«Құрманың адам денсаулығына пайдасы»


Байсеит Рамазан Нұржанұлы

Тараз қаласының №32 орта мектебінің 4 «б» сыныбының оқушысы

Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі Алимбаева Гулшат Бақытжанқызы

                                              Түйін

Бұл ғылыми жобада құрманың құрамы, пайдасы, әр түрлі дертке емі және тағы да басқа жақтары айтылады. Жоба барысында құрма өсімдігіне биологиялық тұрғыдан ғылыми сипаттамалар толығымен берілді. Тақырыпқа байланысты биолог ғылымдарының еңбектері, әр түрлі кітәптәрмен ғаламтор желісіндегі материалдар кеңінен пайдаланылды. Сонымен қатар жобада құрма жайлы қызықты мағлұматтар нақты айтылған.

АННОТАЦИЯ

В данном научном проекте говорится о различной пользе, лечебных и других качествах хурмы. В проекте дается полное научное описание растению хурмы с точки зрения биологии. Широко использованы учебные материалы, связанные с трудами ученых биологов и данные из интернета. Наряду с этим в проекте приведены интересные факты о хурме.

ABSTPACT

In this scientific project be spoken composition of the Kurma. Its  profits for organism of the person. In the project were broadly used works of biological scientists, different scientific books and internet materials. As well as interesting materials were exactly spoken in project about kurma.

№ 32 орта  мектебінің

4 «Б» сынып     оқушысы

Байсейт Рамазанның «Құрманың адам

денсаулығына пайдасы» тақырыбына

жазған ғылыми жұмысына

Пікір

«Құрманың адам денсаулығына пайдасы» тақырыбындағы ғылыми жұмысында құрманың пайдасы мен зияны жайында түсінік берген. Зерттеу жұмысында құрманың адам денсаулығына пайдасы, емдік қасиеттері жайында толық зерттелген. Құрманың адам ағзасына тигізер өзіндік орны бар екенін атап көрсеткен. Денсаулық үшін бұл тіпті де қажет. Құрманың құрамында химиялық элементтер бар екендігі зерделенген. Құрма туралы көптеген мағлұматтар жинаған. Жинаған мағлұматтары түсінікті, жинақы әрі қызықты. Оқушы жалпы құрманың адам денсаулығына пайдасы туралы толықтай мәлімет бере білген.    Рамазан көп ізденген, жұмыстың мақсат-міндеттері толығымен орындалған. Зерттеу жұмысына қойылатын талаптар толығымен ескерілген. Әрі қорғауға әбден лайық деп білеміз.

Пікір  жазған: бастауыш  сынып  мұғалімі, Алимбаева Г.Б

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Құрманың отаны мен құрамына, түрлеріне анықтама беріп, оның емдік қасиеттеріне тоқталу.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:

Құрманың отаны мен құрамына, түрлеріне анықтама беріп, оның адам өміріндегі маңызын зерттеу. Өсімдіктің дұрыс өсуіне қолайлы жағдай жасау арқылы ( ыдысы, топырағы, қосымша қоректендіру тыңайтқыштары, суару жолдары) оның басқа аймақтарда өсіп-жетілуін бақылау. Құрманың адамға тигізер пайдасына тоқталып, осы тақырыпта жүргізілген дерек көздеріне ғылыми тұрғыдан сипаттама беру.

Зерттеу әдісі:

Қолдағы бар жиналған деректердің және қосымша материалдардың көмегімен зерттеу жұмыстарын ғылыми сипаттама жасау.

Зерттеу міндеттері:

Зерттеу тақырыптары бойынша әдебиеттерге талдау, шолу, құрма құра-мындағы ағзаға қажетті витаминдер жайлы айта отырып, бүгінгі таңдағы осы құрманың адам өміріндегі маңызын көрсете білу.                                           Зерттеу жұмысының жаңалығы:

Құрманы өсіру кезінде оның үй жағдайында өсетіні, оған жұмсалатын шығын мен уақыттың аздығы, бөлме өсімдігі сияқты өсіруге қолайлылығы.                                                                             Зерттеу жұмысының нәтижесі:

Құрма ағашының кәдімгі бөлме өсімдігі сияқты үй жағдайында өсіре отырып, оны зерттеу ғылыммен ұштастыру.

КІРІСПЕ

1.1.ҚҰРМА ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ

Құрма ағашы ең көне ағаштардың біріне жатады. Араб тілінде құрма ағашына «Нахла» делінеді. Алла Тағала атамыз Адамды жаратқанда, ең әуелі топырақты елекке салып елеген. Еленген топырақтан Адамды жаратып, електің үстінде қалған топырақтан осы құрманы жаратқандығы айтылады. Електің үстінде қалған қоқымға «нахла» делінеді. Сондай-ақ, құрманың құрамы адам бойындағы барлық қажетті витаминдерге бай және денсаулыққа өте пайдалы екенін атап кеткен жөн. Байқағанымыздай, қазір де арабтар құрма ағашына «нахла» дейді. Демек адам мен құрма ағашының арасында тығыз қарым-қатынас пен ұқсастық бар. Соларды атап өтсек: Адам секілді құрма ағаштарының да орташа жасы 60-70 жыл. Ал ең ұзақ ғұмырлысы 100-110 жыл.
Адам секілді құрма ағашының ең жемісті кезі 15-45 жас аралығында болады.
60 жастан кейін жеміс бермейді. Құрма ағаштары да адам секілді еркек-ұрғашы болып бөлінеді. Адам шашы тәрізді еркектерінің жапырағы тік және қысқа болса, ұрғашыларынікі ұзын және төмен қарай жайылып өседі.
Адам сусыз өмір сүре алмайды. Құрма ағашы да басқа ағаштарға қарағанда суды көбірек қажет ететін өсімдік. Ағашты күніне суарып тұру қажет екен
Құрма- тік шаншылып, 24 метр биіктікке дейін өсетін құрма пальмасы. Құрма ыстық климатты аймақтарда өсіріледі. Құрма өсіру шаруашылығымен айналысатын елдерге: Сауд Арабиясы, Ирак, Алжир, Мысыр мемлекеттері жатады. Құрманың бойында көмірсулар (60-65%) мыс, темір, мырыш, кобальт, калий, фосфор, күкірт, алюминий, бор, кадмий, сонымен қатар тиамин, ниацин, рибофлавин, фолацин, пиридоксин, к дәрумені, тағамдық талшықтар, фтор, селен, пектин және аминоқышқылдардың 23 түрі бар. Бір сөзбен айтқанда, түрлі дәруменге бай, тойымды әрі емдік қасиеті мол құрма – ғажап жеміс.  Кептірген жемісінде 52% қант, 48% глюкоза болады. Құрманы тұқымынан өсіргенде 5-7 жылда, ұластырылғандары 3-4 жылда жеміс береді. Ірі ағаштары жылына 250 кг-ға дейін өнім береді. Құрма – адамзат баласының барлығына танымал, ең көне жеміс болып табылады.  Өзінің нәзік, тәтті әрі құнарлы сипатымен қазіргі таңда да көптеген әлем елдеріндегі маңызы зор жеміс болып отыр. Ғалымдар бұл жемістің барлық жаңа қырын және таңқалдырарлық ерекшелігін әрі таңдаулы ас екендігін ғана емес, небір түрлі ауру – сырқаудың таптырмас емшісі екендігін анықтап отыр. Жақында ғалымдар құрманың әйел адам босанар кездегі берер пайдасын  және де аяғы ауыр әйел мен іштегі нәрестеге де пайдалы екендігін анықтап отыр. Есте болар жайт, құрманың құрамында ойдың жүйелі болуына және денсаулыққа пайдалы 10 түрлі элемент бар. Құрма -18 – 20о С суыққа төзімді. 50 – 60 жыл, ал қолайлы жағдайда 100 жылға дейін қурамайды. Олар пішініне, дәніне, түсіне, оның дәмі мен консистенттілігіне, пісу мерзіміне, т.б. белгілеріне қарай ажыратылады. Жемісі тәтті, шарап өндірісінде, джем жасауға пайдаланылады. Дәнсіз жемістерін кептіріп, тағамға інжір тәрізді қолданады. Жаңа піскені, кепкені, ірісі, кішісі, емге жарамдысы, дәмі түр-түсіне қарай құрманың көптеген түрлері бар. «Барни, Ажуа»- түрлері бар. Бүгінде ғалымдар адам баласының тек құрма мен суды азық етіп, бірнеше жыл өмір сүре алатындығын анықтап отыр.

1.2.ҚҰРАН ЖӘНЕ ҚҰРМА

Құрма – қасиетті Құранда аталған жемістердің бірі. Хазірет Мәриям Исаға толғатып қатты қиналғанда, Аллаһ тағала мейірім білдіріп, оған құрма жеуді әмір еткен. Бұл жайлы «Мәриям» сүресінде: «Сөйтіп тұрғанда толғақ қысып, құрма ағашына барып сүйенуге итермеледі. «Қап, бұрын өліп, ұмытылып кеткенімде болар еді» деді күйзеліп. Сол сәт (періште) төменнен былай деп дауыстады: «Жабырқама, Раббың асты жағыңнан бір арық жасады. Құрма бұтағын өзіңе қарай сілкіле, үстіңе жас құрмалар түссін. Содан, же. Көз айым бол!» делінген. Құрманың медицинадағы зор пайдасы жайлы зерттеулер ең алдымен әйел адамды босандырар кездегі ең таптырмас зат екендігі медицинада ашылған соңғы жаңалық болып отыр. Алайда бұған дейін, 1400 жыл бұрын Құранда Алла Тағаланың Мәриямға бұл жемістің жүктілік кезіндегі пайдасы мен босануын жеңілдетуші жеміс екендігін Өз даналығымен білдіргендігі айтылып қойған. Құрма – Құран аяттарында көп кездесетін жеміс түрі. Иман келтіргендерге Жәннатта әзірленген небір дәмді- тәтті астардың ішінде құрма да айтылады. Алла Тағала Құранда ерекше мән берген бұл жемістің химиялық құрамын зерттеген кезде көптеген пайдалы заттар анықталды. Сондай- ақ Құран аяттары да біздің назарымызды құрманың адам баласына берер пайдасына аударуда. Құрманың құрамындағы бір ғана зат – окситоциннің болуы – Құрандағы Иләһи ескертпе екендігінің дәлелі бола алады. Бұл жеміс мұсылмандар үшін өте маңызды.  Айша анамыздың айтуынша, Пайғамбарымыз  оразасын жас құрмамен, жас құрма болмаса, кепкен құрмамен, ол болмаса сумен ашатын. Сол себепті құрмамен ауыз ашуды сүннет деп білген мұсылмандар қасиетті Рамазан айында дастарханға құрма қоюды игі дәстүрге айналдырған. Тіпті құрманы ауызашардың сәні деп те айтуға болғандай. Құрамындағы қант мөлшерінің көптігі ораза ұстаған адамның күні бойғы денесінің әлсірегенін кетіретіндігін айтқан мамандар құрманы жай уақытта да жиі жеп жүруге кеңес беруде.

1.3. ҚҰРМАНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ДӘРУМЕНДЕР

Құрма А, С, Р, В1, В2 дәрумендеріне, темір, калий, фосфор, кальций, магний, йод пен глюкозаға бай. Жемістің құрамында: алмада, бананда, апельсинде жоқ 23 аминқышқылдары бар. Жас құрманың бойында 60-65 пайыз қант болғанына қарамастан, адамды семіртпейді. Сонымен қатар, құрманың дәнінде А дәрумені, бетакаротин, B1, B2, B3 және B6 дәрумендері бар.  Құрамында А, С дәрумендері көп болғандықтан, салқын тигенде сауықтырады. Салқын тиіп, жөтел пайда болса, 1 құрма жемісі шырынын 3,5 ас қасық жылы сумен қосып тамақты шаю қажет. Глюкоза қан құрамын реттейді. С, Р дәрумендері көктамырдың әлсіздігін азайтады. Темірге бай болғандықтан бір адам күніне 15 дана құрма жесе,  денедегі темір қажеттілігін қамтамасыз еткен болады және темір жетіспеушілігінен пайда болатын аурулардан сақтанған болады. Құрмада B1, B2 витаминдерінің қатар кездесуі бауырдың қызметін жақсартады. Құрамындағы фосфор мен кальцийдің молдығы қаңқа сүйектерінің қалыптасуында және сүйек құрылысының тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Фосфор мен кальцийдің көптігі сүйек ауруларынан қорғайды. Құрмада минералды заттардан натрий, калий, кальций, магний, темір, күкірт, фосфор және хлор бар. Құрманың құрамында үлкен мөлшерде қант бар екен, яғни 60-65 пайыз. Бұл барлық жемістермен салыстырғандағы ең үлкен көрсеткіш. Құрмада көптеген дәрумендер мен минералды  заттар бар. Олар жасұныққа (клетчатка), майға және ақуыздарға бай. Құрма В9 (фолиевая кислота) дәруменіне өте бай.

1.4. ҚҰРМА САН ТҮРЛІ ДЕРТТІҢ ШИПАСЫ МЕН  ПАЙДАСЫ

Құрма – ас қорытуға пайдалы. Тойымдылық қасиеті өте жоғары болып табылады. Бір құрма мен бір кесе сүттің адамға қажетті бір күндік калорияға тең екендігін айтылған. Қан аздыққа пайдалы. Талшықты жемістердің қатерлі ісікке шалдығу қаупін төмендететін зерттеулер көрсеткен. Құрмаларда көп мөлшерде талшық болады. Мидың жұмыс істеу қабілетін арттырып, есте сақтау қабілетін жақсартады. Зерттеулер нәтижесінде құрманың антисептик дәрі екені, жараларды тез жазатын, сүтті арттыратын, нәрестені қоректендіретін, құрамындағы калий балалардың өсіп-жетілуін қамтамасыз ететін таптырмайтын азық екені анықталған. Бетке безеу шыққанда, бетте ұсақ тесіктер пайда болғанда олармен бірден-бір күресуші құрма жемісі болып табылады. Бұл жемістен бетке маска жасаған да, денеге арналған гель қолданған да пайдалы. Ол денені ылғалдандырады және жасартады.

– Құрмада B1, B2 витаминдерінің қатар кездесуі бауырдың қызметін жақсартады. Бауыр суық жемістерді жақсы көретіндіктен құрманы қауын, қиярмен жеген жақсы болады.

– Асқазан жарасын емдейді. Асқазан жұмысын жақсартады. Кейбір мемлекеттерде асқазан жарасын емдеу үшін құрма арнайы тәжірибеден өткен.

-Қуық және бүйрек қабынуында шипа болады. Суы бүйрек тастарының ыдырауына өте пайдалы.

-Миды және жүйке жүйесін тынықтырады. Олардың жұмыс істеу қабілетін жақсартып, сергіткіш әсер береді. Құрманы үнемі жейтін адамдар депрессияға түспейді. Ұмытшақтық ауруын емдеуде құрма үлкен жетістікке жетті.

– Бронх пен өкпенің қабынуын сауықтырады.

-Құрамында йод көп болғандықтан қалқанша безі ауруына шипа болып табылады.                                                                                                                                 -Күніне 1 құрма жеу ағзаны магниймен байытады, ұйқының ты-ныштығын қамтамасыз етеді. Ал фруктоза мен глюкоза көңіл күйді көтереді.                                 – Құрманы жатардан алдын жесе сал ауруына қарсы өте пайдалы.

-Ағзадағы жеткілікті калий жоғары қан қысымын болдырмай, дененің терісіне жақсы әсер береді. Грузия диетологтары бір мезгіл астың орнына құрма жеп тұру артық салмақтан тез арылуға көмектесетін тиімді әрі қауіпсіз тәсіл деп есептейді.

Құрманың құрамында толыққанды тамақты алмастыра алатын бағалы витамин-дер мен микроэлементтер бар. Мамандардың айтуы бойынша, адам бір ай бойы түскі астың орнына құрма жеп тұрса, ол міндетті түрде 3-5 килодан арылады. Мамандар бұл тәсілді 64 адамға тексеріп үлгеріпті. Нәтижесінде олар ешқандай физикалық күш жұмсамай-ақ артық салмақтарынан арылған. Сондай-ақ диета ешкімнің денсаулығына кері әсерін тигізбеген екен.

Құрма – ешқандай химиялық қоспаларсыз, табиғи қалпында ұзақ сақталатын жеміс. Ол қараңғы әрі 0 градус салқындықта жақсы сақталады. Әсіресе бетін мықтап жапса, мұздатқышта тұтас бес жыл бойы сақтауға болады. Қабығы кристалды қант тәріздес болған әрі өңезденіп кеткен құрманы сатып алмаған жөн. Құрма еліміздің тек қыс айларында сатылымға түсетін, қыстың белгілерінің бірі.

ЕСКЕРТУ:

1.     Құрманы сыртын жуып жеу керек.

2.     Асқазаны бұзылған адамдар абайлап қолданғаны жөн.

3.     Сыртқы жұқа қабығын алып тастап жегені дұрыс.

4.     Құрма жемісін мөлшерден тыс пайдалану – қатты бас ауруын шақыруы мүмкін.

5.     Құрманы асқазанға ауыр салмақ түсірмес үшін, жатар уақытқа 1,5- 2 сағат қалғанда жемеген жөн.

ҚОРЫТЫНДЫ

Құрма – құрамында дәрумендері мол жеміс. Осы жобану жазу кезінде құрма туралы көптеген деректер білдім. Қыс мезгілі кезінде көптеген адамдардың иммунитеті төмен түсіп кетеді. Сондай кездерде құрманың пайдасының бар екендігіне көз жеткіздім. Құрманың зиянды жақтарының барында білдім. Бұл жоба аяқталған жоқ. Зерттеу жұмысымен айналысқаныма 3 ай болды. Осы тәжірибені жасай отырып, мен өз ауламда құрма ағашын егудің ыңғайлы жолын іздеп көрдім. Бұны ең алдымен үйде егіп көріп, үйренген соң аулаға шығаруды жоспарлап отырмын. Құрма өсімдігін үйге гүл егетін ыдысқа егеді. Ол үшін құрманың ұрығынан егеміз. Құрма ұрығын алып кептіреміз. Және гер алдында оны күн шуағына қойып қыздырып барып ексеңіз, құрма тез шығады. Бүгінде ғалымдар адам баласының тек құрма мен суды азық етіп, бірнеше жыл өмір сүре алатындығын анықтап отырмын. Сонымен қатар, «Тропикалық елдерде өсетін жемістерді (АПЕЛЬСИН, МАНДАРИН, ҚҰРМА) өзіміздің өлкеде, жылыжайда өсіруге мүмкіндік барма немесе жоқпа?» деген сұраққа жауап алғым келді. Қорыта келе «Денсаулық зор байлық» – деп тегін айтылмаса керек. Сондықтан денсаулығымызды сақтау үшін құрманы көбірек пайдаланыңыздар деп ұсыныс айтқым келеді. Бір сөзбен айтқанда, түрлі дәруменге бай, тойымды әрі емдік қасиеті мол құрма – ғажап жеміс. Ендеше, осы ғажап жемістен дәм татыңыздар!

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.     Биолог анықтамалығы № 5, 2015  22-23 бет Алматы

2.     Құлжабаева Г.А.«Өсімдіктер әлемі» оқу- әдістемелік кешені 67 бет

3.     «Бәрін білгім келеді кітабы» 12 бет

4.     «Сұрақ жауап» энциклопедиясы 44 бет

5.     «Айқын» газет журналы 33 бет

6.     «Пайдалы кеңестер» журналы 42 бет

7.     «Егемен Қазақстан» газеті 21.12.2016 ж 6 бет

8.     www.uskz.orq  сайт парақшасы

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *