«Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі»


Кенжегарина Бақыт Балғалиевна
Карманов жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының бастауыш сыныптың мұғалімі

Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы. Тәрбие тағдырын алдымен отбасы мүшелері шешеді. Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйелі заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Әрине, бұл жерде отбасы маңызды орын алады.

Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы – ата-анасы». Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, тағылым – талғамға, әдептілікке баулиды. Себебі – отбасы таным бесігі. Отбасы-үлгі өнеге бастауы.

Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы киім киюі, мінез-құлқы, бәрі – бәрі балаға үлгі. Өйткені «Қарағайға қарап тал өседі, ата-анаға қарап бала өседі».

Бала өз отбасында әкеден – ақыл, анадан –  мейір алады. Әке – тірек, ана-жүрек, бала- тілек. Осы бір ғажап тұжырым- әке,ана, бала отбасы ошағының үш тағаны іспеттес.

Ертеде бір кісі балалы болып, баласы алты айға толғанда бір данышпаннан баласын тәрбиелеуді қашан,қалай бастайтынын сұрапты. Сонда әлгі данышпан: «Егер балаң алты айлық болса, онда сен тәрбиелеуді бастауға алты ай кешігіпсің» – деген екен.

Кейде кейбір ата-аналар баласы кішкентай кезенінде дегенін беріп, айтқанына көніп, «өскенде өзі-ақ біледіге» салынып,кейіннен тәрбиеде жіберген қателігін кеш түсініп,опық жеп жатады.

Адамды үш нәрсе қайғыға салады екен:

Біріншісі-кәрілік,оны өзгерте алмайсың,ол- табиғи құбылыс.

Екіншісі – өлім,оны да өзгерте алмайсың,ол Алланың бұйрығы.

Үшіншісі – жаман бала,оны өзгертуге болады,тек жақсы тәрбиенің арқасында ғана.

Бала тәрбиесінде сынып жетекшісінің де орны үлкен.Ұстаз тәрбиесімен ата-ана тәрбиесі ұштасып жатуы керек.

Сынып жетекшісі әрдайым оқушылардың күнделікті көңіл күйін отбасылық жағдайдағы ерекшеліктерін, жеке басының жағдайларын үнемі ескеруі қажет.

Баланың санасына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру саналы тәрбие беру негізінен, мұғаліммен ата-ана міндеті. Мұғалім сонда ғана білімді білікті салиқалы да парасатты жан-жақты жетілген жеке тұлған тәрбиелеу ісінді үлкен жетістіктерге жетеді. Ал оқушының сезімін оятып, шабытын ұштайтын,оны шығармашылыққа  жетелейтін бірден-бір жол баланың жүрек түкпірінде жатқан асыл қасиеттерді жарыққа шығару.

Сынып жетекшісінің негізгі міндеті – өз сыныбындағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу.Мұғалім баланы зерттеу үшін ата-анамен байланыста  болып, отбасындағы тәрбиені білуге міндетті. Сондықтан ата-анамен жұмыс түрлерін дәстүрлі  түрде, яғни жиналыс тренинг, тақырыптық ақыл-кеңес,оқушылардың үйін аралау, әңгіме арқылы жүзеге асырудамын.

 

Ата-ананың өз-құқы мен міндеттерін тәрбие барысында қолдануы.

Бала тәрбиесі мәселесінде  ата-ананың жауапкершілігі мол. Өйткені баланың мінез-құлқын,өмірге көзқарасын дұрыс қалыптастырып,заман талабына сай азамат етіп өсіру оңай міндет емес.Қазіргі ата-ананың құқы:                                                             1.Мектептің қоғамдық құрылуын сайлауға құқылы.

2.Білім беру әдісімен келіспеушілік салдарынан баласын басқа мектепке, басқа сыныпқа ауыстыруына немесе таңдауына құқылы.

3.Кез-келген мектеп отырысының ұсынысын талқылауға ,қабылданған шешімерді бақылауға құқылы.

4.Мектептің және сыныптың қоғамдық өміріне танысуға ұсыныс,пікір айтуына құқылы. Баласының мектеп бітіру сыныптан сыныпқа көшу емтихан жұмысының қортындысын білуге құқылы.

Міндеттері:

1.     Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге міндетті.

2.     Білім алуына көмектесуіне.

3.     Жүйелі білім алуына жағдай жасауға

4.     Үнемі ата-аналар жиналысына қатысуға ,мұғаліммен кездесуге ,баланың мектептегі өмірімен танысуға

5.     Баласына ұлттық патриоттық имандылық,ұлтжандылық тәрбие беруге міндетті.

6.     Өзі мәдениетті болып үлгі көрсетуге міндетті.

7.     Баланың өміріне денсаулығына зиян келетін темекі,арақ тағы улы заттарды қолданбауға балаға зиянды екенің түсіндіруге міндетті.

Міне әрбір ата-ана өзінің құқы мен міндеттерін білу керек. Ата-бабамыз «Бала тәрбиесі-бесіктен» деп, оған баланың жасынан көңіл болған.

Сол қағиданы қазірде ұстаумыз керек. Бала тәрбиесіне бірінші ата-анасы екінші мектепке жол салып,отырса екі жақтан тәрбие алған балалар жаман болмайды деп ойлаймын. ҚР конституциясының  24 бабының 2 тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және олады  тәрбиелеуге ата-ананың етене құқығы әрі міндетті» делінген.

Бала шыр етіп дүниеге келгеннен,ер жеткенге  дейін серік етер құрал – тәрбие. Тәрбие жұмысына үйде ата-ана, мектепте ұстаз жауапты. Баланы жақсы қасиетке тәрбиелейтін құрал-еңбек. Сондықтан ата-аналар баланы жастайынан еңбекке баулу,көңіл бөліп дарынын, талабын тындауға әке шеше ықпал ету керек. Ата-бабамыздың тарихын,салт –дәстүрін үнемі құлаққа құйып отыру керек. Ұлағатты сөздер айтып,баланы алға талпынтып отырсан,тәрбиеге тиімді әсер етер еді. Балалардың тәрбиесіне кері әсер етеін нәрселерде өте көп. Ең бірінші, оның жүрген ортасын бақылап отырған жөн. Бала тәрбиесі- тікелей әке мен шешеге яғни жанұяға байланысты.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ішерсің» демекші отбасындағы қандай ахуал болса, бала соған лайық тәрбиеленеді. Баланы күшпен ұстап,шапалақпен ұстап дөрекі сөздер сөйлеп,ұрысу –ол дәрменсіздің ісі.Балаға мұндай қылық көрсету қазір заманның ағымына  сәйкес келмейді.Адам тану ғылымының күре тамыры- тәрбиеден кішкентай . Сондықтан ата-аналар  бала тәрбиесіне барынша көңіл бөлетін.

«Отбасында берілген тәрбие жігерінде құм қылып,балаға кішкентайынан тәрбие бер» деп ата-бабамыз айтқандай бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп,еліміздің инабтты,адамгершілігі мол. Білімді сапалы ұрпағын тәрбилейтін. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланысты болса,балаларға бірдей талап қойып отырса тәуелсіз еліміздің ұл қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.

Болашағымыз біліммен қаруланған ұрпақ қолында. Ол болашақ бүгінгі тәрбиелеп отырған сіздер мен біздердің балаларымыз. Жақсы,нәтижелі білімге жету үшін ең алдымен балаға тәрбие берілуі шарт.

Барлық ата-ананың басты мақсаты балаларын үлкен әріппен жазылатын азамат етіп тәрбиелеу. Осы істе табысқа жету үшін баланы өз ісіне есеп беруге ,заңды сыйлауға,өз құқығын қорғай білуге үйретуіміз керек. Осындай мақсатты өмірлік ісі деп түсінетін ата-аналар балаларын қоршаған ортамен айналадағы қоғамдық құбылыстармен,тарихпен,әдеби жаңалықтармен таныстырып,еріңбей еңбек етуге үйретіп, сыпайы қарым-қатынас жасап, күнделікті өмірде дос сырлас бола біледі. Тәрбие мәселесін ұстаздар қауымының мойнына арта салумен іс бітпейді. Оның нәтижелі болуы ата – аналармен қоғамдық ортаның тәрбие ісінен шет қалмай белсене араласуына, бала тәрбиелеудегі жауапкершілікті бірлесе көтеріп, жұмыла істелуіне тікелей байланысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *