Үй құстары


Отарбаева Гульназ Токташовна
«Зырян ауданы әкімдігінің №14 «Катюша» балабақшасы» КМҚК-ның қазақ тілі мұғалімі

Білім беру саласы/Образовательная область: « Қатынас»

Бөлім/ Раздел: Қазақ тілі

Тақырыбы/ Тема: Үй құстары

Мақсаты:

Білімділік/Образовательная Үй  құстары  туралы түсінік  беріп, білімдерін  жетілдіру.

Дамытушылық/Развивающая Балалардың тілдік  қорын молайтып, есте сақтау қабілетін дамыту ;

Тәрбиелік/Воспитательная: үй құстарына деген қамқорлыққа баулуБалаларға шаттық көңіл күй сыйлай отырып, бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер\/ наглядный материал: Құстардың суреттері, слайдтар,карточкалар.

Сөздік жұмысысловарная работа:

Билингвальді компонент/Билингвальный компонент:үй құстары – домашние  птицы, қаз-гусь, үйрек- утка, әтеш- петух, күркетауық-индюк

Іс- әрекет кезеңдері

Этапы деятельности

Мұғалімнің іс- әрекеті

Действия учителя

Балалардың іс- әрекеті

Действия детей

 

Мотивациялық

Қозғаушылық

Мотивационно-побудительный

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру

Ізденушілік

Организационно-поисковый

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті- күтушілік

Рефлексивно-корригирующий

Шаттық шеңберге тұру.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Барша адамды құрметтеп

Бас иеміз біз!

Қазыр жылдың қай мезгілі?

Оны қайдан білдіңдер?

Күзде адамдар қалай киінеді?

Бір аптада неше күн бар?

Есік қағылады. Әмина әжейден хат келеді. Хатта әжей балалардан көмек сұрапты.

-Балалар сендер  үй құстарын  және олар қайда өмір сүретінін білесіңдер ме?

Бүгін  біз  ауылға  саяхатқа  барамыз.

Балалар сендер қандай  үй  құстарын  білесіңдер?

-Үй құстары адамға қандай пайдасын тигізеді?

Олар қай жерде тіршілік етеді, не жейді?

-Иә,балалар олар үй маңында аулада тіршілік етеді,адамдар оларға жем,тары береді.

Иә  дұрыс айтасыңдар.

 

 

 

-Ендеше ауылға аттанайық. Ауылға біз пойызбен барамыз.(Балалар пойызға отырады).

-Мінеки, балалар, ауылға келіп те қалдық. Әмина әжеміздің де уйі мінеки.

Әмина әже:-Амансыңдар ма, балапандарым! Сендердің келгендерін қандай жақсы болды.Менің үй құстарым жоғалып кетті, тауып беріңдерші, құлындарым. Өзім іздейтін шамам жоқ, қартайдым мен, аяғым ауырады.

-Балалар, әжейге көмектесеміз бе?

-Бірақ әже, сіз қандай құстарды жоғалтып отырсыз?

Әже:- Мен сендерге қазыр жұмбақ жасырайын,сендер жауабын табыңдар:

(Презентация «Үй құстары» )

слайд№1

1 жұмбақ

Ерте тұрады,
Жар шақырады.

(әтеш)

Балалар, кімнің дауысы естіледі?

Әже:-Бұл менің әтешім гой! Балалар, қараңдаршы әтеш қандай әдемі. (Әже әтешті балалар тапқанына қуанады).

(слайд№2) (Балалар мұғаліммен әтештің суретін қарайды.)

-Балалар, енді біз есімізге түсірейік, әтеште не бар?

Ойын: «Кім тапқыр?»

(Мұғалім теледидардан әтештің дене мүшелерін көрсетеді, балалар жауап береді)

Келесі жұмбақ

Слайд№3

Күн батса қонақтап қалғыған,
Таң атса жерден жем аңдыған.
/Тауық/.

-Балалар, тауық қалай дауыстайды?

-Оның балаларын қайтып атаймыз?

-Балапанның түсі қандай?

 

 

Ойын: «Артығын тап»
Шарты: суреттен үй құстарын атап,артығын табу.

Сергіту сәті:

Таң әлі атқан жоқ,
Маңай әлі қараңғы.
Әтеш ерте оянып,
Жан-жағына қарады.
Шынықтырып денесін,
Қанаттарын қағады.
Ку-ка-ре-ку тұр-тұрлап,
Оятады баланы.

 

Келесі жұмбақ

Барқыттай жүні құлпырған,
Жем тілеп ылғи ұмтылған.
Тауық емес, тегі ұқсас,
Сақалы бар салпиған.

(күркетауық.)

Слайд№4

-Басқа үй құстарынан күркетауықтың қандай ерекшеліктері бар?

 

Әже:-Ал менде тағы бір құстарым жүзгенді ұнатады.Келесі жұмбақ:

Судан шықса баладай,
Тәй – тәй басып қаладай.

(үйрек.)

Слайд №5  үйректің суреті

-Үйрек суда не істейді?

Келесі жұмбақ

Алшаң – алшаң басады,
Бірін – бірі көрсе қаңқылдасады.

(қаз.)

Слайд№6

-Қаз қалай дауыстайды?

Қаздың түсі қандай?

-үй құстарының адамға қандай пайдасы бар?

-Оларға не береміз?

Әже:-Мінеки, менің құстарым барлығы үйге келді.Мен жем, суларын берейін. Рахмет сендерге, балалар!

 

 

(Балалар әжемен қоштасып, балабақшаға қайтады).

– Өте жақсы,балалар сендерге бүгінгі іс-әрекеті ұнады ма?

-Мағанда ұнады,сендер өте жақсы қатыстыңдар, Әмина әжей де сендерге риза болды.

-Сау болыңдар, балалар!

Балалар шеңберге тұрады

Балалар тәрбиешінің соңынан өлең жолдарын қайталайды.

 

Балалар сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

-ия

 

Әтеш, тауық, күркетауық, үйрек, қаз……

 

 

 

Балалардың жауаптары

 

 

 

 

 

 

Балалар пойызға отырады.

 

 

-Сәлеметсіз бе, әжей!

 

 

 

 

 

-ия,көмектесеміз

 

 

Балалар әжейді мұқият тыңдайды

 

 

 

 

– әтеш

 

-әтештін

 

 

 

 

 

 

 

-құйрығы, тұмсығы, айдары, төсі, көзі, аяғы, қанаты…

 

 

 

 

-тауық

-Қыт-қыт етеді

-Балапандар

-Сары

 

 

 

Балалар ойын ойнайды

 

 

 

 

Балалар керекті қимылдар арқылы сергіту сәтін орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

-күркетауық

 

Балалар әжейді тыңдайды

 

 

 

 

-үйрек

 

 

-үйрек суда жүзеді

 

 

-қаз

 

 

 

 

Балалардың жауабы

 

 

 

 

 

 

 

Балалар әжеймен қоштасады.

 

-Ия, ұнады.

 

 

 

 

 

 

-Сау болыңыз!

 

 

Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат: 

Біледі/Знать:Балалар үй  құстары  туралы  , немен қоректенетінін, адамдарға деген пайдасын ,үй құстарының  түрлерін білуі керек.

Игереді/ Иметь:Мұғалімнің  берген тапсырмаларын өз беттерінше орындай білуі, үй құстарына  деген қамқорлықтарын өмірде  пайдалана білуді ;

Меңгереді/Уметь: үй құстарын қорғауды,оларға қамқор болуды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *