«Жануарлар әлемі»


Акжунусова Дария Ержановна

КМҚК  №134 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешісі

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың дала  жануарлары үй жануарлары, үй құстары туралы білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық: Балалардың ой өрістерін дамыту.

Тәрбиелік:  Жануарларға деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Сурет, слайдтар, жұлдызшалар.

Ұйымдастырылған ашық оқу-іс әрекетінің барысы:

  • Шаттық шеңбер:

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

Қайырлы таң балалар!

Артукуляциялық жаттығу.

Сұрақтар:

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінің ерекшелітерін атаңдар?

 

Есік қағылады тілші келеді.

Тәрбиеші: Балалар  бізге Қарағанды қаласының тілшісі қонаққа келіпті.

Тілші: -Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Мен тілшімін. Сендер тілші қандай жұмыс атқаратынын білесіңдер ме?

-Дұрыс айтасыңдар балалар! Мен сендермен сайыс өткізіп білімдеріңді тексергім келеді. Сендер сайыстың не екенін білесіңдер ме? Сұрақтарға жақсы жауап берген топқа жұлдызшалар беремін.

Сайысты жеңген топқа сыйлықтар беріп  сол топты газетке шығарамын.

I-САЙЫС: «Жұмбақтардың  жауабын тап»

  • Ет пен сүтке ұмытылар,

Тастамайды жылы үйде

Түкті жүнін шұп-шұбар    (Мысық)

  • Басында мүйізі бар,

Үстінде киізі бар    (Сиыр)

  • Өзі ширақ өзі қу,

Жүрген жері айқай шу.

  • Қамыс құлақ, тоқсан тұяқ,

Мінсен қанат, сүті-дәрі, еті тамақ.   (Жылқы)

  • Шырша саясы –күркесі,

Өзі орман еркесі.  (Тиін)

  • Сұрғылт тартқан түсі бар,

Ақсиған көп тісі бар (Қасқыр)

  • Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады (Қоян)

  • Үсті толы ине

Бірақ та, іс тігіп, қадамайды түйме  (Кірпі)

  • Адамға серік,

Күзетке берік           (Ит)

  • Жеміс жидек жегенім,

Балды жақсы көремін (Аю)

 

II-Қызықты сұрақтар сайысы

 

  • Жылқының төлі қалай аталады?
  • Ең қу аң?
  • Қыста ұйықтайтын аң?
  • Ең қорқақ аң?
  • Ең момын үй жануары?

Сергіту сәті:

III- «Дұрыс ажырат»

Ортаға әр топтан бір –бір бала шығады. Үй құстары мен дала құстарын ажыратып үй құстарын үйшікке дала құстарын ағашқа орналастырады.

IVНе қалай дыбыстайды?

Мысық – мяу-мяу

Сиыр- МУ-МУ-МУ

Ат-ягого-ягого

Қой- мә-мә-мә

Ит- гаф-гаф

Тауык қыт-қыт-қыт

V- «Суретті құрастыр»

Екі топтан 1баладан шығады. Екі бөлікке үй жануарлары мен дала жануарларын құрастырады.

 

Қорытынды: 

-Балалар бүгін біз сендермен не жайында айттық?

-Сұрақ жауап;

Мадақтау;

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *