“Біз – Тәуелсіз ел болашағы”


Әлменова Маңғаз  Бейсенбайқызы
 КМҚК №134 “Гауһар” балабақшасының тәрбиешісі

Мақсаты:  Жас ұрпақты өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру арқылы отаншылдыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.

Жүргізуші: Өз жеріме өзім ие болған күн,

Тілім таза бостандығын алған күн

Елтаңбам мен көк байрағым желбіреп

Тарихыма өшпес белгі салған күн

Армысыздар құрметті балалар, ата-аналар! Бүгін салтанатты мерекеміз 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнін атап өткелі отырмыз. Еліміз егемендік алып санамыз қайта жаңғырды. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсың, аспанымыз ашық болып, еліміз, жеріміз аман болсын. Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығы құты болсың.

Бүгінгі Тәуелсіздік мерекесіне арналған “Балдырған” тобының “Біз – Тәуелсіз ел болашағы” атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етулеріңізді сұраймыз.

Әнұран орындалады

Құттықтау рәсімі: балабақша әдіскері Мейрамгүл Жаманкешовнаға беріледі.

Жүргізуші: Тәуелсіздік 11 әріптен құралған

Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман

Талай дара, даналардың көз жасы

Қаныменен атты таң боп бізге алдан

Он бір әріп не мағына береді

Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл

Әлішер:          Т – білдіреді теңдікті

Кәусар:           Ә – әдептілік, елдікті

Еркеүлан:      У   – уайымсыз уақытты

Тагир:             Е   – егемен елдікті

Ханшайым    Л  –  лайым тыныштықты

Шыңғыс        С  –  сенімділік секілді ең

Мағжан          І  –  ілтипат ізет қой

Күмісай          З  –  зиялылық тілек қой

Ерсайын        Д   – шақырады достыққа

Сырым           І   –   ілгері бол сақтыққа

Ислам         К  –   дейді күн бол  көктегі

(хормен)        көз алартпа көршілерге қол сұқпа

Жүргізуші: Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте отан туралы шексіз ойға берілеміз. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауын, ауылың мен астанан. Енді кезекті бүлдіршіндеріміздің құттықтауларына берейік.

Тақпақтар

Ерсайын

Егеменді елдің біздер

Ұланымыз жас қанат

Апайларға сәлеміміз

Құттықтаудан басталады

Кәусар

Бабамның да арманы

Осы еді ғой аңсаған

Тәуелсіздік таңдары

Бақ береді баршаға

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолыма

Менің Қазақстаным!

Әлишер

Көк туымда күш жігерім

Көк туымда ар намысым

Үміт артар ұшқын едім

Бағымнында жанғаны шын

Сырым

Отан деген атамекен

Отан деген туған жер

Отан ана, отан үлкен

Қазақстан туған жер.

Жүргізуші:

Азаттық, тәуелсіздік қазақтың ежелгі арманы еді. 1991 жылы Тәуелсіз ел атанып, аяғынан тәй тәй басқан республикамызбен оның халқы үшін ерекше жыл. Сол күні республикамыздың аспанында қазақ елінің өз жалауы желбіреді, елдігіміздің танытар Елтаңбамыз қабылданды. Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің қойылымын тамашаланыздар.

Жүргізуші:

Талшыбықтай бұралған

Қазағымның қыздары ай

Сүйсіндірген биімен

Өнерлі ғой қыздар ай.

Ортаға “Аса таяқ” биімен тобымыздың биші қыздарын шақырайық.

Жүргізуші:

Туған жерім теңдесі жоқ мекенім,

Қазір де мен қадіріне жетемін

Қуанамын әр гүлденген гүліне

Сен түрғанда керек емес өзге елдің.

Ән “Туған жер”

Келесі кезекті тақпақтарға берейік.

Күмісай

Отанды біз атамекен

Деп аялап айтамыз

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз

Шыңғыс

Ақ ниетті алтын күн

Асқақ арман қыраны

Жалауы бұл халқымның

Мәртебесі туы, ары.

Еркеүлан

Атағы артық жаны аппақ

Әй отаным отаным

Үмітінді мен ақтап

Үлесімді қосамын

Мағжан

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі

Ханшайым

Толтырған гүлге даланы

Жайнатқан ауыл қаланы

Ардақты атамекенім

Отаным Қазақстаным!

Тагир

Мой Казахстан дом родной

Мне все в нем мило и пригже

Мой Казахстан край степной

И нет мне Родины дороже.

Жүргізуші: Тәуелсіздік мерекесіне ертегілер елінен келе жатқан қонағымыз бар. Міне өзі де жетіп қалған сияқты. Қарсы алайық.

Желаяқ: Сәлеметсіңдерме балалар, ата-аналар! Мен жеті алып ертегісінен келген Желаяқпын, аяғым жүргісі келіп тыным таппайды. Бір жерде тұра алмаған соң, аяғыма қазандай тас байлап алдым.

Жүргізуші: Жүгіре жүгіре шаршаған шығарсың, мерекемізді тамашалаңыз!

Желаяқ: Жоқ мен шаршаған жоқпын. Мен ата-аналармен бір ойын ойнайын. Ойының аты “Санамақ”. Ата-аналарды екі топқа бөліп жарыстыру. Өзім сондай жылдам жүйрік болған соң, сендердің де мен сияқты болғандарынызды қалаймын. Ата аналарға ойынның шартын түсіндіреді.

Жүргізуші: Желаяқ сенің аяғын шаршаған болар, қазандай екі тасты шешіп қой.

Желаяқ: Отырып аяғындағы тасты шешеді, ой ой бекер шештім тасты. Аяқтарым бір жерде тұрмайды екен ғой. Залдан жүгіріп шығып кетеді.

Жүргізуші: Желаяқ жүгіріп жүгіріп ертегідер еліне жетер. Мерекемізді әрі қарай жалғастырайық.

Жүргізуші:

Биле жастық, биле сен

Көрермендер көңіл күйін көтер сен,

Тәуелсіздік тойын тойлап баршамыз

Дүр сілкіндір сахнамыздың төрін сен.

Келесі кезекті “Батырлар” биіне береміз.

Балалардың орындауында “Атамекен” әні.

Жүргізуші: Тәуелсіздік қол жеткізген күніміз құтты болсың! Еңсесің асқақтақан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін дей отырып, “Біз Тәуелсіқ ел болашағы” атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *