Сабақ тақырыбы: Адамның сезім мүшелері
Тагаева Кулаш Ешниязовна
Қостанай облысы, Рудный қаласы әкімдігінің “№19 орта мектебі” КММ бастауыш сынып мұғалімі
Сабақ мақсаты:
1.Оқушылар адамның сезім мүшелері туралы білім алады. Көз, мұрын, тіл, тері, құлақ-сезім мүшелері қызметімен танысады.
- Оқушылар танымдылық қасиеттерін дамытады. Оқушы сезім мүшелері арқылы өмірдегі маңызын түсінеді.
- Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Сезім мүшелерін біледі, қызметі түсінеді, жеке бас гигиенасын сақтайды.
Сабақ түрі: Зерттеу сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: ойын технологиясы,тәжірибе зерттеу әдісі, сәйкестендіру, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Керекті құрал-жабдықтар: қораптар, маркерлер, әтір, суреттер, тұз бен қант, дискке жазылған жануарлар дыбыстары, жемістер, АКТ, интербелсенді тақта.
Кезеңдер | Мұғалім әрекеті | Оқушылар әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі |
Оқушылар назарын сабаққа аудару мақсатында әуен қосылады.
|
Оқушылар тыныш отырып тыідайды. |
Психологиялық ахуал тудыру |
· Ал, балалар, күндей жадырап, Жұлдыздай жарқырап, Судай таза, мөлдір көңіл-күймен Бүгінгі сабағымызды бастайық. |
|
Тақырыпқа шығу |
· Ал, енді, бүгінгі сабағымызды сіздермен «Жасырын сурет» ойынын ойнаудан бастаймыз. Қазір мына алдарында жатқан қиындыларды құрастырып, болған топ суретке сипаттама береді. |
-Топпен жұмыс істеуді; Қиындыларды құрастыруды үйренеді
|
|
· Сонымен, балалар, бүгінгі сабақ тақырыбы – сезім мүшелерін танысу. Бүгінгі сабақта сендер нені білгілерің келеді?
· Яғни ,бүгін адамның сезім мүшелерін, олардың қызметін білесіңдер.
|
-Топқа баға қоюды;
-Сезім мүшелері не екенін білгіміз келеді; -Оларды қалай күту керектігін білгіміз келеді; -Қызметін білгіміз келеді.
|
Топқа бөліну | · Балалар, маған қай топта қандай суреттер болғанын айтыңдаршы.
· Ендеше әр топтың атауы осы суреттерге байланысты болады. Сонымен І топ – «құлақ», ІІ топ – «көз», ІІІ топ – «мұрын», ІҮ топ – «тіл», Ү топ – «тері». |
-Құлақ, мұрын, көз, тіл, тері. |
Танымдылық жұмыс | Балаларға интерактивті тақта арқылы сәйкестендіру тапсырмасы беріледі. | Балалар сезім мүшелерінің қызметін сәйкестендіріп білу қажет. |
Сергіту сәті | Әуен арқылы балалар қимыл жасайды. | Балалар дене мүшелерін қимылдата билеп, сергіп қалады. |
Дәптермен жұмыс | Балалар 32-33 бетті ашамыз 2 тапсымаға қараймыз.
-Суреттерде не бейнеленген? -Олар адамның қандай мүшесіне қауіп әкеліп тұр? Өте жақсы енді 3-тапсырмаға көңіл бөлейік. Санап цифрларды жазып шығамыз. |
Балалар суреттерді атап, қандай мүшеге қауіпті екенін айқындау керек.
3-тапсырмада оқушылар сезім мүшесінің 5 екенін біледі. |
Сарамандық жұмыс
|
4-тапсырма
· Балалар, сендердің алдарыңда қорап бар. Қораптың ішіндегі заттарды өз топтарыңның атауларына байланысты таңдап алыңдар. Неге бұл затты алғандарыңды дәлелдеп беріңдер.
· Құлақ тобы дискті таңдапты. Олай болса, бұл топты тексерейік. Мен сендерге дисктегі жануарлардың дыбыстарын қоямын, ал сендер олардың аттарын атау керексіңдер.
|
Көз:
*Біздің топ –көз тобы. *Біз кемпірқосақ суретін таңдадық. *Оның жасыл, қызыл, көк және т.б. түстері бар. *Кемпірқосақты көзбен көреміз, қолмен ұстай алмаймыз, иісін сезе алмаймыз. *Көз – көру мүшесі.
Тіл: *Біздің топ – тіл тобы. *Біз қант пен тұзды таңдадық. *Қант – тәтті. *Тіл – дім сезу мүшесі. Тері: *Біздің топ – тері тобы. *Біз допты таңдадық. *Себебі оны қолмен ұстаймыз, ал қолда тері бар. *Доптың жұмсақ екенін, шипасы бар екенін сездік. *Тері –сипап сезу мүшесі.
Мұрын: *Біздің топ – мұрын тобы. *Біз әтірді таңдадық. *Әтірдің иісін мұрнымызбен сеземіз. *Оның иісі жағымды. *Мұрынмен дем аламыз. *Мұрын – дәм сезу және дем алу мүшесі.
Құлақ: *Біздің топ – құлақ тобы. *Біз дискті таңдадық. *Себебі онда әр түрлі дыбыстар жазылады. *Ал дыбыстарды біз естиміз. *Құлақ – есту мүшесі.
|
Проблемалық сұрақ |
· Енді, әр топ атауларыңа байланысты осы сезім мүшелерінің күтуін атаңдар. |
Көз: *Үшкір затпен ойнауға болмайды, себебі көзге кіріп кетуі мүмкін. *Қолмен көп уқалауға болмайды, көз ауыра бастайды. *Көзге бірдеңе түссе, жылы қайнатылған сумен шаю керек. *Қараңғыда кітап оқуға болмайды, көз көруі нашарлайды. *Теледидар және компютерде көп отыруға болмайды, себебі көздің көруі нашарлайды.
Тіл: *Өткір затты ауызға салуға болмайды, себебі кесіп алуың мүмкін. *Тамақты асықпай жеу керек, өйткені тілді тістеп алуымыз мүмкін. *Тамақтан кейін ауызды шаю керек, өйткені тамақ қалдықтары қалады. *Ыстық тамақты суытып ішу керек, себебі тіл күйіп қалады.
Мұрын: *Мұрынды үшкір затпен тазалауға болмайды. *Мұрынды жылы сумен шайып отыру керек. *Оны арнайы құралмен тазалау керек. *Жылы киіну керек, құлаққа суық ттиіп қалуы мүмкін.
Тері: *Теріні үшкір заттардан сақтау керек, себебі жараланып қалуы мүмкін. *Өткір заттардан сақтану керек. *Ашық жиі жуынып отыру керек. *Жылы киіну керек.
Құлақ: *Құлақты үшкір заттармен тазалауға болмайды, себебі дабыл жарғағына тиіп кетуі мүмкін. *Оны арнайы құралмен тазалау керек. *Жылы бас киім кию керек, өйткені суық тигізіп алуымыз мүмкін. *Құлақты жылы сумен жуып отыру керек, себебі құлық жиналып қалады.
|
Рефлексия | Қандай мереке жақындап қалды?
Енді шырша безендірейік, ол үшін алдарыңдағы смайліктерді ілеміз.Кімге сабақ түсінікті және қызықты болса қызылды , ал сабақ түсініксіздеу болса сарыны ілеміз. |
Балалар шыршаны безендіреді.Екі үш баладан смайліктің мағынасы сұралады. |