Туған елім


Ибраева Меруерт Муратовна
Павлодар облысы, Ақсу қаласы,  №1 қазақ орта мектебі КММ бастауыш сынып мұғалімі

Отан десем, оралады ойыма

Ақсақалды, ақ шапанды қария.

Туған жерім-құт мекені, дариям,

Қанатымды қағып ұшқан жанұям.

Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас демекші, әркімнің өз туған жері өзіне ыстық. Туған ел десе өзіміздің туып өскен жер көз алдыңа келеді. Туған елдің түтіні, туған елдің жайқалған жасыл даласы мен үшін өте керемет! Қазақтың кең байтақ жері, асыл арнасын, жасыл жайлауын айтпау мүмкін емес. Осы елі үшін, жері үшін қан төккен біздің ата-бабаларымызға да қалай тоқталмай кетемін. Қазақтың ұлан-ғайыр даласын, жазиралы көлін, ну орманын, елімнің бай тілін, дінін, халқымның қонақжайлылығын, тату-тәтті тұрып жатқан  тұрмыс-тіршілігін, Есіл өзенінің бойында бой көтеріп келе жатқан Астанамды қалай айтпасқа?!

Менің туған жерім Қазақстан әр адамның туған жері, кіндік қаны тамған жері, ата-бабамыздың қорғаған елі мен жерін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, бүгінгі болашақ ұрпақ үшін мұра етіп қалдырған елімнің қазыналы байлығы мен асыл да киелі топырағы мен үшін таусылмас байлық.

Қазақ елі көптеген қиыншылықты бастан кешірді. Сонау жоңғар шапқыншылығынан қозғайтын болсақ. Айта берсен, кете береді. Бірақ бүгінгі күнімізге тәубә, шүкір, дейміз. Тәуелсіз еліммен, кең байтақ жеріммен мақтанамын. Мен үшін бұл құнды да бағалы дүние. Ел іргесі қашанда берік болғанын, халқымның аман-саулығын, тәуелсіз елімнің биік болғанын, елбасымыздың амандығын, әр отбасының ауыз біршілігін тілеймін.

Қорыта келгенде, осындай кең жазирадай, егемендігі бар байтақ елде туып өскеніме қуанамын. Күннен күнге жайнап гүлденген қалаларымды мақтанышпен айта аламын. Бой түзеп көбейіп жатқан зәулім үйлері мен ғажайып ғимараттары бірінен-бірі асады. Астана қаласы да жанып-жайқалып келеді. Оның сұлулығына көрсем көзім тоймайды, қарай бергім келеді қарай бергім. Кешкілік қаланың әсемдігі мен әртүрлі жарқырап жанған шамдарын айтсайшы, бір шет елде жүргендей боласын. Шет ел демекші, Астана қаласына  EXPO салынғаннан бері шет елден де халықтар ағылып келіп жатыр. Осылай Қазақстан мемелекеті жер бетіне танымал болды. Өзінің кереметтігімен күллі елге даңқты болған соң, біздің елімізді тамашалауға, салт-дәстүрімен танысуға Америка мен Африка халықтары да келіп жатыр. Осылай еліміз гүлдене берсін, жақсылығымен, әсемдігімен жер шарына танымал болсын дегім келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *