Ашық сабақ «Туған жерім – мақтанышым»


Мәншүк ауылы

Дайындаған: қазақ тілі мұғалімі

 Исаева Арайлым Дулатқызы

Сабақтың мақсаты:  1) білімділік: балалардың туған жер, атамекен туралы түсініктерін одан әрі өрбіте отырып, қосымша білім беру; 2) дамытушылық  сөздік қорларын  дамыту, мәтінмен жұмыс жасау, күрделі сөйлемдер құрату арқылы мемлекеттік тілде ойын еркін жеткізе білуге баулу; 3) тәрбиелік туған елге, тілге деген сүйіспеншілікке, атамекенін, мемлекеттік тілді құрметтеуге  тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  Қазақстан картасы,  дартс ойыны,  компьютер, қима қағаздар, кітаптар көрмесі

Сабақтың түрі және типі:  Дәстүрлі, аралас сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: ойын, «Миға шабуыл», сұрақ-жауап, кері байланыс

Пәнаралық байланыс:  Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті,  география, ағылшын тілі

І. Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныптағы оқушылардың түгелдеп, балалар зейінін сабаққа аудару.

«Миға шабуыл». Қазақстанның биік таулары,  жайқалған ормандары, шалқар көлдері бар.  (тыныс белгілерін дұрыс қойып шығу қажет). Балалардың  еңбегі мына кестеде ұпай арқылы бағаланады.

  1. Негізгі кезең. Өткен сабақтарды қайталау, пысықтау. «Дартс» ойыны арқылы балалардың білімін пысықтау.

– Балалар, біздің ата-бабаларымыз өте өнерлі болған, ақындар да, ұсталар да, шешендер де көп болған. Әсіресе, халқымыз мерген адамдар болған, аң-құс аулауға барғанда  мерген болғандығы соншалық, құралайды көзіне атқан. Ендеше, біздің бойымызға сол қасиет дарыған ба,  мергендігімізді көрейікші.

  • Пайдалы қазбалар белгісіне тигізсе, пайдалы қазбаларды атайды.

-Ал, балалар, айтыңдаршы, мұнай, су, орман, жел  ағылшынша қалай болады? мұнай-oil, көмір-coin, мыс-iron,  орман-forest, су-water, жел-wind.

  • Қылқаламға тигізсе, ақын-жазушыларды атауы тиіс. Балалардың жауабы: Абай, Мұхтар Әуезов, С.Сейфуллин…
  • Ою бейнесіне тигізсе, туыстық атауларын атайды: ата, әке, аға, сіңлі, қарындас, жиен, нағашы… Ағылшынша grandfather, father, uncle, sister, brother, nephew.

Жаңа сабақ:

Қазақстан картасы 5 бөлікке бөлінген (5 экономикалық аймақ).

Біреуін таңдайды. Тапсырмасы:

  • 1-бөлік. Мәтінді оқып, аудару. Мәтіннен  «Біз жер шарының осындай сұлу, бай өлкесінде тұрамыз» сөйлемін жазғызу.
  • 2-бөлік. Жаңа сөзбен сөйлем құрату. Мысалы:  Қазақстанда  көптеген ұлт  өкілдері бейбіт өмір сүріп жатыр. Дәптерге жазады.
  • 3-бөлік. Кескінделген бөлек сөздерден мақал-мәтелдер жинау.

Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл. Дәптерге жазады.

  • 4-бөлік. Қ А З А Қ С Т А Н сөзінен бірнеше сөз құрастыру

Мысалы: қаз, қазақ, азан, ата,  ана, сан, тас, тақ…

  • 5-бөлік. Қазақ тілінде ең жиі қолданылатын дыбыспен сөздер құрату.

Мысалы: қала, қол, қалам, қарындаш, қой…

Балалар,  сонымен тақтада ненің бейнесі шықты? Жауабы:   Қазақстанның картасы.  Ендеше, біздің еліміз де осы карта секілді бірнеше  халықтың достастығынан құрылған. Елімізде 120-дан астам халық өкілдері бейбіт өмір сүріп келеді. Ол Елбасының арқасында қол жеткізілген жетістік деп білеміз. Ол өз жолдауларында ұлтаралық бірлік туралы  әрқашан айтады. Қазіргі әлемде болып жатқан жағдайларға қарап, мұның жай ғана сөз емес екендігіне көзіміз жетеді.

Сабақты бекіту:

Қазақ жері – Шығыс  пен Батысты жалғастыратын алтын көпір.

Берілген  сөйлемді компьютерде көшіріп дұрыс жазу. Өте жақсы, балалар, сауатты  жаза білу өте маңызды. Қазақтың әдеби жазба тілінің негізін салған Абай адамның сауаттылығын жазуынан, дұрыс сөз саптауынан көрінетінін айтады. Мына көрмедегі кітаптарды алып оқыңдар. Әрбір сөз көз алдарыңда сақталып қалады.

Блиц сұрақтар:

  1. Мұнай, көмір, орман, су бір сөзбен қалай аталады? (пайдалы қазбалар)
  2. ҚР-ның Білім және ғылым министрі кім? (А.Сәрінжіпов)
  3. Абай, Мұхтар, Сәкендер кімдер? (ақын-жазушылар)
  4. Облысымыздың әкімі? (С. Кулагин)
  5. ҚР Премьер-Министрі (К. Мәсімов)
  6. Ата, ана, сіңлі, қарындас деген не? (туыстық атаулары)
  7. Мемлекеттік Гимннің авторлары кімдер? (Ш. Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев).
  8. Тудың түсі қандай? (көгілдір)
  9. Елордамыз қай қала? (Астана)
  10. Ауыл әкімінің есімі (А.Ә. Омарова).

Сабақты қорытындылау:

Кері байланыс. Сонымен,  балалар, айтыңдаршы, сендерге сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? Балалардың ұпайларын санап, баға қою, марапаттау.

– Сау болыңдар, балалар!

Исаева

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *