Оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі әдіс –тәсілдер арқылы шығармашылықты арттыру жолы
Сексенбаева Лаззат Оразбаевна
Екібастұз қаласы Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылығын арттыру керек.
Оқушылардың шығармашылығын әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып арттыруға болады.
«Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман.Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді. Сол білімді тұрмыс игілігіне жарата білуімен бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз – өмір тұл»
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарға арнап айтқан өнегелі сөзі
Бүгінгі таңда елбасымыз айтқандай білімді, дағдыларды меңгеретін, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.Ол оқушыларға сабақ барысында әр түрлі әдіс тәсілдер пайдалана отырып білім сапасын арттыру, сондай – ақ рухани жан дүниесі бай, жан – жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Бастауыш сынып- оқушысының тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім- үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Бүгінгі таңдағы білімнің мақсаты- баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту. Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын ояту, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру өте маңызды іс.
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп мұндай істе мұғалімде көп ізденуін талап етеді. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын әр түрлі әдіс тәсілдер қолдану арқылы арттыруға болады. Олар мынадай: Қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәндері бойынша :
1.Суреттер бойынша әңгіме құрастыру
2.Тапсырманы орындау барысында ойынды дәлелде
3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус, құрастырмалы ойындар, т.б)
4. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу
5.Мәтінге байланысты суреттер салу, мәтінді рөлге бөліп оқу
6. Мәтін кейіпкерлеріне мінездеме беру;
7.Өлең шумақтарын құрастыру
8.Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
9. Тест жұмыстары Математика пәні бойынша:
1.Есепті шешу тәсілдерін ешкімнің көмегінсіз шығару
2. Қатемен жұмыс істеу
3.Үлгі бойынша есептер шығару
4.Оқушылардың өз бетінше есеп, мысалдар құрауы
5.Логикалық тапсырмалар
Мысалы: 1кг мақта ма, 4кг темір ауыр ма? Әтеш бір аяқпен тұрса,2,5 кг, егер екі аяқпен тұрса неше кг болады? Осындай әдіс – тәсілдерді үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу – оқушыны шығармашылық бағытта дамуына жете мән беруі болып табылады.
Қорыта келгенде, бастауыш сынып оқушыларының жеке бас ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі әдіс –тәсілдер арқылы шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын, ынтасын, дамыта түседі