Жоғары оқу орнында психологиялық педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық әдістерді қолдану жолдары


Қадыржанова Жанна Елемесовна
Орал қаласы, БҚИТУ педагогикалық факультетінің аға оқытушысы, магистрі

Ұйымдастырылып отырған ғылыми‑әдістемелік семинар бұл қазіргі күнде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, оқытушылар алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отырғаны белгілі екендігін еске салады.  Білім беруді ақпараттандыру – жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады.

Оқыту үрдiсiнде жаңа технологияны қолдану оқытушы мен оқушы қарым‑қатынасының бұрынғы қалыптасқан жүйесiн, олардың iс-әрекеттерiнiң мазмұнын, құрылымын үлкен өзгерістерге ұшыратады. Бүгінгі ғылыми‑әдістемелік  семинардың мақсаты да – қазіргі күнде жоо‑да білім беруде қолданылатын жаңа технологиялар мен инновациялық әдістердің маңызы, ерекшеліктері туралы мәселелерді талқылап, сабақтарда қолданылу жолдарымен, тәсілдерімен өзара тәжірибе алмасу негізінде ұйымдастырылып отыр. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Сондықтанда осы ғылыми‑семинарда баяндалатын мәселелер тақырыптың негізін ашуда, оқыту үрдісіндегі кейбір проблемаларды талдауда, шешімін табуда ықпал етеді деп есептеймін.

Бүгінгі әдістемелік‑семинар мәселесі бойынша бірнеше оқытушылардың тақырыптары баяндалып, инновациялық әдістердің сабақта қолданылу жолдары үлгі ретінде көрсетілді. Атап айтсақ, п.ғ.к., доцент Колесова Л.Г. «Развитие рефлексивных навыков преподавателей»  баяндамасы бойынша оқытушылардың  рефлексивтік дағдыларын қалыптастыру, дамыту, жетілдіру жолдарын айтып өтті. Рефлексияның оқытушы іс‑әрекетіндегі негізі, маңызы және пайдасы туралы жан‑жақты талқыланды. Рефлексиялық дағдының оқытушы іс‑әрекетінде әдетке айналуы  мен оны көрсете білудің жолдары ұсынылды. Сонымен қатар, қатысып отырған оқытушылармен рефлексиялық дағдыға байланысты әдістер мен жаттығулар өткізілді.

Келесі баяндамашы, п.ғ.к.,доцент Габдрахманова Ш.Т. «Жоғары оқу орнында психологиялық‑педагогикалық пәндерді оқытуда рольдік ойынды өткізу алгоритмы» тақырыбы бойынша сабақта ойын түрлерін  (рольдік ойынды) пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы маңызын көрсетті. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болатындығы. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арттыратынын, сонымен қатар,  ролдік ойынды тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын күшейтеді, студенттердің сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттыратынын баяндады. Интерактивтік ойынды  сабақта қолдану нәтижесінде  студенттердің:  білім алушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгеретіндігі; студенттер тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше

білуге үйренетіндігі; оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік беретіндігі талданды.

Баймуханова Б.Қ., Қадыржанова Ж.Е.  «Студенттердің оқытушылармен өзіндік жұмысын ұйымдастыруда Эдвард де Бононың «6 ойшыл қалпақ» әдісін қолдану» тақырыбы бойынша бұл әдісті сабақта қолданудың тиімділігі, ерекшелігі, маңызы, нәтижесі айтылды. Сонымен қатар, әдісті сабақта қолдану кезіндегі қалпақтардың түсінің сақталуы, нені білдіретіндігі, қандай функцияны атқаратындығы және таңдаған топтың немесе студенттің сол түске сәйкес қандай ой операциясын орындайтындығы түсіндірілді. Тәсілдері, сабақта қолдану жолдары мен мысалдары айтылды, көрсетілді.

Аға оқытушы, магистр Утепова М.  «Шығармашылық білім беру саласындағы дәстүрден тыс әдістерді қолданудың тиімділігі» тақырыбындағы баяндамасында балабақшадағы оқу іс‑әрекетінде бұл әдістердің алатын орны, рөлі, маңызы туралы атап өтті. Сондай‑ақ, дәстүрден тыс әдістерді қолдану нәтижесі баланың шығармашыл юолуына, жеке өзі дәстүрден тыс әр саладағы мәселелерді шешуге бейім әрекет ете алатынына,  өз бетінше жаңа бір бейне құра алатын, яғни іс – әрекеттің қандай түрінде болсын жаңалық ашу арқылы, өзіндік және даралық дамудың бір көрінісін байқататын тұлға ретінде қалыптасады деп түсіндірді. Ең маңыздысы – балалардың қиялдау, бейімделу, қозғалу, жүйелеу, диалектикалық ойлау қабілеттері дамып, екінші жағынан іздену белсенділіктері, жаңалыққа талпынуы, сөйлеуі, қиялдау қабілеттері жетілетіндігін баяндады. Шығармашылық білім беру саласындағы дәстүрден тыс әдістерді көрсетіп, оқытушылармен бірлесе шығармашылық жұмыстардың түрлері орындалды.

Аға оқытушы, магистр Жұмасейтова А.Е.  «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы оқу‑тәрбие үрдісінде М.Монтессори педагогикасын қолдану»  тақырыбында  бұл әдістің  мақсаты, міндеттері, негізгі педагогикалық қағидалары, Монтессори технологиясын енгізудің тиімділігі мен қолданылу ерекшеліктері баяндалды. Сонымен қатар, Монтессори әдісін қолдану бұл өз еркімен өсуіне және шығармашыл тұлға болып қалыптасуына ықпал ететіндігі, алға талпынуға, дамуға жетелеу, ынталандыру, баланы психологиялық қажеттілігіне сәйкес нақты логикалық қисынды құра білетін, дайын ортаға орналастыру идеясын көздейтіндігі айтылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *