттық.

Жүргізуші: Балалар,  сендер балабақшамен қоштасып мектепке  барғалы  отырсыңдар. Сендерге білім кілтін табыстайын деп жатқан . Білім ханшайымын ортаға  шақырайын (музыка әуенімен шығады)

Білім ханшайымы: Балалармен  сәлемдесіп, өнерлерін көруге келгенін айтады.

Ойын: «Иә және Жоқ»

1.Қыста қар жауама?  -Ия

2.Жапырақ ағашта өсе ме?- Ия

3.Көйлек ағашта өсе ме?- Жоқ

4. Торғай ұша ма?-Ия

5.Қарындаш ұша ма?- жоқ

Білім ханшайымның сөздері:

Бәрі бірге : АНТ ЕТЕМІЗ АНТ ЕТЕМІЗ АНТ ЕТЕМІЗ!

Білім ханшайымы: тәрбишіге  кілтін табыс етеді

Балалардың  орындауында

Ән: «Біз  бақытты  баламыз»

 

 

Жүргізуші:Достарым  бар  қуанып

Тамашалап  кештерді

Тал  шыбықтай  бұралып

Биші  болам  өскенде.

Жүргізуші:  Қонаққа қуыршақ Мальвина келеді. Балалармен амандасады.

Балалардың  орындауында  «Қуыршақ»  биі.

Жүргізуші: Балалар , сендерді құттықтауға кіші топтың балалары келіп отыр. Кәне, соларға сөз берейік.

Алима

Өтті қызық көп күндер

Бес жасқа да жеттіңдер

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіндер

Дария

Балабақша балабақша

Шаңырағы шаттықтың

Балабақша қорғанышы

Балғын сәби жаттықтың

Ералы

Адам болып өсемін

Қаз-қаз аттап басқанбыз

Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз

Ерхат

Бақшаға алғаш келгенде

Едік аппақ нәресте

Көп-көп бөбек көргенде

Жұбанғаным есімде

Ғалымжан

Біздер төрт жастамыз

Сәбиліктен асқанбыз

Мектепке бізде барармыз

Іңкәр

Қуанамыз сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Ералы

Сендермен бірге өссек те,

Көп нәрсені үйрендік.

Шығарып  сап мектепке,

Құттықтауға біз келдік.

Слава

Вам желаю я успехов,

Не лениться никогда.

И конечно, вспоминайте

Детский сад хоть иногда

 

Артем

Поздравляю вас, ребята!

Завтра в школу, в первый класс

В путь далекий, интересный

Проважаем вас сейчас.

Зариф

Озат  болып оқыңдар

Ойға білім тоқыңдар.

 

Жүргізуші:

Балалар, сендер балабақшаға тағы кіммен келесіңдер? Сендер әжелеріңді жақсы көресіңдер ме? Ендеше, әжелерімізге арнап ән айтып берейік. Балалардың  орындауында  «Ақ әжем»  әні.

 

Үйретіп  өнерге  киелі

Тәрбие  береді  жақсы  адам

Ертеңгі  оқушы  өседі

Бүгінгі  балабақша түлектері мен  және ата- аналар өздерінің тілектерін  сіздерге  арнайды.

Ансар

Балабаққа келгенімде

Тәрбиешім қарсы алды

Енді міне қоштасарда

Қимастықпен ән салдым

Айару

Сөзіме құлақ салыңдар

Бір серпіліп қалыңыз

Қоштасуға арналады

Бүгінгі жыр әніміз

Аян

Қызық күндерөткіздік

Балабақша бағында

Көп ойнадық, көп білдік

Ел мен отан жайында

Ботагөз

Ойыншықты жинаймыз

Бөбектерге сыйлаймыз

Өнер білім үйреніп

Білімді ұрпақ боламыз

 

Алимхан

Оқушы ертең боламыз

Оқимыз сауық  құрамыз

Жақсы оқып сабақта

Клен  бестік аламыз

Айсана

Ана тілін ардақтап

Ата салтын біз көрдік

Сурет салып, ән жаттап

Оқып жазып үйрендік

Жүргізуші: Сөз кезегі  балабақша  меңгерушісі  М.Ж.Оспановаға  беріледі.

Түлектеріміздің ата – аналарына сөз беріледі.

Жүргізуші: Балабақша  табалдырығын  кіп-кішкентай  кезінде  аттаған  едіңдер, енді  міне  үлкен  азамат  болып, балабақшадан  түлеп  ұшып  барасыңдар.

Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар

Жүректерден арман отын  жағындар.

Жақсы оқып, алтын  ұя  мектепті,

Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.

Құтты болсын қадамдарың аттаған,

Біз сендерге сәт сапар тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *