“Мамандығым-жүрек қалауым”


Баймағанбет Маржан Мәлікқызы

Қостанай облысы, Таран ауданы “Юбилейное орта мектебі” КММ шағын орталық тәрбиешісі

Тәрбиеші! Бұл әрдайым үлкен әріптермен жазылуға тиіс мазмұнды сөзді әп дегеннен жаныма жылы қабылдадым. Көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген екен. Бұл жолда үлкен ізденіс, парасат қажет. Тәрбиешінің әр күні ізденіспен, ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу – біздерге артылған аса жоғары міндет.

Оның маңыздысы  бүлдіршіндердің көкірегін рухани қазынаға толтыру. Ойын арқылы тілін дамыту дағдыма айналған.  Өйткені,  менің міндетім  жас ұрпаққа қазыналы да бай ана тілі – қазақ тілін сіңіру.  Тіл арқылы бала бойына ұлттық құндылықтарды, дәстүр мен салтты, ұлтымызға тән ізгіліктерді, жалпы адамзатқа ортақ өркениеттік ұстанымдарды жұғысты етудеміз.

Мен үшін де содан бері  осынау өмірімдегі ең қастерлі әрі қасиетті мамандық ол – тәрбиешілік. «Жол таңдауда жалтаңдауға болмайды» дегендей, әу баста ұлтымыздың, тәуелсіз еліміздің ертеңі боларлық бүлдіршіндерді тәрбиелеу жолын таңдағаныма еш өкінбеймін. Қиындығы мен қызығы, ауыртпалығы мен жауапкершілігі қатар жүретін осы еңбектің жолындағы педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр тәрбиеленушімнің бойынан жылт еткен жақсылықты, талап пен талантты тауып, бұлақтың көзін ашу, биікке жетелеу, сондай ізденістер арқылы биік мақсаттарды орындау. Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт.Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын  менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Көзін ашып, тұнығына қану үшін тәрбиешіде жылы жүрек, аялы алақан және   тәрбиешіге  тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу сезімі болу керек екенін түсіндім.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *