Қолөнердегі негізгі шикізат түрі – тоқыма тоқу арқылы қолайлы әдістерді анықтау.


Жумагалиева Кунимжан Кайырболатовна

№27 И.Тайманов атындағы орта мектептің технология пәні мұғалімі

Қазақ қолөнеріндегі пайдаланылған негізгі шикізаттың бірі және ең бастысы –тоқу өнері болып келеді.Материалды терең зерттеп, оның бір сырын, бар мүмкіндіктерін аша білу –тоқу үшін маңызды жәйт,халық шеберлері материалдардың табиғи қасиеттеріне зер салып,оны өңдеу үшін техникалық тәсілдердің барынша тиімді және күнделікті тұрмысқа қолайлы жақтарын қарастыра білген.Қазақ әжелеріміз сонау кезеңнен бастап әсемдік, әдемәлік дүниесіне де көңіл бөле білді.Күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келген сондай дәстүрлі қолөнер – тоқу өнері.

Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғастырып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемділікке жетелеуде. Адамдардың тұрмыс хәлдері үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне, осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі – тоқыма.

Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай, тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған.

Жүн – жануарлардан алынатын табиғи материал. Оны қазақ халқы мыңдаған жылдар бұрын іске асырған. Қой, ешкі, қоян, түйе жүндерінен жіп иіріп мата өндіруге, тоқыма, кілем, алаша тоқуға қолданған. Қой жүні – күзем және жабағы жүніне бөлінеді. Қойдың қозысынан алынған жүнді қозы жүн деп атайды. Қой жүнін қырқып алған соң, оны жуып кептіреді де, сабауға дайындайды. Жүнді сабау технологиясына сабау мен тулақ құралдары қажет. Содан кейін жүнді тарақпен тарап, қолмен түтеді.

Жүндімашинамен, қолмениіругеболады. Өндірістежүниірутехнологиясындажүниіретінарнайымашиналаркеңіненқолданылады. Соныменқатаркүнделіктітұрмыста да жүниіругеарналғанжүниірушіаппараттарқолданылады.

Ұршық – жүнді қолмен иіруге арналған негізгі аспап. Бұл қарапайым аспап, әр елдің ұршығының сыртқы қалпы өзінше ерекшеленеді. Қазақтың ұршығы 30см шамасында сабы конус тәрізденіп келеді. Ең жуан жеріне сақина кигізілген. Оның ішкі тесігінің диаметрі-2, 5 мм, ал, сыртқы өлшемі –

30мм.

Тоқыма үшін қажетті құралдар:

  1. Біз.
  2. Жіп

Біздің өзі әрқалай бөлінеді. Мысалы:

  1. Қарапайым сым темірден жасалған біз. Бұл көбінесе шұлық тоқуға, мойын орағыш тоқуға, баскиім, т.б. тоқуға арналған. Оны қазіргі таңда пластмассадан, ағаштан, бамбуктен, сүйектен жасауға болады.
  2. Екі басы сым темірден жасалған, ортасына түтікше пластмасса кигізілген қарапайым біз.
  3. Ілмек біз. Аты айтып тұрғандай іліп тоқуға арналған біздің бір түрі. Ілмек біздің бір түрі. Ілмек біздің әр түрлісі болады. Мысалы ата-бабаларымыздың бұл бізді қойдың кәрі жілігінің басындағы кішкентай бөлініп шығатын сүйегінен жасаған. Ал қазіргі заманда арнайы сауда орындарынан сатып алуға болады. Бұл бізді қолданғанда жуан жіптерді жуан ілмек бізбен, ал жіңішке ілмек бізбен тоқу керек.

Тоқыма тоқу үшін таза жүннен, мақтадан, вискозадан, синтетикадан, жүн мен синтетикадан аралас иірілген жіптер пайдаланылады. Сондай-ақ бұрын пайдаланылған жіптерді де тарқатып, қайта пайдалануға болады. Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады, жүннен, мақтадан иірілген немесе жібек жіптер, т.б.

Әдетте үстіге киетін киімдерді бостау иірген, ал дастарқан, салфетка, сумка сияқты заттарды ширақ иірілген жіппен тоқиды. Бөлшектерінің сыртқы пішіні үлгімен есепке сәйкес шалуды қосу, қысқарту, сирек те жиі тоқу арқылы жасалады.

Тоқу түрлері: тура және кері қатарлармен тоқу

Айналдырып шеңбер жасай тоқу.

Тізбек бірнеше үлпілдек шалудан жасалған тізбектер алғашқы қатар тоқылуға тиіс бар бұйымның бастапқы негізі болып саналады. Ілмектің ұшына бір шалу жасайды да жіпті ілмекке орап, алғашқы шалудың ортасына өткізіп алады. Осылайша қайталана береді.

Ілмекпен тоқуда негізгі элементтері – бос шалу, біріктіру бағаншасы, шалмасыз бағанша, шалмалы бағанша, екі шалмалы бағанша, үш шалмалы бағанша, төрт шалмалы бағанша, пико, жарты бағанша және т.б.

Ілмек бізбен тоқу кең тарап, тоқу арқылы жасалған бұйымдар жоғары бағаланатындықтан әр түрлі басылым беттерінде шеберлер өзінің өнерін көрсету үшін ілмек бізбен тоқудың шартты белгілерін ойлап тауып, сол арқылы халыққа белгілі бір бұйымды тоқу әдісін көрсетеді.

Дүние жүзіндегі әр халыққа ата –баба мұрасын, халық қолөнерін сақтап қалу парыз.Атадан балаға мирас болған қолөнерді жалғастырушы

шеберлердің қатары бірте –бірте азая түсуде. Халық шеберлерінің теңдесі жоқ ғажайып өнер туындылары болашақ ұрпақтарды қуантып,өнердің жаңаша түр алып,өміршеңдігі арта түсуде.Олай дегенімінің бір себебі: мектеп оқушылары өздеріне шұлық тоқып,аяқтарына киіп алып жарнама ретінде ғаламтор бетшесіне салып жатқанда,болашақ жастарымыз қолөнер саласына көзқарастары жоғары екендігін байқауға болады.Менің де төмендегі балаларға арналған шұлықты үйренгендігімнің салдары есебінде толықтай көрсетемін:

Балаларға арналған шұлық.

Балаларға арналған шұлық тоқу үшін 70 – 80 грамм жіп, №5 сым қажет. Сымға 40 шалу бастап алынады да, оны төрт сымға тепе – тең бөліп, алғашқы оң шалуды түйреуішпен белгілеп қояды. 4 – 5 см резинка әдісімен тоқыған соң одан әрі тағы 5см (тобыққа дейін) шұлықша әдісімен тоқиды.

Өкше шығару: тоқыманы екіге тең бөліп одан әрі үшінші және төртінші сымдағы шалулар ғана тоқылады. Бірінші және екінші сымдағы шалулар бір сымға өткізіліп тоқылады. Тоқыманың шетіндегі шалу саны 10 – ға жеткенде (20 қатар) оң шалулармен аяқтап, өкше шығарыла бастайды. Ол үшін сымдағы шалуларды ойша 3 – ке бөліп, яғни екі жағына 6 шалудан, ортасына 8 шалу қалдырып, шалу санын бірте – бірте кеміте беру керек.

1 – қатар (тоқыманың теріс жағы): бірінші жағынан 6 шалу тоқылады, сосын ортадағы 8 шалудың

ең соңғысынан басқасы тоқылып, соңғы шалу екінші жақтың көршілес шалуымен қосылып теріс тоқылады. Қалған 5 шалуды тоқымай, тоқыманы кері айналдырады.

2 – Қатар (тоқыманың оң жағы): шеткі шалуды сымға тартып іледі де, ортаңғы сымдағы

шалулардың ең соңғысынан басқасын тоқып шығып, соңғы шалуды бірінші жағының көршілес шалуымен қосып тоқиды. Тоқыманы кері айналдырады. Осылайша 1 – 2 қатарларды қайталап тоқи беру керек. Ақыр аяғында сымда тек ортаңғы бөліктің шалулары ғана қалады.

Шұлықтың басын шығару: бұл бөлік те №5 сыммен, оң тоқылады. Ортаңғы бөліктің шалулары тізілген сыммен өкшенің шеткі шалуларынан 10 шалу ілініп алынады. Сонан соң сыммен 1 – ші сымдағы 10 шалуды, басқа сыммен 2 – ші сымдағы 10 шалуды тоқу керек. Бұдан кейін айналдыра тоқи отырып, 3 – 4 – ші сымдағы артық шалуларды әрбір 2 – ші қатарда кеміте береді. Олардың әрқайсысында 10 шалудан қалғанда кеміту тоқтатылып, енді шұлықтың басы шығарыла бастайды. Ол үшін әр қатар сайын сымның соңғы екі шалуы біріктіріліп, теріс шалынады. Осылайша әр сымда бір – бір шалу қалғанша кемітіп, жіп үзіледі де, шалулар қатты тартып тігіледі. Жіпті ұзын ілмекпен шұлықтың іш жағына өткізіп, жасыру керек.

Тоқу кезеңінде басты қауіпсіздік ережесін үнемі есте сақтау керек.

  1. Инені ауызға салмау керек;
  2. Инені киімге қадауға болмайды;
  3. Қайшыны ашық тастама;
  4. Қайшыны жолдасыңа үшкір жағымен берме;
  5. Жұмыссоңындаорныңдытазалап кету керек.

Халық өмірімен бірге жасасып,біте қайнаған қазақтың қолөнер саласы әлі өз маңызын жойған жоқ. Сондай –ақ,менің де мектеп табалдырығында оқып жүріп тоқуды жақсы меңгеріп,өзіме қажетті бұйымдарды тоқи алғаныма қуанамын. Сатып алғаннан көрі өзіңнің қолыңнан шыққан бұйымның қадірі де жоғары болары сөзсіз…

Халықтың дәстүрлі өнері сол халықтың ғасырлар бойы бастан кешкен өмір салтының, таным түсінігінің жарқын айғағы.

Мемлекетіміз мектептің алдына жаңа бір міндет қойып отыр – өмірге қадам басқан жастар жаңа заман талабына сай, өз тағдырын өзі шешуге қабілетті, нарықтық жағдайда алдындағы мақсатын анықтай алатын экономикалық білім алуы тиіс.

Уақыт озған сайын қоғам дамуы жеделдей түсетіні айқын. Қазір еліміз өрлеу үстінде. Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдылану   ең басты басымдық. Қай қоғамда болмасын бүгініміз бен кешегімізді қастерлеу өмірдегі тіршіліктің, қоғамның парызы. Ал қоғамның дамытушысы – адам.

Бүгінгі болашақ ұрпақ ертеңгі қоғамның иесі, сол қоғамның иелері халқымыздың тұрмыс қажеттілігінен туындаған ұлттық өнер мұраларын сақтап, сұрыптап, қазіргі уақытта сәнді етіп, ұлттық мәдениетімізді қолданбалы сәндік қолөнермен өркендету. Тәуелсіз мемлекетімізде ертеңгі ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетіне, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігі мен кәсіби шеберлігіне байланысты фабрикалар шығаратын бұйымдарға қарағанда халық шеберлері жасаған бұйымдар жоғары бағалануда. Қазіргі кезде жаңа өмір өзінің жаңа талаптарын қойып отыр. Оның міндеті өнердің бұрынғы келбетін бүгінгі күнге табиғи етіп жаңарту.

Бүгініміз бен келешегімізді нәрлі қайнарына айналдыру біздің борышымыз.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Назарбаев Н.Ә Қазақстан халқына жолдауы –

2015 ж. 30 қараша

  1. Қасимов С. Қазақ халқының қолөнері

Алматы, 1995 ж  240 –бет

3.Қазақ өнері. Энциклопедия.

Алматы, 2002 ж 38-бет

4.Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ

Алматы, 1977 ж 33 –бет

5.Қалиев С.Оразбаев М. Қазақ халқының салт –дәстүрлері

Алматы, 1994 ж

6.Нұрғалиева Р.Н. Шаңырақ

Алматы, 1991 ж

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *