«Маша мен аю»


Сулейменова Назира Бекболатовна
КМҚК №134 “Гауһар” балабақшасының тәрбиешісі

Мақсаты:балаларға куаныш сыйлау,жағымды эмоциялар тудыру;эмоционалды бауырмалдығы мен эстетикалық талғамын;музыкаға деген қызығушылығын дамыту; балалардың музыкалық тәжірбиесін байыту;балалардың ғажайып сезімін қалыптастыру.

Қостілді компонент:медведь-аю,птицы-құстар,дождь-жаңбыр.

Жабдықтары:үйшік,шылапшын,қасық,жидектер  мен құстардың жиектері,парақшалар, қолшатыр.

Балалар “Маша мен аю” мультфильмі музыкасының сүйемелдеуімен залға кіреді.

Жүргізуші.

Сары жібек көйлегін желбіретіп,

Жапырағын ағаштың селдіретіп.

Тойға бөлеп елімді күзім келді,

Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп

Алақай!Алақай!

Ұшты талдан жапырақ,

Шаттанды балақай.

Сары көбелек секілді.

Жаз кетті,

Аспанда жай шатырлап,

Күз түсті.

Тамшы жерге секілді.

Береке салты күз,

Мереке алтын күз!

1-ші бала.

Алтын,сары,қызыл,көк

Алуан,алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

2-ші бала

Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көк егін.

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін

3-ші бала.

Күз айлары тамаша,

Сабан тойы жараса.

Жемісін мол сыйлаған,

Қыркүйек,қазан,қараша

4-ші бала

Ой,балалар,балалар,

Қойырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты,

Ел егінін орыпты

“Күз әні”

Балалар орындыққа отырады;” Маша мен Аю“мультфильмі музыкасының сүйемелдеуімен Маша жүгіріп шығады.

Маша.Міне,сәлеметсіңдер!Мен-Машамын,ал сендер кім боласыңдар?

Жүргізуші.Біз-балабақша балаларымыз,күзгі орманды аралауға келдік.Ал сен жалғыз өзің мұнда не істеп жүрсің?

Маша.Мен өзімнің Мишкама келдім-ол менің ең жақын досым!Тоқтаңдар!Ол қайда кеткен?Сендер оны көрмедіңдер ме?Ол өзі қайда жүр?

Жүргізуші.Жоқ,Машенька,көрмедік.

Маша.Мүмкін емес,ол әдеттегідей ұйықтауға кетті ме?Қазір тексерейін!(Үйшікке жақындайды).Тастай жауып тастапты…!Миша,Миш-ұйықтап жатырсың  ба?Менімен ойнашы!Сен ұйықтап жатырсың ба?Ұйықтап жатқаны анық.Балалар,сендер маған Мишканы оятуға көмектесесіңдер ме?

“Күз келді ” әні

Мишка.

Қатты әндеткен кім десем,

Мені оятқан кім десем?

Эх,Маша бұзык екен?

Аюлардың күзде қысқы ұйқыға дайындалатынын білмейсің бе?

Маша.

Қарашы,Мишка,қане,

Бізге балалар келіпті!

Тұр ғой олар әне,

Қонақты қарсы алайық!

Ұйықтауға әлі ерте,біз әлі Күзді қарсы алған жоқпыз.Міне,балалар да күзгі орманға келіп қалыпты,олардың Күз аруды қарсы алғылары келеді!

Мишка(күрсінеді).Дұрыс,балалар,сендер Күзді қарсы алғаларың келе ме? Ендеше,жүріңдер,кеттік….

Балалар Мишкамен бірге музыканың сүйемелдеуімен (музыка жетекшісінің таңдауымен) залда жүреді.

Маша.Міне,нағыз Миша!Миш,қарашы,айналамызда қаншама жидектер өсіп тұр!

Мишка.Қайда,көрмей тұрмын?!

Маша.Жидектер,шығыңдар,Мишаны таңғалдырыңдар!

“Көкөністер,жемістер биі”

Маша.Миша,ал сен қысқа тосап қайнаттың ба?

Мишка.Әрине,қайнаттым!Тосап құйылған құтым бар еді (Алып келеді)

Маша(дәмін көреді).Дәмді,бірақ аз!

“Жидектер жина” ойыны өткізіледі

Жүргізуші балаға бос себет береді.Балалар белгі бойынша еденнен жидектердің нақпішіндерін жинайды.Кім бәрінен жылдам әрі көбірек терсе,сол жеңіске жетеді.

Тырналардың шуы естіледі.

Мишка(көңілсіз).Міне,жылы жаққа құстар қайтып келді…

Маша.Мишка,менің де ұшқым келеді!Құстар,сендер Күзді қарсы алған шығарсыңдар?Бері ұшыңдар,Күзді алып келіңдер!

“Құстар биі”

Күз.Ал менімен ойнағыларың келмей ме?

“Күн және жаңбыр” ойыны

Жүргізуші балаларға “Күн”пәрменін береді-балалар алаңда шашырап жүгіреді. “Жаңбыр!”Тезірек үлкен қолшатырдың астына! ”сөзінен кейін-балалар жүргізушіге қарай жүгіреді және жаңбырдан қолшатырдың астына жасырынады.

Күз.Жарайсыңдар,балалар,жақсы ойнадыңдар,менің көңілімді де көтердіңдер.

Мерекеміз аяқталып қалды,

Күзгі орман балалармен қоштасады.

Ал сендер мерекені ұмытпас үшін,

Сендерге дайындадым сыйлықтарды!

Күз алма салынған себетті шығарады да,оны балаларға таратады.

Күз,Мишка және Маша.Бізге тағы келіңдр,тату-тәтті ойнаймыз!

Жүргізуші.Сау болыңдар деп,алғыс білдіреміз бәріңе!

Қоштасады,балалар кез келген көңілді музыканың сүйемелдеуімен шығып кетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *