Наурыз мерекесінің бағдарламасы


Дүйсенбай Арайлым Алиқызы
Жамбыл облысы ,Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы Балалар мен жасөспірімдер орталығының қосымша білім беру педагогы

(Мерекелік ойын-сауық өткізілетін сахна алдын ала «Ұят болмасын» бағдарламасындағыдай арнайы дайындалуы шарт. «Ұят болмасын» бағдарламасындағы әуен ойналып тұрады.)

Сахнаға: атасы мен келіні Балжан шығады. Қызы Аяулым, Ұлы Ерасылмен бірге.

Ақсақал:

– Келін бүгінгі Ұлыстың ұлы күніндегі ақ  дастарханымызға ақ тілек

айтып бата беріп жіберейін.

Төрт түлік ақты болсын!

Өрісің малға, үйің жанға толсын!

Көк тәңірі ырысыңды аяма

Әділ жанды тағыңнан тайдырма

Әз халықты бағынан айырма. Аумин.

(тілегін айтып болған сәтте бір тол жігіттер кіріп келеді.)

Жігіттер:

–          Ассалаумағелейкум ақсақал.(барлығы біртіндеп амандасып шығады) Наурыз құтты болсын

Ақсақал:

–          Уағалейкум уәссалам. Ия, жол болсын! Төрлетіңдер (барлығы жайғасып отырады) Бірге болсын шырақтарым.

–          Келін  ыстық-ыстық шайыңнан құй.

Келін:

– Ия ата шайден алыңыздар

Ақсақал:

-Ұлыстың ұлы күні жақсы-жақсы тілек тілеп аулаға тал егіп бір-біріңнің үйіне кіріп дәм татқан дұрыс қой. (Сахнада ер кісілер ананы-мынаны айтып отырған кезде Балжанның қайнысы келеді)

Қайнысы:

–          Саламатсыз ба, о жеңеше, үйде қонақтар бар екен ғой. (Барып қонақтармен амандасып жеңгесінің қасына қайтып келеді.) Мен ағама бір шаруалармен келіп едім.

Келін:

–          Мырза жігіт, көп болды ғой сені көрмегнімізге. Қайда жүрсің өзің? Ағаң үйде жоқ, Құлан төбеде Наурыз мерекесіне бәйге болып жатыр соған атын баптап әкеткен. Осы сенің әніңді сағындық қой. Бір ән салып, көңілімізді көтеріп кетші.

Қайнысы:

–          Ендеше мен сіздерге бір ән салып берейін (Жасұзақ халық әні «Илигай»)

Ер кісілер:

–          Ақсақал, дәміңізге рахмет. Рұқсат болса біз де тұрып Құлан төбеге бәйге қызықтауға барып қайтайық. Серік атамды да дайын көлікпен ала келіңдер деп табыстап еді. (Ер кісілер атамен бірге сахнадан шығып кетеді) Жүріңіз ақсақал

Ақсақал:

–          Барсам барайын бой сергітіп қайтайын

Келін:

–          (Шайдың орнын жинап жүріп) «Абысын тату болса ас көп дегендей» мен бір абысындарыма «абысын асын» берейінші. Ер азаматтарымыз жоқ қой бәрі бәйгіде.

–          Аяулым, қызым Аяулым!(Аяулым жүгіріп келеді)

–          Қызым мына көрші үйдегі жеңгеңді шақырып келе қойшы.

 

Қызы:

–          Жарайды

Көрші келін:

–          Жеңеше шақырдыңыз ба?

Келін:

–          Иә келінжан. Бүгін бір абысындарыма «абысын асын» берейін деп едім сен де солардың арасында бол.

Көрші келін:

–          «Абысын асы » дегенді естімеппін ол қандай ас?

Келін:

–          Келін ау, күнделікті өмір күйбеңімен ертелі кеш біздікі үй шаруасы ғой. Айтқа, тойға, қазаға үлкендер аттанып кеткенде сол үйде қалатын тағыда біз әйелдер. Абысындардың еркіндеп қалатын кезі міне осы сәт. Осындай абысындар бір үйге бас қосып жылы жұмсағын қазанға салып, шәй қойып  өздері бір кеш сауық жасайды, сырласады, дастарханды кең жайып дәм татады. Міне осы бас қосу, осындағы дәмді «абысын асы» дейміз. Қазағымның салт-дәстүрі керемет қой шіркін ай.

Кіші келін:

–          Жеңеше мен үй жаққа барып еркеқызға үйді табыстап, өзім қайтып келемін.

Келін:

–          Иә, иә жылдамырақ кел. (Балжан ұялы телефонын қалтасынан алып Самал абысынына телефон шалады)

–          Алоо Самал Наурыз мерекесі құтты болсын, қалайсыңдар өздерің, иә иә, мен бүгін абысындардың басын қосып «абысын асын» берейін деп едім қасыңдағы Гүлімжан, Гауһар абысындарға хабарлай кел. Тезірек келіңдер!

(Осы кезде көрші келін келеді)

Көрші келін:

–          Әжем көпті көрген кісі емес пе, мұндай жерге құр қол бармайды деп мына дастарханды сізге беріп жіберді- деп дастарханын береді.

Келін:

–          Ой рахмет!

(Осы кезде басқа абысындар келіп жетеді, бәрі сәлемдесіп, сәлем салып, дастархандарын беріп жатады.)

Келін:

–          Гүлден сен абысындарға шәй бере бер мен қазанға ет сала берейін.

–          Әй біз главный генералды ұмытып кеттіппіз ғой. Самал көгершіндегі үлкен абысынға қоңырау шал, домбырасын да ала келсін.

Самал келін:

–          Әй үлкен жеңешемсіз қалай тамақ жейміз! Ол бізді соттайды ғой – деп телефонын алып қоңырау шалады.

Гүлімжан келін:

–          Самалжан бүгін бәріміздің басымыз қосылып қалған екен, сенің бір әсем әнің бар еді ғой, сол әніңді бүгінгі мерекеде айтып берсең қайтеді.

(Самалдың орындауында ән «Бақыттымын достарым»)

(Осы кезде Гүлнәр абысын келеді )

Гүлнәр абысын:амансыңдарма келіндер, Наурыз мерекесі құтты болсын.

Келіндер сәлем бердік, сәлем бердік деп шулайды.

Келін: Жеңеше төрге шығыңыз,төрлетіңіз.

Гүлнар абысын: Ия, келіндер мына менің қара домбырамның сыңғырлаған үнін сағынып қалған шығарсыңдар ,сендерге күй шашуымды ала келіп едім соны сендерге  орындап берейін.

Сырттан біреу:  Абысындар-ау , Мариям толғатып отырғой !

Гүлімжан мен Элвира  қолтықтап алып кетеді.

Гүлнар абысын: онда бізде қарап тұрмайық , Жарысқазан ырымын жасап  жіберейік,     халқымызда ырым бар емес пе,бала қара қазандағы тамақтан бұрын шығуға асығады

 

екен .Қане Гүлден келін кел,екеуіміз екі жақтан жеңіл желпі тамақ жасап жіберейік.

Келіні: Онда мен сандықтардың аузын ашайын, толғағы жеңіл болсын.

Ақсақал келеді. Келін , әй келін  шәйің барма шәй әкелші , шөлдедім .Бәйге өте қызықты өтті , жастық шағымды еске түсіріп, бір демалып қалдым.Осы кезде апасы келеді.

Келін: О,жақсы болды ғой апамда  келіп қалдығой Астанадан апа қалайсыз , қалыңыз қалай  шаршаған жоқсызба, телефон шалмадыңыз ба  күтіп алар едік қой ,

Енесі келінінің маңдайынан сүйеді. Кемпірі мен шалы амандасады. Мереке кезінде немерелеріммен бірге болайын деп асығып келдім.

Қызы: Сүйінші, Сүйінші  Ата ,Апа  жеңешем  дүниеге ұл әкелді,

Апасы немерелерінің бетінен сүйіп, сүйіншісін береді.

Екі абысыны  келін мен немерені үйіне алып келеді.

Гүлімжан: Немереңізге көрімдік беріңіз,әйтпесе көрсеттпейміз.

Енесі: көрімдік береді.

Қайнысы: келіп  той өлеңін айтып береді. Сонымен үй іші абыр- сабыр , қуаныштарын бөліседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *