Нөлмен аяқталатын сандарды бөлу


Ахбергенова Мария Тулесовна

Рудный қаласы әкімдігінің “№19 орта мектебі” КММ бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың мақсаты: Нөлмен аяқталатын сандарды бөлу жолдарымен таныстыру
1. Оқушылардың қолайлы тәсілмен есептеу жолдарын меңгергендіктерін есепке алу.
2. Өз беттерімен есептеу қабілеттерін арттыру.
3. Ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: түсіндіру, талдау.
Көрнекілігі: кестелер, математикалық диктант

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың оқу құралдарын толық алуын қадағалап, назарын сабаққа аударамын.
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен,
Жаңа білім алуға,
Алға қадам аттаймыз.

ІІI. «Ой қозғау» стратегиясы.
– Балалар, таңертең тұрғанда күнді дене жаттығуларынан бастайтын сияқты сабағымызды «Ой жаттығуларынан» бастайық. Менің сұрақтарыма жылдам жауап беріңдер.
1. Жылдың он бірінші айын ата /қараша/
2. Бүгін аптаның қай күні? / үшінші, сәрсенбі/
3. 320 мен 1 – дің көбейтіндісі /320/
4. Шаршы, тік төртбұрыш, үшбұрыш нелер? /геометриялық фигуралар/
5. 513 пен 515 – тің арасында қай сан бар? /514/
6. Есік қандай геометриялық фигура? /тік төртбұрыш/

ІV. Сабақ мазмұнымен таныстыру.
V. Жаңа сабақ. Егер бөлінгіш пен бөлгішті 10 есе кемітсе, бөліндінің мәні өзгермейтіндігін түсіндіру.
1780 см: 20 см = 178 дм: 2 дм = 89
1780: 20 = 178 онд.: 2 онд. = 89
17800 см: 200 см = 178 м: 2 м = 89
17800: 200 = 178 жүзд.: 2 жүзд. = 89

ҮI. Оқулықпен жұмыс. Қолайлы тәсілмен өрнектеу.
ҮII. Тақтамен жұмыс.
Есептерді түсініп оқу. Қай есептің х + 8 ∙ 9 = 80 теңдеуі арқылы шығатынын табу.
1) Турист 80 км жүруі керек. Ол әр күн сайын 8 км жүріп, 9 күн жолда болды. Ол әлі неше километр жүруі керек?
2) Асхатта 80 тг бар еді. Ол 9 теңгеден 8 сағыз және бір ауа шарын сатып алды. Бір ауа шарының бағасы қанша?

ҮІII. Өз бетімен жұмыс.
Шарты: 100 тауыққа – 20 кг
Бір күнге -? кг астық 10 000 тауық
Шешуі: 100: 20 = 5 кг бір тауыққа
10 000 ∙ 5 = 50 000 кг
Жауабы: Бір күнге 50 000 кг астық қажет.

IX. Cергіту сәті.
Логикалық тапсырмалар.
1. Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрышы қалады? (5)
2. Алматыдан Астанаға қарай ұшақ 1 сағат 30 минут ұшқан, ал Астанадан Алматыға 90 – ақ минут ұшты, неге? (тең)
3. Тоғайда 10 қарға отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды, нешеуі қалды? (2)
4. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг тартады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3)
5. Бір тонна мақта ауыр ма, бір тонна темір ауыр ма? (тең)

X. Топпен жұмыс.
Өрнектердің мәндерін табу.
І топ 4900 м – х + 389 м, егер х = 2486 м; 675 м болса;
ІІ топ х + 695 сағ – 456 сағ, егер х = 1000 сағ, 2305 сағ болса;
ІІІ топ 56 800 кг – 2720 кг – у, егер у = 3680 кг; 10026 кг болса;

IX. Сызбамен жұмыс.
АВС ұшбұрышының қабырғаларының ұзындығын өлшеу.

ХI. Шығармашылық жұмыс.
Дұрыс теңсіздік шығу үшін бос орынға қандай натурал сандарды немесе нөлді жазу керек?
980: 140 – □ < 880: 440
9100: 1300 + 24 < 9900: 300 – □

ХII. Қорыту. №11 Есептеу. Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгергендіктерін анықтау.
3210: 10
5600: 80

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *