Шығыстан шыққан ұлы зиялылар


Бериккызы Альмира
«Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік медицина колледжі» КМҚК “Мейіргер ісі” тобының студенті
Жетекші: қоғамдық пәндер мұғалімі Есентаева Алуа Серікқазықызы

Кіріспе

Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға баса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.

XX ғасырдың бас  кезіндегі қазақ мәдениетінің жаңа мазмұнда қарқындап дамуына әсер еткен жағдайлар:

1905-1917 жылдардағы революциялық қозғалыс; демократиялық күрестің шегінуі; таптық күрестің қайтадан өрлеуі; баспа ісінің жолға қойылуы; 1909 жылы Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағы ресми баспадан шықты. XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады.

Демократиялық бағытта дами бастаған С.Торайғыров, С.Дөнентаев, Т.Ізтілеуов, М.Көпеевтің және т.б. мұрасы шығыс әдебиетінен ерекше орын алды. С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы», «Алты аяқ», «Бір адамға», «Адасқан өмір» шығармаларында қазақ ауылының өміріндегі өзгерістер сипатталады. Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», С.Көбеевтің «Қалың малы», С.Торайғыровтың «Қамар сұлуы» халық арасына кең тарады. А.Байтұрсыновтың «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Жиған-терген» өлеңдері қазақ халқын саяси оятуға арналды. Абайдың талантты шәкірті – Ш.Құдайбердіұлы еңбектері тарих, философия, музыка, әдебиет, дін саласын қамтыды. Араб, парсы түрік, орыс тілдерін меңгеріп, Стамбул мен Париждің кітапханалары мен архивтерінде жұмыс істеді. Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесінде мүше болды. 1911 жылы жарыққа шыққан «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты» кітаптарында, 1912 жылы жарияланған «Қазақ айнасы» өлеңдер жинағы, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмаларында Шәкәрім демократияшыл, гуманистік бағыттағы ақын, тарихшы, философ ретінде танылды.

Ағарту ісін дамытуда  және насихаттауда негізгі орын алған басылымдар: «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті, «Киргизская степная газета», «Сибирская жизнь», «Степной край», «Сибирский телеграф» газеттері.

ХХ ғасыр басындағы халық мәдениетіндегі жан-жақты дамыған сала – музыкалық мәдениет. Қазақ музыкасын дамытуға үлес қосқандар: Кенен Әзірбаев, Балуан Шолақ Баймурзин, Қазанғап Тілепбергенов, Дина Нұрпейісова, Үкілі Ыбырай Сандыбаев, Сүгір, қазақтың бұлбұлы Майра Шамсутдинова, Қали Байжанов, Манарбек Ержанов, Әміре Қашаубаев, т.б.

Естайдың «Майдақоңыры», Динаның «Көңіл ашары» мен «Әскерге алу» күйлері шықты. Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әні сүйіспеншіліктің өзіндік ән ұранына айналды, Мұхиттың «Зәуреші» нағыз «Реквием» саналды (А.Жұбановтың сипаттамасы). Абай мен Жаяу Мұсаның  әндері еуропалық музыкалық мәдениет элементтеріне бай екендігімен ерекшеленеді.

ХХ ғасырдың басы – Қазақтың ұлттық мәдениетінің жаңа деңгейге көтеріле бастаған кезеңі.

Ғылыми жобаның мақсаты.

ХХ ғасырдағы  Шығыс Қазақстан өңірінен шыққан мәдени қайраткерлердің қызметін жан-жақты сипаттау, ғылыми еңбектерге қосымша мәліметтер қосу.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.

Шығыс Қазақстан өңіріндегі мәдениет қайраткерлерінің қызметінің қоғамдық рөлі, қызметін жинақтау, жүйелеу.

Зерттеу жұмысының хронологиялық ауқымы.

Ғылыми жоба ХХ ғасырда шыққан Шығыс Қазақстан өңірінің мәдени қайраткерлерін  яғни 1900-1999 жылдар аралықтарын қамтиды.

I тарау. ХХ ғасырдағы Шығыс Қазақстан өңіріндегі мәдениеттің дамуы

Мәдениеттің дамуына осы уақытқа дейін елеусіз жағдайда болған баспа ісін жолға қою белгілі бір ықпал жасады. Қазақ мерзімдік баспасының гүлдене бастаған уақыты XX ғасырдың бас кезіне тура келді. Бұл кезде кітап басып шығару Семей, Омбы, Орал сияқты мәдени орталықтарда қарқынды дамыды. XIX ғасырдың соңында «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газеті» атты екі басылым шығып тұрды. 1905 жылға қарай бірқатар жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907 жылы қазақ зиялыларының бір тобы Петербургте редакторы Әбдірашид Ибрагимұлы болған «Серке» газетін шығара бастады. Бұл газеттің екінші нөмірінде М. Дулатовтың «Біздің мақсат» деген мақаласы жарияланды. Патша тыңшылары газетті «қазақ халқын барлық үкімет орындары мен өкілдеріне қарсы коздырушы» үндеу ретінде қарап, жауып тастады. 1907 жылы наурызда Троицкіде бірінші нөмірі шығысымен тыйым салынған «Қазақ газеті» жарық көрді.

Оқу ағарту мен білім идеяларын бұқара арасында насихаттау мен бастауыш білім беру жүйесін кеңейтуде «Айқап» журналы, «Киргизская степная газета», «Степной край», «Қазақ» газеттері елеулі рөл атқарды. 1911 жылы Троицкіде «Айқап» журналының бірінші нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы мен идеялық дем берушісі Мұхаметжан Сералин болды. Журнал өдебиеттің дамуы мен қазақ әдеби тілінің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Онда ауыз әдебиеті, этнография, тарих жөніндегі зерттеу мақалалар жарияланды. Сол уақытта «Айқап» журналы далада мектептер мен медреселер ашу, ескі мектеп- терге реформа жасауды насихаттады. Журналда түрік және парсы тілдерінен аударылған шығармалар, мысалы,  Фирдаусидің «Шахнамасы» жарияланды. 1911 жылдан бастап редакторы Сағынгерей Бөкеев болған «Қазақстан» газеті шыға бастады. Газетте саяси мақалалардан басқа қазақтар мен ноғайлардың халық әдебиеті жөніндегі зерттеу мақалалар да жарияланды. Ұлттық баспасөздің дамуында Орьшбор мен Торғайда 1913-1918 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсыновтың редакторлығымен шығып тұрған «Қазак» газеті ерекше рөл аткарды. Газеттің негізгі міндеттері қазақ халқының мәдениетін көтеру, казақтың әдеби тілі мен әдебиетін дамыту болды. Газет беттерінде Ә. Бөкейхановтың ауыз әдебиеті мен А. Байтұрсыновтың қазақ тілі мен қазақ әдебиеті жөніндегі еңбектеріне көп орын берілді.

1913 жылы қыркүйектен Петропавловскіде татар және қазақ тілінде «Есіл даласы» атты газет шыға бастады. Оған жылдың соңында «революциялық идеяларды таратқаны» үшін тыйым салынды.[1]

1.1    Семей өңіріндегі мәдениеттің дамуы

1917 жылғы Акпан революциясынан кейін өр түрлі бағыттағы бірқатар газеттер мен журналдар шыға бастады: маусым айынан бастап Семейде «Сарыарқа» апталық басылымы, «Абай» әдеби журналы мен «Халық сөзі» газеті шыға бастады.

1918 жылы Семейде шыға бастаған «Абай» журналын шығару жөніндегі тұңғыш инициатор, «Екеудің» – бірі Ж.Аймауытов. «Екудің»: екінші сыңары – М.Әуезов. Қос кемеңгер бірігіп жазған мақаланың соңына – «Екеу» деп қол қойып отырған.Олардың ішінде «Абайдың соңғы ақындар» (1918 жыл), «Мағжанның ақындығы туралы» (1923 жыл), «Аударма туралы» (1925 жыл), «Сұңқар жыры» (1925 жыл), атты еңбектері автордың әдебиет жөніндегі, оның ерекшеліктері туралы, жазушы творчествасын түсунідің принциптері жайындағы ұғым-түсінігін, көзқарасын көрсете алатын елулі туындылар.

1918 жылдың 4 ақпанда Ж.Аймауытовтың редакторлығымен Семей қаласында айына екі рет араб графикасымен шыға бастаған: «Абай» журналының бірінші санында шыққан мақала. Ж.Аймауытов бұлардан басқа «Байлық-кедейлік», «Тәрбие», «Бетім-ау, құдағи ғой», «Көшу» өлеңі иен әңгімелері «Абай журналы беттерінде жарық көрді.[2]

«Семей таңы» газеті қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштарының бірі болып саналады. 1919 жылы Алаш зиялыларының бастамасымен «Қазақ тілі» деген атпен жарық көре бастаған басылым ғасырға жуық уақыт өмір сүріп, талай тарихи кезеңдердің айнасы бола білді. Осы жылдар ішінде газетте Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәбит Дөнентаев, Мәннан Тұрғанбаев сынды ұлт мақтаныштарының қаламының ізі қалды. «Семей таңы» газеті – Қазақстанда Совет үкіметі орнағаннан кейін қазақ тілінде шыққан алғашқы большевиктік газеттердің бірі. Оның алғашқы редакторларының арасында 1924 жылдың өзінде «В. И. Ленин-еңбекшілер көсемі» деген тақырыпта поэма жариялаған газеттің алғашқы редакторлары Шаймардан Тоқжігітов, Мәннан Тұрғанбаев және ұлы жазушы Мұхтар Әуезов болды. Басылымда әр жылдары белгілі ақындар Сәбит Дөнентаев, Сәду Машақов көп жыл қызмет істеген. Газеттің автор тілшілері ретінде жиырмасыншы жылдары Сұлтанмахмұт Торайғыров, Қаныш Сәтбаев, қазақтың тұңғыш оқыған қыздарының бірі Нәзипа Құлжанова, Жұмат Шанин, Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев сияқты әйгілі өнер қайраткерлері мақалалар, өлеңдер жариялап тұрған. Сөйтіп, ол Ертіс өңірінің еңбекшілеріне коммунистік тәрбие беру, оларды шаруашылық пен мәдениет құрылысы міндеттерін орындауға жұмылдыру жолында жемісті еңбек етті. Газет 1969 жылы: «Құрмет белгісі» орденімен және екі мәрте Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен марапатталды. «Қазақ тілінің» аты замана ағымына қарай «Жаңа ауыл», «Қызыл дала» «Социалды шығыс», «Екпінді», «Семей правдасы», «Ертіс» болып өзгерсе де, өзі өмір сүріп отырған қоғам мен заманның айнасы, бұқара халықтың жоқшысы мен жаршысы бола білді.[3]

ІІ тарау. Семей қаласының мәдениетін түзуші алғашқы әдеби труппалар

Қазан төңкерісінен бұрын қазақ тілінде театр, пьеса, драма, опера, артист деген сөздер кездесе бермейтін. Қазақ әдебиетінің бар жанры мен салалары, көркемөнер түрлі жанрда мол арналы, бай салалы болып дами алған жоқ. Халық өнері қытымыр замандар қыспағында, кер кезеңдер, кездер ыңғайында құлашын еркін жаза  ала бермеген.

Уақыт уысы да құр алақан болмаған, өмір өністері өнер өзегінде  де біртіндеп, аз да болса көрініс бастаған. Алғашқы өнер түйіндері түрлі атаумен белгі берген[4]. Сол нышандардың басы – халықтық ұйым, бірлестіктер еді. Олар Семейде де өнер ұяларына ұйытқы болды. Солардың бірі – өнер бесігіндей халық үйлерінің алғашқы нұсқалары болды. Соның айғағындай 1850 жылы Семейде ашылған халық үйінде әртүрлі шығармалар мен өлеңдер оқылып, мүмкіндігінше шағын пьесалар қойыла бастады. Бұлар болашақ өнер ұжымдарының бастама ошақтарының ұйытқы басы еді.

1890 жылы  музыка мен драма әуесқойлары қоғамының Семейдегі өнерге қанат қаққандардың бастамасы болды. Алғашқы өнерге талпынғандардың көбісі жігіттер екен, олар шағын пьесалар қойып, концерттер, музыкалық кештер ұйымдастыратын. Қала халқының қауым жұртшылдығы өздерінің мереке, мейрамдардың, сауық кештерін сол жаңадан пайда болған өнерпаздар топтарымен өткізетін кездер аз болмаған. … Орыс, татар және қазақ өнерпаздарының шағын топтары біртіндеп бірлестікке ұйымдаса бастаған. Уақыт өткен сайын ол топтар мен бірлестіктер елеулі күндер мен кездер, мереке-мейрамдарымен орай айтулы кештер ұйымдастыруға жетіскен.

Сондай айрықша кеш – тұңғыш өткізілген аса елеулі ойын – сауық кеші

1914 жылдың елеулі үлес кеші еді. Ол – Абай Құнанбаевтың қайтыс болғанына  10 жыл толуына байланысты ұйымдастырылып өткізілді. Өткізілгені тарихтан баршаға мәлім. Бұл қазақ жерінде, бар өнер бастамасының алтын бесігі Семейде ұйымдасып, болып өткен кеш қазақ өнерінің, қазақ театрының алғашқы айшықты мезетінің белгі беру кезеңі еді. 1926 жылы қаңтарда ресми түрде ашылған тұңғыш ұлт театрына байланысты кезінде шым-шытырық талас-пікірлердің көп болғаны мәлім.

 

2.1   Алғашқы Семей театр «Ес-аймақ» әдеби труппасы

 

Семей ақ гвардиялардан тазартылғаннан кейін театр өнері қайтадан қаулап, орыс, татар және қазақ труппаларының жұмысы жандана түседі. Семей революциялық комитетінің алғашқы жарлықтарының бірі – театрлардың халық ағарту бөлімдеріне берілуі жөнінде [5]. Қазақша спектакльдер қаладағы Қызыл әскерлер клубтарында қойылып отырды. Татарша спектакльдерді татардың «Мәдениет» атты қоғамы ұйымдастырған. 1920 жылдардан бастап қазақ – татар труппаларының творчестволық  келбеті ерекше көркемдік сипат алып, дамудың жаңа кезеңінен өтеді. Сахналық арғы арнасы революциядан бұрын басталып, біраз тәжірибе жинақтаған, әрі өзіндік дәстүрі көрініп қалған бұл екі ұлттық көркем коллективтің ресми түрде театрлық труппа болып ұйымдасуы – 1920 жылдың орта шені. Қоғамға социалистік жаңа сана тарату мақсатымен қазақ жастары труппаларын «Ес – аймақ» деп атады.Бұл атау есейту, саналандыру мағынасында алынған. Труппаны қаладағы түрлі мекемелердің қызметкерлері, мұғалімдер, әншілер, педтехникумның жоғарғы курсында оқитын студент жастар ұйымдастырды. Олар: дауылпаз желдірмесімен желдей ескен Иса Байзақов, әншілер Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Абай атамыздың әнші шәкірті Әлмағамбет Қапсәләмов, қазақтың тұңғыш режиссері, драматург Жұмат Шанин,Уәли Тұрлыбеков, Құсайын Әубәкіров, Омар Бейсенбаев, Ахмет Әуезов, Ғалиакпар Төребаев, Батиха Әшкеева, Сәруа Арықовалар өз өнерлерімен Ертіс өңірінің көрерменінің көзайымы болды. Труппа сахнаға бейім дарынды жастардың, әншілердің, күйшілердің және басқа өнерпаздардың басын қосып, театр өнерін дамытуда белгілі роль атқарып, драматургия жанрының жандануына өзінше әсер етті. Труппаның бұрыңғы мүшесінің бірі жазған мақалада: «Ес – аймақ» бұдан 40 жыл бұрын кәзіргі Жаңа Семей қаласында қазақ демократ жастарынан алғаш рет ұйымдасқан мәдени-ағарту қоғамы еді. «Ес – аймақ» әуелде Семей губерниялық саяси-ағарту  бөлімінің Жаңа Семейде ұйымдастырған кітапханасы үйінде құрылды. «Ес – аймақ» қоғамы өзінің алдында халық арасында білім таратуды,саяси үгіт жүргізу арқылы  қараңғы халықтың сана-сезімін көтеруді, қазактың мәдениетін көтеріп, халыққа эстетикалық тәрбие беруді  міндет етіп қойды.Сонымен бірге ескі замандағы зұлымдық, жауыздық әдеттерді, көп әйел алушылықты, яғни сол сияқты ұнамсыз қылықтарды әшкерлеу. Ол өзінің бұл міндетін   халыққа ойын-сауық кештерін көрсетуді ұйымдастыру жолымен жүзеге асырады»[6], делінген.

М.Әуезовтің «Еңлік – Кебек», «Ел ағасы», «Бәйбіше, тоқал» пьесалары қойылып, олардың алғашқы өңдеулері осында жүргізілді. Сол сияқты, Жұмат Шаниннің де кейбір пьесаларының сахналық қойылымы да осы труппадан басталады. Сонымен бірге, труппаның творчестволық келбетінде ептеген қайшылықтар да болды. Кешегі жас республика өміріндегі аласапыран, талас-тартыстың кезінде оның репертуарына ескі заманның дәстүрін, жол-жоралғысын дәріптейтін, көнені аңсайтын, өткенді көксейтін бірлі-жарым шығармалар еніп кетті. Демек, кейде қолжазба түрінде тараған көркемдік сапасы төмен дүниелер көп жерлердегі драмалық үйірмелерде екшеусіз қойылып жүрді. Мұндай кемшілік жалғыз ғана Семей емес, Қазақстанның әр жерінде болған. Мұны жеке бір труппаның кемшілігі деуден гөрі, театр өнерінің алғашқы даму кезеңіндегі ортақ кемшілік деп қараған жөн.

Жас труппаның алдындағы қиындықтарының бірі – халықты театрға тарту. Билетті кеңес – кеңселерге, оқу орындарына, түрлі мекемелерге труппа мүшелері аралап жүріп сатады. Сол сияқты сахнаға керек жабдықтарды да қаланы кезіп жүріп, таныстарынан жинайды. Толып жатқан қиыншылықтарды басынан кешкен труппаға 1923 жылдары Ержан Ерданаев, Рахметжан Малабаев, Жиенғали Тілепбергенов сияқты әдебиетке жаңадан араласа бастаған жазушылар, әрі ролдер ойнап, әрі пьеса жазу қамына кіріседі. Труппаның жұмысын біршама жандандырып, творчестволық қуат берген, қоюға қолайлы, әрі көруші қауымға түсінікті Ержан Ерданаевтың «Малқамбай» комедиясы болды. Пьесаны сахнаға дайындап, режиссерлік жұмысын жүргізген Рақымжан Асылбеков. Спектакль көрушілердің көңіліне қонымды болып әжептәуір көрікті өткен.  Әсіресе, Елубай Өмірзақовтың артистік өмірінде елеулі орын алған Малқамбай бейнесі жас дарынның сол уақыттың өзіндегі ірі творчестволық  табысы. Домбыраға қослып айтатын халық әндері мен күлдіргі өлеңдерінің шебері Елубай Өмірзақов драмалық өнерге де бейім еді. Мына ролінде тілге шешен, ақылды, қисынсыз жерден жол тапқыш епті Малқамбай байды бәйбішеге, бәйбішені тоқалға қырқыстырып, ақырында Тоқсанбайдың жалғыз қызы Уәзипаны өзіндей жалшымен қашырып жібереді. Жас талант Е.Өмірзақов труппа сахнасының өзінде-ақ ойнаған рольдерімен халық өнерінің мол қазынасынан сусындап, оның тамаша бейнелеу тәсілдерін пайдалана білген. Асқан шабытпен ойнаған Малқамбай ролін Е.Өмірзақов бертін келе Қазақтың мемлекеттік театрының сахнасында ұзақ уақыт сомдап, өзінің сүйікті бейнесін жоғары көркемдік дәрежесіне көтереді. Елубай Өмірзақовтың ойынында өмір екпіні, тапқырлықтың барлығы, шындық қасиеттің  молдығы сол кездегі баспасөз бетіндегі сындарда толық айтылған.

Труппаның еңбегі жанып, даңқының шығуына бір себеп  болған жай – оның сахнасынан әйгілі ақпа ақын Иса Байзақовтың өнер көрсетуі.

Труппаның творчестволық даңқы бүкіл қалаға, онан қалды республикаға тарайды. Енді алғашқы жылы қойылған «Еңлік-Кебек» коллективтің белді спектакліне айналады. Ол уақыттағы баспасөз бетінде жарияланған мақтау мақалаларда жеке орындаушылардың аттары аталмай, жалпы спектакльдің жақсы шыққанын, оған Орынбордағы бар жақсы ойнайтын артистер қатысқанын хабарлаған.

Жас труппаның жұмысына сол кездегі қазақтың  мәдениет қайраткерлері, жазушылар, қызметкерлер көмек көрсетіп қолдап отырған. Солардың ішінде Қазақстандағы ұлттық мәдени-ағарту жұмыстарын ұйымдастырып, оның дамуына ерекше қызмет еткен халқымыздың мақтанышы Сәкен Сейфуллин еді. Труппаның қойған ойындарына үнемі қатынасып, ақыл-кеңеске біреумен бірге, жас талапкерлердің орыс театрларының спектакльдерін көруіне, солардың озық өнерінен үйренуге бағыт сілтеп отырған. Труппаның репертуарымен қатар, ол жеке орындаушылардың  да өнерін қадағалап, творчестволық қамқорлығын аямаған. Сол бір кезеңді еске алған бүгінгі Қазақ ССР-нің халық артисі Қапан Бадыров «… Сәкен аға кім қандай ән салса да, сол әннің кімнің әні екенін, оның неге арналып айтылғанын және басқа деректерді дәлелге келтіріп айтып беретін. Ол әрбір әннің әсемдік қасиетін, көркемдігін бағалай білуге үйрететін еді»[7]. Ұлттық өнеріміздің осы балаң шағынан бастап профессионалдық қалыптасу кезеңдерінде де С.Сейфуллин, М.Әуезов, І.Жансүгіров, Ж.Шанин, Б.Майлин, С.Мұқанов театр жұмысына араласып, үнемі творчестволық ықпал жасап отырған.

«Ес-аймақ» труппасы Республикалық оқу комиссариатының шешімі бойынша жаңадан ашылатын ұлт театрына беріліп, соның негізін қаласады. «Қазақтың халық ағарту институның жанындағы Елубай Өмірзақов басқарған кішкене драма үйірмесі ұлғая келіп, болашақ театрдың негізі болып қаланды. Абдулқай Абдуллин, Сейфулла Байғожин, Жүсіпбек Оспанов және осы жолдардың иесі сол үйірмеден келген жастар болатын-ды»[8], – дейді Қ. Бадыров.

2.2  Театрдың негізін салуға үлес қосқан мәдени қайраткерлер

Труппаның құрамы талантты өнерпаздары қаладағы көркем үйірмелерден жиналған. Коллективтің жетекшісі, әрі творчестволық жұмыстарының ұйытқысы болған қаладағы бір мекеменің қызметкері – Сейтқазы Тоқымбаев. Ол Семейдегі оқу орындарынан, түрлі өндіріс пен мекемелерден талантты оқушы-жастардың, қызметкерлердің, мұғалімдердің басын қосып, оларды сахналық өнерге баулуда ересен көп еңбек сіңірді. Өнер сүйгіш жас талант өзі ұйымдастырған «Ес – аймақ» труппасының творчестволық жемісін толық көре алмай, 1921 жылы февраль айында дүние салады. Мұнан кейін труппаның жетекшілік және режиссерлік жұмыстарын Уәли Тұрлыбеков басқарады. Сонымен бірге оның көркемдік жұмыстарына көп араласқан педтехникумның мұғалімі Ғалиакбар Төребаев та жетекшілік етіп, коллективтің творчестволық дамуына үлкен әсер етеді. Труппа отыз шақты адамнан құралған. Қазақ өнерінің көрнекті өкілдері: Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Жұмат Шанин, Қали Байжанов, Жүсіпбек Елебековтар алғашқы сахналық сапарын осы труппадан бастады. Сонымен бірге труппаның творчестволық жұмыстарына семинарист кезінде де, кейін түрлі жауапты қызметте жүргенде де Мұхтар Әуезов жиі араласып, әсересе өзі жазған пьесалардың режиссерлік түсіндірмелерінің сахналық шешімдерін қадағалап отырған.

Қазақтың ұлттық театр өнерінің дүниеге келуі мен дамуы Мұхтар есімімен тығыз байланысты. Ол – тұңғыш драма театрының өміріне ұзақ жылдар бойы араласып, тұрақты репертуар қорған жасаған драматург. Қазақ драматургиясының тұңғышы – «Еңлік-Кебектен» бастап, Мұхтар Әуезовтің барлық пьесалары сахнаға қайталанып отыр. 1917 жылдан жаз айларында Абай елінде Ойқұдық  жайлауында «Еңлік-Кебек» пьесасының драматургиялық үлгіге  түсіріп, ауыл жастарының күшімен киіз үйде қойған семинарист М.Әуезовтің театр өнерімен ең алғаш ынталаса бастаған кезі еді: «Сарыарқа» газетіндегі жарияланған хабарламаға қарағанда сол кездің өзінде «Пьеса және оны сахнаға шығарудың маңызы» деген тақырыпта «Талап» қоғамының мүшелееріне лекция оқуы. М.Әуезовтің театр өнерінен хабардар екенін көрсетеді.

Семейде тұңғыш сахналық өнердің тууына себеп болған 1890 жыл ұйымдастырылған « Музыка мен драмалық өнер әуесқойларының қоғамы». Бұл – отызға тарта тұрақты әуесқойлардың басын қосып, арнайы жұмыс істеген ұйым. Мұның сахнаға шағын пьесалар, интермедиялармен бірге, әдеби-музыкалық кештер жиі өткізіліп тұрды. XX ғасыр басында ашыла бастаған оқу орындарының мұғалімдері, жастар осы қоғамның тәжірибесіне сүйенді.

1913 – 1914 жылдары қаладағы қазақ,татар  мұғалімдері мен оқушы жастар «Шығыс кеші» деген  атпен ойын-сауық кештерін ұйымдастырып отырған. Осы ойынға Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтпаев та қатысып отырған. Қазақ жастарын өнерге баулыған Нұрғали Құлжанов, Нәзипа Құлжанова, ақын Т.Жомартбаев тағы басқа. Осындай ірі ойын-сауықтардың бірі – 1914 жылы Абайдың қайтыс болуына 10 жыл толуына байланысты өткізілген әдеби-этнографиялық музыкалық кеш. Мұнда Абайдың өмірбаяны оқылып, жеке шығармалары баяндалған[8]. Абай өлеңдері мен әндерін – Әлмағамбет Қәмсаләмов, Мұқа Әзілханов, Қали Бақбергенов, Қайықбай Айжағұлов сияқты сол уақыттағы әйгілі шеберлердің орындалуында сахнада тыңдайды. Бұл кештің аса табысты болып өткенін айта келіп, елдің көбіне билет жетпей қалғанын жазды «Айқап» журналы 1915 жылы 13 февральда өткен ойын-сауыққа Мұхтар ұйымдастырушысы болды. Сахнаға қоятын пьеса болмағандықтан, ойынды жасаушылар  «Біржан-Сара» айтысын драматургиялық шығармаға бейімдеген. «Айқап» журналының осы сауық кешіне арналған мақаласында «Қазақша бастапқы ойын» деген мақаласында:

«… сахнаның төріне масаты кілемдер төсіліп, оюлы, отау-шатыр құрылған…»[9] Ойынның екінші бөлімі түгелімен программасы бай концертке құралды. Сол кездегі облыстық газетке Мұхтар Әуезов туралы: «Ол кезде Мұхтар Семейде оқитын 17-18 жастар шамасында еді. Мұхтар ән салып, өлең айтпағанымен ойынның программасын жасап, театр сахнасын әзірлеуге көмектесті»[9] – депті. Мұндайға халық жырларын сахнаға бейімдеуге кейде екі ақынның айтысын ұйымдастырып, көрсетуге М.Әуезов жиі араласып отырған. 1920 жылдардан бастап қазақ, татар труппаларының творчестволық келбеті көркемдік сипат алды. Қазақша спектакльдер қаладағы «4 октябрь Қызыл әскерлер» клубында қойылып отырды. «Ел ағасы» пьесасы сахнаға 1921 жылы  февральда қойылды. М.Әуезовтің бұл қолтаңбасы жоғалған «Қазақ тілі» газетінің 1921 жылы 26 февраль санындағы мақаладан пьесаның ұзын-ырғағын байқауға алды. Мұнда Октябрь революциясы әперген бостандық тақырып етіп алынған. Мұнан кейін «Бәйбіше-тоқал» 1921 жылы 14 мартта қойылды. Мұнда қазақтың күндестік тұрмысынан туған трагедиялық халі көрсетілді. Спектакль өте табысты болды. Спектакльдің соңында М.Әуезов сахнаға шақырылып, оған қошемет көрсетілді. 1922 жылы майда «Еңлік-Кебек» қайта өңделіп қойылды. Режиссерлық жұмысын автордың өзі жүргізіп, творчестволық процессін өзі ұйымдастырды. 1926 жылы қазақтың профессионалдық театры құрылысымен сахналық өнердің  бірі мәселелріне байланысты көлемді мақалалар жазды. «Еңлік – Кебекті» қою тұсындағы автордың драматургиялық шеберлігі биік дәрежеде. Осы спектакльдағы Жапал ролін ойнаған Мұхтардың екі достарының бірі Ғалиакбар Төребаев:  «Мұхтар рөлді бөліп берілгеннен кейін пьесаны оқи отырып түсіндіретін. Жеке кейіпкерлердің ерекшеліктерін түсіндіргенде, оның оқиғасының туу себептерін, қай жерде қандай қимыл-қозғалыстар болатынын айтып отыратын еді» – дейді. Ал «Ел ағасы» пьесасын қою кезеңін еске түсірген Ғ.Төребаев Мұхтардың ерекше қасиетін әңгімелейді: «Ол жасының үлкендігіне, білімінің жоғарлығыны, жұмысының көптігіне қарамастан, дәл айтқан сағатына келіп отыратын. Үзіліс кездерінде театр, артист, режиссер туралы немесе сонау фольклордан бастап ақын-жазушылар шығармалары туралы қазақ әңгімелер айтатын» – деген сөзінен М.Әуезовтің театрдың әуесқой сауықшыларына да жауапты қарағаны көрінеді. Мұхтардың тұңғыш ірі мақаласы «Жалпы театр өнері мен қазақ театры» деген атпен 1926 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің февральдағы санында басылды. Өзінің мақаласында ол сонау көне гректен бері қарай Европа елдерінің театрларына  тоқталып, олардың даму жолдарын, сахналық  дәстүрін, актерлік өнерін  мәдени қауымға түсіндіре отырып, енді ұйымдастырылып жатқан қазақ театрының творчестволық негізін ашып берді. М.Әуезов: «Өзге  жұрттың мысалына қарағанда, театр ұрығы елдің әдебиет саласынан, ойын-сауығынан, ән-күй, өлең жырынан басталған. Өнердің іргесін қалайтын қалайтын елдің өзі»,  – дейді. Халқымыздың мәдени мұраларын жаңғыртып «Жар-жар», ақындар айтысып, «Бет ашар» т.б. өнерді зерттеп, халық өнерінің түп нұсқасын, репертуарлық негізін көрсетті.

Халық мұраларын өзінің шеберлік көрігінен өткізіп, ұтымды пайдаланды. Және «Жар-жар», «Бет ашар» немесе басқа тұрмыс-салтының өлеңдері автордың пайдалануында (Қаракөз пьесасында) трагедия тартысын шиеленістерге түсетін әлеуметтік мазмұнға көтерілген. «Өнерге ыңғайлы кісілерді орыс артистерінің мектебінде оқыту» қажеттілігін айтты. М.Әуезов қазақ таетрының киім кешегіне де көңіл аударып отырды. Спектакльдік декорациясы мен кейіпкерлдердің киімін саханалық характерді ашатын бейнелеу құралы еді. Мұхтар театрдың елу жылдығына арнап жазған «Қазақстан мемлекет театры» деген мақаласында театрды творчестволық жұмысына талдау жасады. Қазақ сахнасында өзінің өнер ерекшелігін, өз қалпын екі жылдың өзінде-ақ танытқан – Қалибек Қуанышбаев, Елубай Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Әбдіқай Абдуллин т.б. шеберліктеріне Мұхтар жоғары бағалаған.

Жұмат Шаниннің «Арқалық» спектакльдегі Әжіқош ролін талдай келіп: «мұндағы мағынасы көп, қалтарыс, бұлғағы мол ауыр мінезді трагедия  геройларын әдемі ұғынатын қырағылық, тереңдік бар. Қай рольді болса да бойлап кетіп, тереңдеп барып ерекше толық ұғынатын сезімдік бар» – деді. Әуезовтің көрегенділігін білдіреді.Ал  Е.Өмірзақов туралы : « Өне бойымен сол рольге құлап түсіп, сүңгіп кетіп, тұтана, өртеле жүріп, жалындай жана ойнады. Шоқтай жарқыраған ашық жарқындығы бар. Мұның шуағы – ішкі қуаты» деп жазды.

Алғашқы кезде труппаның спектакль дайындап, репутация жүргізетін, түрлі творчестволық жұмыстар өткізетін тұрақты үйі болмаған. Мұндай жұмыстар әуелде труппаның жалдап алған жағын бөлмелерінде, кейін Сейтқажы Тоқымбаевтың үйінде өткізіліп жүрген. Дайындалған спектакль мен ойын-сауық затон жұмысшыларының қалдығы түрлі клубтарда, көбіне 4-октябрь атындағы орыс театрының сахнасынан көрсетіліп отырған.

Труппа құрамында өзге әншілер де болды. Бірақ Ә.Қашаубаев олардың ішіндегі ерекше әншісі, ән өнерінің қайталанбас шебі «Әміренің әнінде ақындық тазалықтың шамшырағы жанған, жүрек тебірентіп, қуантатын, асқақтаған қуаныш белгісі, бала  жарастығы бар. Әміре әншіліктің ақыны. Әрбір ырғағына жар салған шыншылдығы көрінеді. Жүрегінің түкпірінде жылтылдап жанған өнер оты сезіледі. Сондықтан қазақтың қай түкпіріндегі алуан адамы болса да, кәрі, жасы, әйел-еркегіне қарамай, түгелі Әміренің әнін қуана, сүйсіне тыңдайды»[10], – деп бағалайды ұлы әннің өнерін М.Әуезов.

Тұңғыш ұйымдасқан қазақ театрының көптеген қиыншылықты жеңіп, творчестволық сапарының сәтті болуы – Жұмат Шаниннің атымен байланысты. Режиссер, актер, драматург Жұмат Шанин қазақ театрының туып, дамуына мол үлес қосқан ірі өнер қайраткері. Ол театр ұйымдастрылғаннан кейін, 1926 жылдың 5 октябрінен бастап әрі директор, әрі коллективтің көркемдік жетекшісі болып тағайындалады. Тұңғыш театрдың спектакль қойып, көруші қауымға өз өнерін көрсете бастағанына жыл толып қалғанымен, оның жұмысында әлі орын толмаған олқылықтар, ірі кемшіліктер бар еді. Спектакль жасаудағы негізгі творчество ауыртпалықтарын бір топ халық таланттары көтеріп келді. Әйтсе де оларға өз бетімен, өздерінің күшімен театр жұмысын профессионалдық  жолға қою қиын еді. Театрдың дамуы фольклордың, этнографикалық және халықтық өнер аясымен ғана шектелуі мүмкін емес-ті. Ондай өнердің өресі тар, ғұмыры қысқа болмақ. Дәуір тынысына, өмір талабына ілесіп отыру, көруші қауымның мәдени-эстетикалық талғамын ақтау – театрдан үлкен творчестволық ізденістерді, тыңбейнелеу тәсілдерін қарастыруды, көркемдік жинақтылықты талап етті. Актерлер талантқа, шеберлікке қоса білімді, жоғары мәдениетті меңгеру қажет еді. Демек, сахна өнері – халық өнерінің көшірмесі емес, ол алуан салалы творчество адамдарының бірлестігінен туатын ерекше өнердің түрі. Сондықтан оған талантпен бірге, арнайы мамандық, терең білім, мәдениеттілік қажет. Жаңа ұйымдасқан жас коллектив театр өнерін жетік білетін ұйымдастырушыға мұқтаж болатын. Ондай көркемдік жетекшілікке – Жұмат Шанин сай келеді.

Мұхтар Әуезов өзінің әйгілі мақаласында: «Қазақтың театр өнері біздің заманымызда басталғанына біз қуаныштымыз. Бірақ, сол қуанышпен бірге, бұл сияқты ірі өнердің келешегі үшін жауапты екенімізді де ұмытпау керек», [11]- деген. «Еңбекші қазақ» газетінің 1925 жылы шыққан  бір номеріне көз салайық: «Осы күні Семейде жүрген Ж.Шанин жайлы айтсам: бұл жігіт театр үшін барын салатын адам. Жұмат Зайсанда тұрғанда әжептәуір сахна жасап жүрді. Жұмат Семейге келгенде, онда да пьесалар қойыла бастады. Жұмат өзі – артист, өзі – жазушы. Оның «Арқалық батыр» пьесасы кәдімгідей маңызды дүние»[11]. Айта берсек, осы сықылды мысал толып жатыр. Сондықтан, ұлт театрын жасау үшін ең әуелі, осындай ел артистерін жинау керек еді.  Әдебиет пен өнер босағасын алғаш аттаған өнерлі жастар ұлттық тетрымыздың тұңғыш ірге тасын қалаған: «Қазақтың Станиславскийі» Жұмат Шанин еді. Оның талантты режиссерлік жолы, бүгінгі таңда жастар үшін таптырмас қазы

ІІІ тарау. Шығыс Қазақстаннан шыққан мәдени қайраткерлер

Қазақстанның мәдениетіне өзінің үлесін қосқан Шығыс Қазақстан өңірінен шыққан қайраткерлер көп болса, аз емес. Бүкіл Қазақстанға өзінің атын танытып, қазақ халқының санасын оятушы, ХХ ғасырдағы жаңа мәдениетті қалаушы азаматтар мәдениеттік жолын Семей қаласынан бастаған. Әдеби кештерді өткізіп, сабақ беріп, адамдарды білімге баулығысы келді. Мәдениеттің дамуына үлесін қосқан қайраткерлердің бірі Нәзипа, Нұрғали Құлжановтар еді. Семей өңірінде өткен ғасырда қаламыздың тарихында елеулі із қалдырып, елдігімізге өз өрнектерін қалдырған тұлғалар болды.Сондай тарихи тұлғалардың бірі, қазақтан шыққан тұңғыш ағартушы, педагог ғалым, тамаша аудармашы және қоғам қайраткері – Нәзипа Құлжанова. Әдеби медениет қана емес, өнер саласына үлесін қосқан суретшілер, актерлер мен әншілер, театрды ұйымдастырушар біздің өңірде танымал болған. Семей өңірі, Алтай өңірінің тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын, географиялық ерекшеліктерін, қазба байлығын зерттеп, өлкетану мұражайын ашқан ағайынды Белослюдовтар еді.

3.1  Әдеби қайраткерлер

XX ғасырдың бас кезіндегі аса танымал әрі көрнекті әдебиет қайраткерлерінің бірі ақын, түркітанушы-ғалым, аудармашы, педагог, көсемсөзші, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынов болды. Өз уақытында ол әділетсіздік пен сталиндік қуғын-сүргіннін құрбаны болып, жарты ғасырдан астам уақыт бойы есімі еске алынбай, Қазақстан тарихындағы лайықты орнын ала алмай келді. Ол отаршыл әскерге қарсы күреске қатысқаны үшін қаторғалық жұмыстарға айдалған ықпалды ру басшысының отбасында дүниеге келді. Әкесіз қалған Ахмет Торғай училищесін бітіріп, білімін жалғастыру үшін Орынборға аттанды. 1895 жылдан бастап А. Байтұрсынов педагогикалық және әдеби қызметпен айналысады. Оның бүкіл шығармашылығы өз халқын өнер-білімге баулуға бағытталды. Оның өзі қазақ қоғамының ой-өрісі терең, зиялы бөлігінің өкілі еді. Оның тұңғыш ақындық еңбегі – қазақ тіліне аударылған И. А. Крылов мысалдарының жинағы — «Қырық мысал» болды. Жинақ 1909 жылы Петербургте жарық көрді, бірнеше рет қайта басылып шығып, казақтардың арасында кең тарады. Бұл жинақ оны халқына бүкіл жантәнімен берілген ақын, аудармашы, азамат ретінде танытты. 1911 және 1914 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер жинағы жеке басылып шықты.

А. Байтұрсынов мәдениеттің көтерілуін жалпыға бірдей ағарту жұмысын жүргізу мен жалпы адамзат мәдениетінің жетістіктерін меңгеру арқылы жүзеге асыруға болатынын терең түсінді. Қазак тілінің табиғатын зерттей отырып, ол тілтану жөнінде мақалалар мен оқулықтар, кейінірек ғылыми жұмыстарын жазды. Қазақ тілі туралы мақалаларында тілдің тазалығын сақтау, оны әр түрлі шұбарланудан тазартуды жақтады. А. Байтурсыновты қазақ тілтану ғылымының негізін салушы деуге болады, ол қазақ тілінің ерекшеліктеріне араб жазуын бейімдеді. 1913-1917 жылдар – А. Байтұрсыновтың өміріндегі маңызды кезең. Ол сол кезде қазақ тілінде Орынборда шығып тұрған жалғыз «Қазақ» газетінің редакторы болды. Мүнда ол окырмандарды халықтың бай рухани мұрасымен таныстыра отырып, оны білім жарығына, рухани жағынан кемелденуге шақырды. Халық ағарту, әдебиет пен тілтану мәселелеріне арналған көптеген мақалаларын жариялады.

Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов қазақ халқының мәдениетінің дамуында маңызды рөл атқарды. Оның қызметі сан кырлы болды. Ол орман ісі, экономика, тарих, мал шаруашылығы, этнография, ауыз әдебиеті жөнінде бірқатар ғылыми мақалалар жазды. Еуропа мәдениетімен көңіл қойып айналысқан ол ез мақалаларында М. Лермонтов, А. Чехов, В. Короленко, Л. Толстой, А. Пушкиндермен катар В. Скотт, У. Теккерей, Ч. Диккенс т. б. есімдерін жиі еске алып отырды. Оның шығармаларында осы жазушылардың ой-пікірлері кеңінен қамтылып, шығармаларынан кейбір үзінділер де келтірілді.

Әлихан Бөкейханов Абай шығармашылығын терең зерттеді, біріжші болып Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің жинағын жарыққа шығарды.

XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетіндегі ірі тірлғалардың бірі – Міржақып Дулатов. М. Дулатов бастапқыда ауыл мектебінде, соңынан білімін орыс мектебінде жалғастырды, өздігінен білім алды. Қажырлы еңбегінің арқасында ол орыс тілін кемеліне келтіре меңгерді, орыс және шетел жазушыларының шығармашылығын зерттеді. М. Дулатов ақын әрі жазушы, өлең жинақтары мен бірінші қазақ романы – «Бақытсыз Жамалдың» авторы ретінде көпке танылды. Роман орыс сыншылары мен қазақ қоғамы тарапынан жоғары бағаланды. М. Дулатов А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крылов, Ф. Шиллердің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ол қазақ әдеби тілінің тынымсыз жаңашылы әрі реформаторы болды, өз шығармаларында жаңа сөздер мен түсініктер енгізді.

XX ғасырдың бас кезінде талантты казак жазушысы әрі драматургі Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылык жолы басталды. Ол ауыл мектебін бітіріп, білімін орыс-қазақ мектебінде жалғастырды, 1914 жылы Семейдегі мүғалімдер семинариясына түсті. Оның негізгі шығармалары кеңестік уакытта жазылды. Дегенмен Ж. Аймауытов 1917 жылдың өзінде «Абай» журналының жұмысына да араласты.

Мағжан Жүмабаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекше орын алады. М. Жұмабаев казак ағартушылык ойының неғұрлым белсенді әрі жарқын идеологтарыньщ бірі болды. Ол 1925 жылға дейін Кеңес өкіметіне карсы болып, ұлттык рухты оятуға, бостандыкка үмтылуға бағытталған шығармалар жазды. Мағжан өлең жазуды 14 жасынан бастады, оның шығармалары қазақ жөне татар тілінде шығатын барлық газеттер мен журналдарда жарияланып түрды. 1912 жылы Қазанда оның өлеңдерінің «Шолпан» атты жинағы шық- ты. М. Жумабаев – еуропалық мәдениет биігіне жеткен талантты ақын. Қазақ өлең өнеріндегі жаңа поэзиялык формаларды енгізу оньщ есімімен тікелей байланысты. Ңазақ, араб, парсы, түрік тілдерін, басқа да түркі халықтарының тілдерін терең меңгерген ол бозбала кезінен бастап-ақ Абай мен Махамбет поэзиясының мектебінен өтіп, өзінің ақындық өнерін дамытуда кол жеткен табыстарымен тоқталып қалған жоқ.

Жазушы Кәмен Оразалин: «Абай аулына  саяхат» атты кітабында 1914 жылы 26 қаңтарда Абайдаң қайтыс болуына байланысты әдеби кеш өткізіліп, оған Семейдің 5 кластық училищесінде оқитың М.О.Әуезовтың қатысқаны, келесі жылы Семей мұғалімдік семинарияның оқытушылары ерлі-зайыпты Нәзипа мен Нұрғали Құлжановтардың ұйымдастыруымен және бір кеш өткендігін айта отыра Құлжановтар 1915 жылдың 15 ақпанында бұрыңғы «Приказчиктер клубында» Біржан мен сара айтысын сахнаға бейімдеп көрсеткен. Бұл ойынды ұйымдастыру жұмысына сол кездегі оқушылар Қаныш Имантайұлы Сәтпаев пен Мұхтар Әуезов те қатысқан»[12]-дейді

Нәзипа Құлжанованың Семейліктер үшін істеген ісі, қалдырған еңбегі айтарлықтай құрметті еді. Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров өнегелі қыздың сіңірген еңбегіне осылай өлеңмен баға берген еді. Нәзипа мақтаса мақтауға тұрарлық орысша білім алып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан және өз бақыт үшін күресе білген өткір жан болды.[13]

Нәзипа Құлжанова – Торғай өңірінің тумасы болса да ұлы ақын Абай Құнанбаевтың әдеби мұраларын насихаттауда өзіндік еңбек еткен алдыңғы қатарлы топтың өкілдерінің ішінде есімі ерекше аталатын білімді жан. Нәзипа Сегізбайқызы 1887 жылдың 27 шілдесінде Қостанай облысы, Жанкелді ауданында туып өскен.[14]

1982 жылы Ленинградтағы Орталық Мемлекеттік архив деректері бойынша Торғай облысындағы бірден-бір оқу орны – Қостанайдағы орыс-қазақ әйелдер прогимназиясының барлық төрт жылдық курсын ойдағыдай бітіріп шыққан (1898-1903).

1903-1904 жылдары Торғайдағы қыздар училищесін ойдағыдай аяқтап, біраз уақыт сол училищеде көмекші мұғалім болып тағайындалады. Ерлі-зайыпты білімді екі жас Нұрғали, Нәзипа Құлжановтардың Торғайдан Семейге келуіне не себеп деген сұраққа келсек, сол кездегі феодалдық-патриархалдық рушылдық қоғамның әдет-салты әлі үстем болып тұрғанда тыныштықпен, бейбіт өмір сүре алмады.[15] Сондықтан, туған жерден алысырақ шеткері жатқан сахара төріне қарай – Семей қаласына сапар шегеді. Олар келген жыл Абайдың дүниеден өткен жылы 1904 жыл болатын. 1905 жылы «Семипалатинский листок» газеті Абайдың қайтыс болуына байланысты Ә.Бөкейханов көлемді қазанама жазды. Онда оның өмірін, халықтық ақын екенін жұртқа бірінші рет танытқан алаш азаматы Әлихан Бөкейханов болды.[16] Құлжановтардың да ұлы Абаймен таныстығы да осы жылдардан басталды.

1905 –20 жылдары Семей қаласындағы оқытушылар семинариясында ұстаздық еткен.[17] Батыс Сібір Орыс Географиялық қоғамының Семей бөлімшесіне мүше болған. Ол туралы Семей облыстық өлкетану музейінің ғылыми кітапхана қорында сақталған жазбалардың деректері бойынша:
1914 жылғы «Записки Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела РГО, выпуск ХІ, 1917 год» деген кітапшада Географиялық қоғамның мүшелері Федор Николаевич Белослюдов, Нұрғали, Нәзипа Құлжановтар деп жазған деректер бар.

– «Список членов общества изучения Киркрая 1923 год» деген құжатта Нәзипа Құлжанова бар, осы қоғамның мүшесі болғанын растайды.
– 1924 жылғы 1 шілде ОРГО-да Географиялық қоғамның мүше-қызметкері Құлжанова Нәзипа Сағызбаевна – Оренбург деп көрсетілген. Бұл Нәзипаның қоғамдық ұйымдар ісіне қатысын айғақтайтын тарихи деректер. Бұл деректер 1993 жылы Д.Дәуренбекованың құрастыруымен шыққан «Алғашқы қарлығаштар»деген кітабының 23-24 беттерінде жазылған.

Қазақ қыздарының арасында тұңғыш рет Географиялық қоғамның мүшесі болған Нәзипа Құлжанова 1914 жылы 26 қаңтар күні Семей қаласында ұлы Абайдың қайтыс болғанына байланысты он жыл толуына орай әдебиет кешін ұйымдастырып, сол кеште орыс тілінде тамаша баяндама жасап шығады. Ақын Абайдың өлмес даңқының сыр-сипатына терең баға береді. Алғаш рет Абай өлеңдерінің орысша аудармасынан үзінділер оқиды. Бұл Нәзипаның ең басты тарихи еңбегі болып табылады. Ол Орыс Географиялық қоғамының мүшесі ретінде қазақ халқының тұрмыс-салт, әдет-ғұрыптарын, ауыз әдебиеті мен фольклорлық шығармаларын зерттеп, оларды кеңінен насихаттаумен айналысты. Нәзипа, Нұрғали Құлжановтардың Семей қаласы тұрғындары арасында тұңғыш рет қазақ тілінде ойын-сауық ұйымдастырып,өнерлі адамдарды, халықтың телегей теңіз ән-күйін насихаттау жолындағы еңбектері бір төбе. Бірақ қазақтың ән-күйлері жайында жазған еңбектері әлі де жарияланбай келеді. Нәзипа Құлжанова Семей қаласында оқу-ағартаушылық саласында елеулі еңбектер сіңіргенін құжаттар растайды.[18] Төңкерістен кейін кейінгі кезеңде Нәзипа Құлжанова қазақ баспасөзінде қызмет атқарады. «Қазақ», «Сарыарқа» және «Алаш» газеттеріне әйел мәселесіне байланысты мақалалар жариялайды. 1917 жылы Семей облыстық қазақ съезіне қатысып, оның төралқасы құрамына енеді. 1920 жылы Қырғыз (Қазақ) АКСР Оқу ағарту комиссариатының қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар шығару мен баспасөз істері жөніндегі комиссияның белді мүшесі болған. Осы қызметте жүріп, жаңа қазақ әліпбиін енгізу жөніндегі Орталық Комитеттің құрамына мүшелікке енген. [19]

Нәзипа 1930-жылдардың басында Мәскеуге барып Н.К.Крупскаямен кездесіп көптеген ақыл-кеңестер алады. Әлі де еңбек етіп, көлемді туындылар жазбақ болған журналист, ағартушы Нәзипа Құлжанова 1934 жылы Алматы қаласында дүниеден өтеді. Алғаш рет Нәзипа, Нұрғали Құлжановтардың есімін республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінде жариялаған белгілі ақын Мәриям Хакімжанова екен. Онан кейін де «Семей таңы» және «Иртыш» газеттерінің № 96,97 сандарында (19 мамыр 1967 жыл) «Сарғайған сурет сыры» атты К.Сәкиева мен С.Сырымбетовтердің бірігіп жазған екі газетте бір мезгілде жарық көрген шағын мақаламен қоса екеуінің түскен суреті шыққан. С.Сейфуллин, С.Торайғыров, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Марғұлан, М.Хакімжанова, С.Бегалин, Қ.Мұхамеджанов, Ә.Жиреншин сияқты ғалымдар, жазушылар Құлжановтардың Қазақ революциясына дейінгі және онан кейінгі қоғамдық жұмыстары, әдеби еңбектері жайлы реті келген жерде еске түсіріп, өз шығармаларында айтып отырды.[20] Қорыта айтқанда, бүгінде сол ағалар мен апалардың салып кеткен рухани ізі жалғасын тауып, қазіргі және келер ұрпаққа мәңгілік мұра боп қалды.

3.2  Өнер қайраткерлері

 

Шығыс Қазақстан өңіріндегі театр өнерінің дамуына өз үлестерін қосқан өнер қайраткерлеріне тоқталып өтпекпін.Семей қаласында бірнеше қойылымдарда ойнап, Қазақстан халық әртісі атағын алған актерледің ішінде:  Атаханов Нуритден Мұхаметқалиұлы.

Актер, Қазақстанның халық әртісі (1958). 1905 жылы Өскемен қаласында туған.Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан.1924-34 жылы әр түрлі орындарда қызмет атқарған. Сахналық жолын 1922 жылы Өскемен қаласындағы қазақ-татар труппасының спектакльдеріне қатысудан бастады. 1930-40 жылдары Алматы, Қарқаралы, Қарағанды, Семей, Павлодардағы қазақ театрларында жұмыс істеген. Атаханов сомдаған бейнелер ұлттық бояуының айқындылығмен, табиғи шынайылығымен ерекшеленеді. Абай (М.Әуезовтің “Абай” трагедиясында), Кебек (“Еңлік – Кебекте”), Казанцев (“Түнгі сарында”). Құнанбай (“Абай” бойынша), Амангелді (Б.Майлин мен Ғ.Мүсіреповтің “Амангелдісінде”), Қодар, Қарабай, Науан, (“Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, “Ақан сері-Ақтоқтысында”), Бекзад (Н.Хикметтің «Махаббат жайындағы аңызында») т.б. рольдерді ойнады. Атаханов режиссерлік жұмыспен айналысып, Әуезовтің “Айман – Шолпан” (1936) мен «Түнгі сарын» (1937), Мүсіреповтің “Амангелді, Ф.Шиллердін “Зұлымдық пен махаббат”(1946) пьесаларын және Е.Г.Брусиловскийдің “Қыз Жібек”, “Ер Тарғын” операларын қойған. 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.
1974 жылы Семей қаласында жерленген.[20]

Әбдірахманова Гүлсім

Актриса, Қазақстанның халық әртісі (1964). 1917жылы 12 желтоқсанда  Қарағанды облысы,  Нұра ауданында дүниеге келген. Алматы театр училищесін бітірген (1937). Сол жылдан өмірінің соңына дейін Семей облыстық музыкалық драма театрында еңбек етті. Әбдірахманова жасаған сахналық көркем бейнелер Еңлік, Қарлыға, Айман. Теңге, Алтыншаш, Мөржан (М.Әуезовтің “Еңлік – Кебек”, “Қара қыпшақ Қобыланды”, «Айман  –  Шолпан»,  «Ақ қайың» және «Қарагөзінде»), Жер-ана (Ш.Айтматовтың «Ана-жер-анасы» бойынша, Миллионер әйел (Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтың «Ой, жігіттер-ойында»), т.б. рольдерді айрықша атауға болады. Кейінгі жылдары қойылған аударма спектакльдерде де басты рольдерді орындады. Олардың қатарында Софья (Б.А. Александровтың «Малиновкадағы тойында»), Телли (У.А.Гаджибековтың «Аршин мал алаңында»), Климентина мен Елена (И.О.Дунаевскиийдің «Еркін желі» мен «Шалқар теңізінде») бар.1970 жылдың 7 қазанында Семей қаласында дүние салды.

Жаңбырбаев Әбілқасым

Актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі (1970). 1927 жылы Абай ауданында дүниеге келген. Өнер жолын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастады. 1942 жылы Семей облыстық музыкалық драма театрына қабылданды. Алғашқы ролі – Молда бейнесі (Б.Майлиннің «Жалбырында»). Актер Сырым, Кебек (М.Әуезовтің «Қарагөзі» мен «Еңлік-Кебегінде», Науан, Қарабай (Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысы» мен «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында»), Дүрбіт (Ә.Тәжібаевтың «Майрасында»), Арыстан (Қ.Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астындасында»), Алдар Көсе (Ш.Құсайыновтың осы аттас пьесасында), Хлестаков (Н.В.Гогольдің «Ревизорында»), Труффальдино (К.Гольдонийдің «Екі қожайынға бір қызметшісінде»), Диуана (М.Кәрімнің «Ай тұтылған түнінде»), Аршин (У.Гаджибековтің «Аршин мал алаңында»), тағы басқа көптеген сахналық тұлғалар жасады. Режиссер ретінде С.Адамбековтің  «Аюбайдың ажалы», А.Шамкеновтің «Адасқан қаз», Б.Мұқайдың «Қош бол, менің ертегім», тағы басқа пьесаларды сахналады. Ол бірнеше кинофильмдерге түсіп, Құдайменде («Қан мен терде»), Орақбай («Жаушыда»), Ержан («Көгілдір тұмарда»), тағы басқа бейнелер жасады. Жаңбырбаев – толғаныс пен ішкі көңіл күй арпалыстарына ерекше көңіл бөлетін сахна шебері. «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.[21]

Семей өңірі, Алтай өңірінің тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын, географиялық ерекшеліктерін, қазба байлығын зерттеп, өлкетану мұражайын ашқан ағайынды Белослюдовтар еді.

Белослюдов Николай Николаевич – суретші. Николай Белослюдов 1880 жылдың 1 желтоқсанында Семей қаласында туған. 1943 жылы қайтыс болған. Әкесі Семей облыстық басқармада төменгі чиновник қызметінде болып, ертеркте қайтыс болған. Әкесі өлгенде Николай 8 жаста еді. 1895 жылы 5 кластық училищені, одан Омбы техникалық училищесіне түсіп, оны 1889 жылы бітіреді.1906 жылы жылдан Сібір темір жолында Томск қаласында чертежниктік қызметте болады. Осы жылдары Сібір темір жол қызметкерлерінің Одағына мүше болып, жасырын саяси жұмыстармен айналысады. 1909 жылдан 1916 жылға дейін жер бөлімі мекемесінің басқармасында топограф болып қызмет істейді. Томск қаласында тұрады. Бұл қызметі бүкіл Сібірді аралап, оны зерттеуге үлкен мүмкіндік туғызады. Атақты ғалым Г.Н. Потанинмен өте жақын таныстықта болады. Өзінің туыстары суретші Виктор Николаевич, Алексей Николаевичпен өте бірлікте болып, археологиялық, этнографиялық коллекцияларды молынан жинады.[22] Сөйтіп өз музейлерін ашуға бар күшін салды. Бұл музейдің Сібір қалаларындағы ең таңдаулы музей болғанын революцияға дейінгі, Кеңес өкіметі жылдарындағы баспаларда талай рет мақталып-мадақталып отырды. 1916 жылдан бастап Николай Николаевич Томск қаласынан Семейге көшіп келіп, мұғалімдер семинариясы мен қала мектептеріне сурет салу және сызу пәндерінен сабақ береді, өз өмірінің соңына дейін осы қызметінде болды. Тәрбиешілерді еңбекке, көркем өнерді сүюге деген ынта-жігерін дамытып отырды. Николай Николаевич Семейде Георгафиялық қоғамның мүшесі бола отырып, оның жұмысына белсене араласады. Археологиялық қазбаларға қатысып, археологиялық, этнографиялық матераиалдар жинады, қазақ фольклорын жиып жазды. Қазақтың ою-өрнектерін жинады, бұл қазыналардың жартысы Қазақстанның орталық музейлерінде. Көпшілік алдында баяндамалар мен лекциялар оқып, өнер және әдебиет мәселелерін ұғуға, сүюге шақырып отырды. Әсіресе, 1914 жылы қазақ мұғалімдерінің қысқа курстарын ұйымдастырып, лекциялар оқыды. Осы жылдары Абай туралы жазған конспектілері мен оқыған лекциялары өзектілігін бүгінгі күнге дейін жойған жоқ. Абай шығармаларын орысшаға аудару туралы ойлары 1911 жылдардан бастап оянған еді. Жалғыз өзі ғана емес, бұл іске барлық Белослюдовтарды тартты. Николай Белослюдовтың мәдени-ағарту ісі оның атқарған қоғамдық жұмыстарымен де, көрнекті болып жоғарылай береді. 1919 жылы 10 қаңтарда Томскіде өткен Сібірді зерттеу институтын ұйымдастыру съезіне қатысады. 1920 жылы 16 ақпанда Н.Н. Белослюдовты қызыл Армия қырғыз жұмысшы депутаттарының қалалық Советінің мүшесі етіп сайлайды. 1921 жылы 7 наурызда архив істерін ретке келтіру комиссиясына сайланады. 1922 жылы 15 маусымда қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинау ісіне Қарқаралыға іс-сапарға жіберіледі. 1924 жылы 21 қазанда өлкетану жөніндегі губерниялық конференцияның жұмысына қатысады. 1925 жылдары 1905-1908 жылдардағы Семейдегі революциялық қозғалыстың материалдарын жинау жөніндегі кеңеске қатысады. 1924-25 жылдардағы Семейдегі Географиялық қоғамның есебінде: 26 қазанда Н.Н.Белослюдов Барнаул, Николаевск, Томск қалаларына ғылыми саяхат туралы есеп берді. 12 желтоқсанда тарихи-археологиялық секцияда Н.Н. Белослюдов Николай Алексеевич Абрамов және оның Сібірдегі мәдени-ғылыми жұмыстары туралы лекция жасады. 1924-1925 ж. Географиялық қоғамның толық мүшелері ішінде: М.Әуезов, Ә.Ермеков, А.Белослюдов, Н.Белослюдов, Ж.Шаниндер бар еді. 1950 жылдары М.Әуезов те Н.Н. Белослюдов жайлы пікір білдіріп, оның жұбайы Ольга Дмитриевнаға дербес пенсия тағайындауға қамқоршы болады. [23]

Н.Н.Белослюдов жергілікті өлке тарихының білгірі және соған белсене араласушы болды. Ол қазақ халқының өмірін тамаша білді. Және сүйе білді. Қазақ орнаменттерінің үлгілерін жинастырды. Қазақ әдебиеті туралы баяндамалар жасады. 1911 жылы Абайды орыс тіліне аударуға талаптанды. Ол туралы туысы Алексей Николаевичпен жазысқан хаттары сақталған.
Виктор Николаевич Белослюдов – суретші, этнограф, өлкетанушы. 1883 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Аналары Варвара Васильевна ұлдарының кішкене кездерінен бастап дүниетанымын молайтып,өлеңдер жаттатып, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейді. Виктор Николаевич Белослюдов 1889 жылы күзде 5 сыныптық қалалық училищеге оқуға түседі. Училище қабырғасында үздік оқып, сурет салуға ыңғай байқатады. 1894 – 1898 жылдары Виктор Николаевич жаңа ашылған ерлер прогимназиясын үздік оқып бітіреді.

Прогимназида ол барлық оқушылардан суретті жақсы салып, жоғары бағаланған. 1899 жылы Мәскеу қаласындағы Строганов атындағы көркемсурет училищесіне түсу Виктор Николаевичтің өмірінің ең жақсы кезеңдерінің бірі болды. Училищеде оқып жүріп, ол Париж көрмесіне, Қазан қаласында өткен бүкіл Ресей көрмесіне қатысып, көрермендерді таңқалдырды. 1906 жылы оқуын бітірісімен жас суретшіні таңғажайып болашақ күтіп тұрды. Училище әкімшілігі оны мұғалімдікке қалдырғысы келді, шетелдерге қызықты жолдар күтті. Бірақ ол осының бәрінен бас тартып, туған жері Семейге ат басын бұрып үйренген білімін туған өлкеге арнауға шешім қабылдады.

Виктор Николаевичті археология мен тарих қызықтырды. 1906 жылы ол өзінің мұражайын ашуды ойлайды. Оның ойымен ағайындары келісіп, жұмыстар жүргізе бастады. Мұражай жылдан жылға өсіп, материалдар жинақтала береді. Жинақталған материалдар зерттеліп,бөлімдер бойынша сұрыпталады. «Сибирьский архив» журналында 1913 жылы Белослюдовтардың мұражайы жайлы арнайы мақала жарияланады. Мақалада мұражайдың Семей өлкесін зерттеуде баға жетпес маңыздылығы айтылған. 1911 жылы Омбы қаласында өткен ауылшаруашылық жетістіктері көрмесінде «ғылыми бөлім» бойынша ағайынды Белослюдовтардың коллекциялық жинақтары күміс алқаға ие болады. Мұражайда геология, минералогия және антропология, археология , ерте заманғы киім үлгілері , кітаптар мен қолжазбалар, нумизматика, этнография бөлімдері болды. Археология бөлімінде 600 – ден астам экспонат болса, нумизматика бөлімінде мыңнан аса алтын, күміс, жез теңгелер, этнография бөлімінде қазақтардың, сарттардың, татарлардың әр түрлі киім-кешектері, ою-өрнектері, т.б. жинақталды. Мұражайда сол кездің өзінде 4 мыңдай экспонат болған.
Виктор Николаевич Семей, Алтай өңіріне оқушылармен бірге ұзақ мерзімге зерттеу барысымен саяхатқа шығып, көптеген картина, пейзаждар салып әкелген. Сол пейзаж картиналары Алматы, Семей т.б. қалалардың өлкетану мұражайларында сақтаулы. Жұмыстары акварель, майлы бояу, қарындашпен салынған.
Виктор Николаевич көптеген суретшілермен хат жазысып, олардан көне картиналарды өз ақшасына сатып алып, өзінің жазған картиналарымен алмасып, мұражайларынан картина галереясын ұымдастырған. Оның қаламынан шыққан көптеген суреттер, этюдтер, композициялық туындылар қазақтардың өмірі мен тұрмысына, Шығыс Қазақстанның сұлу табиғатына арналған. Мәскеуде оқыған жылдары «Семей», «Киіз үй», «Қазақ әйелі», «Қымыз ішіп отырған қазақтар» т.б. суреттер, ал Семейде тұрған кездері «Су тасушы машина», «Қазақ арбасы», «Шай үстінде» , «Жылқы табыны», «Ертісте», «Күз кезіндегі орман» атты этюдтерін, ”А. Малдыбаевтың» портреттерін салды. Суреттері қазақ ертегілерін көркемдеуге пайдаланылған.
Сурет өнерімен қатар Виктор Николаевичте өлең шығару таланты да болған. «Семипалатинский край» газеті В.Н. Белослюдовтың өлеңдер жинағын басып шығарған. 1918 жылы Семей қаласының 200 жылдығына орай үлкен ғылыми мақала жазды. Географиялық қоғамның статистикалық комитеті және бастауыш білім қоғамының мүшесі ретінде Е.П.Михаэлис,И.Я. Коншин, В.Г.Потанин, А.Седельников, М.Әуезов, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, М.Тұрғанбаевтармен бірге қызметтес болды.

Талантты суретші В.Белослюдов жақсы ұстаз-ағартушы да бола білді. Өмірінің соңына дейін мұғалімдік қызмет атқарды. 1906 жылы 5 сыныптық қалалық училищеде сурет, сызу, көркем жазу мұғалімі және 1907 жылы жалданып, 4 сыныптық Николаев қалалық училищесінде , 1913 жылы Семей қалалық жоғары бастауыш қыздар училищесінде , 1915 жылы 32 жасында Семей 1 –ші ерлер жоғары бастауыш училищесінде және басқа оқу орындарында мұғалімдік қызмет атқара отырып, В. Белослюдов өзінің шәкірттерінің сурет өнеріне деген қызығушылығын оята білді. Виктор Николаевич 1916 жылы қайтыс болды.[24]

Алексей Николаевич 1887 жылы 17 наурызда туды. Алексей Николаевич – педагог, қазақ фолькло жинаушы, этнограф. Семей қаласындағы гимназияда оқыған ( 1906 ж). 1908 жылдан бастап өлке тарихы мен мәдениетін зерттеумен айналысқан. Осы саладағы еңбектері ескеріліп, Орыс географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесіне мүшелікке қабылданған.(1914)

1913 – 1914 жылдары Бұқтырмада мұғалім бола жүріп, Алтай өңірінің қазақтарының ертегілерін, этнографиялық материалдарын жинайды. Қазақ ертегілерін көптеп жинастырады. Оның ішінде «Әз Жәнібек хан», « Едіге және Тоқтамыс», «Алдар Косе», т.б. ертегілерді жинастырып, жазып алады. Қазақ ертегілерін көптеп айтып, көмектескен Шойынбек Төлепов айтып болды. Осы кісіден Алдар Көсе туралы ертегілердің бірнеше варианттарын жазып алды. Ертегілермен қатар Алексей Белослюдов жұмбақтардың бірнешеуін жазып алады.

1915 жылы «Сібір студенті» журналына «Қазақ поэзиясы туралы» деген мақала жазып, онда Шөже, Орынбай, Арыстан, Біржан, Сара және өзге қазақ ақындарының шығармаларына қысқаша сипаттама береді.Ағаларымен бірге Семейде этнографиялық мұражай ашуға көмектеседі. Оның музейге тапсырған экспонаттары қазір де сақтаулы. Сонымен қатар, ол Абай шығармаларын орыс тіліне аудару мәселесін көтерген. 1914 жылы 10 наурызда Томск қаласындағы ағасы Николайға: Құнанбаев өлеңдері туралы «Сібір студенті» журналымен келісіп қой, қырғыз поэзиясы туралы кішкентай мақала жазып, соған қосып жібер» дер жазған. 1915 жылы Г.Н. Потанинге жазған хатында Семейде қазақ жастарының үйірмесі ұйымдасқанын , олар халық фольклоры мен этнографиясын жинау ісімен шұғылданатын, өзінің бірінші кезекте Абай Құнанбаев шығармаларын оысшаға аударуды міндетіне алып отырғанын айтады. Томбы технология институтының профессоры М.А. Усовпен бірге 1921 жылы Баянауылға Сәтбай ауылына барып қымызбен емделген. А.В. Затаевичпен бірге ел аралап, өлеңдер, әңгіме, жырлар жинасқан.

Шығыс Қазақстаннан шығып өзінің өнерін басқа жерде көрсетіп, мемлекетке туған жерін танытқан әншілер мен актерлер, театр ұйымдастырушылар мен қатысушылар бүкіл республикаға тарап, еңбектерін жалғастыруда. ХХ ғасырдың жартысенда дүниеге келіп халыққа танымал болған, мәдениетке үлесін қосқан өнер қайракерлерге әншілер, актерлер, опера әншілері, домбырашы-күйшілер, сыбызғышылар, суретшілер мен бишілер жатады.

Қазақстанның халық әртісі, халықаралық конкурстардың лауреаты. Құрмет және Парасат ордендерімен марапаттың иегері –  Роза Қуанышқызы Рымбаева (28 қазанда 1957 жылы Семей облысы Жаңғызтөбе станциясында туылған) – 1974 жылы Семейдегі музыкалық училищеге түсіп, мұнда 3 жыл оқиды. Бұдан кейін Алматыдағы театралдық-көркем өнер институтында оқып, оны 1984 жылы тәмамдайды. Алматы қаласындағы театрлық көркемдік институттың музыкалық драмалық комедиясы факультетін бітірген.

1976-1979 жж. Республикалық Гүлдер жастар – эстрадалық ансамблінің солисі, 1977 жылы «Алтын Орфейді» жеңіп алады.

1979 жылы – «Қазақконцерт» бірлестігі жанындағы «Арай» эстрадалық ансамблінің солисі. Әншінің халықаралық белгілі болуы С. Бәйтерековтың «Әлия» әнін орындауынан басталады. 1979 жылы Роза Рымбаева Ыстамбұлда өткен халықаралық әншілер байқауында лауреат атанды, 1983 жылы Кубада өткен «Гала – 83» халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алады. 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанады.[25]

Алматы қаласының М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрының актері және режиссері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Төлеубек Аралбай. М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрының актері және режиссері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Төлеубек Аралбайдың фильмографиясы сан-алуан. Ол «Саранча», «Жас Ұлан» телехикаяларына, «Лейланың зары» драмасы мен «Азиат» шытырман оқиғалы фильміне түседі. Театрды алсақ Сахнадағы негізгі рольдері:  ұлттық классика мен заманауи драматургияда – М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» комедиясының екі қойылымында да Маман (реж.Ә.Мәмбетов, Е.Обаев), «Абайында» Долгов (реж. Е.Обаев), «Еңлік-Кебегінде» Абыз (Х.Әмір-Темір), Т.Ахтановтың «Антындағы» Барақ сұлтан (реж.Ә.Мәмбетов), Ғ.Мүсіреповтің «Амангелдісіндегі» Амангелді (реж.А.Әшімов), Ә.Кекілбаевтің «Абылай ханында» Бұхар жырау (реж.Б.Атабаев) қойылымдарында ойнаған.[26]

Төлегенова Бибігүл Ахметқызы 1929 жылы желтоқсанның 16-да Семей қаласында дүниеге келген.

Әнші (лирикалық-колоратуралық сопрано), КАЗКСР-інің (1958) және КСРО (1967) халық артисі, Социалистік Еңбек Ері (1991).

1954 жылы Алматы мемлекеттік консераваториясын бітірді. Ән айтуды көркемөнерпаздар үйірмесінен бастады

Төлегенова Бибігүл еңбек жолын 1946 жылы Семейдегі ет комбинатында жұмысшылықтан бастады.1951-53 жж. Қазақтың мемлекеттік опера және балет театрының.1956-71 жж. Қазақ мемлекеттік филармониясының әнші-солисі болады. Театрда көзге түскені «Қыз жібек» , «Еңлік-Кебек», «Алпамыс» койылымдарындаопералық әнші ретінде көрсетеді.
1971 жылдан Қазақтың мемлекеттік опера және балет театрында еңбек етеді; 1979 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында пед. қызметпен (профессор) шұғылданады. Төлегенованың шебер орындаушылық өнерінің әсем де сазды даусының қайнар бұлағы ең алдымен қазақтың халық әндеріне саяды.Әншінің алуан тақырыпты репертуарында қазақтың халық әндері, Батыс Европа композиторларының вокалдық шығармалары бар. Төлегенова өзінің концерттік-орындаушылық өнерін шеберліктің жоғары сатысына көтеріп, классикалық дәрежеге жеткізді, опера өнеріне де елеулі үлес қосты.

Бірнеше фильмдерде өз замандастарының образын жасап, өнері республика, ТМД елдері көлемінде ғана емес, бүкіл дүние жүзіне танылды. Гастрольдік сапармен Польша, Чехославакия, Үндістан, Алжир, Египет, Сирия, Вьетнам, АҚШ-та болды.1957-58 жж. Москвада өткен әншілер конкурсының лауреаты.

КСРО Мемлекеттік сыйлығының(1970 ж.) және КАЗКСР-і Мемлекеттік сыйлығының (1966) лауреаты.[27]

7-11 сайланған КАЗКСР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Ленин орденімен және Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.

Күләш Сырымбетқызы Сәкиева 1920 жылы туылған, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы – актриса, әнші, Қазақстанның халық артисі (1958). Алматы театр училищесін бітірген (1941). 1941–52 жылдары Жамбыл драма театрының артисі. Алғашқы ойнаған рөлі – Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат» трагедиясындағы Луиза. Бұдан кейін Еңлік (Әуезовтің «Еңлік-Кебегінде»), Баян, Қыз Жібек (Мүсіреповтің «Қозы-Көрпеш – Баян сұлуында» және «Қыз Жібегінде») рөлдерін орындаған. 1952 жылы Семей драма театрында қызмет етіп, Мехмене Бану (Хикметтің «Махаббат туралы аңызында»), Жүзтайлақ (Әуезовтің «Түнгі сарынында»), Анар, Майра (Тәжібаевтың «Жалғыз ағаш орман емес» пен осы аттас драмасында), т.б. рөлдерді ойнады. 4-сайланымдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 2 рет «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. [28]

Қорытынды

Мәдениеттің дамуына осы уақытқа дейін елеусіз жағдайда болғаи баспа ісін жолға қою белгілі бір ықпал жасады. Қазақ мерзімдік баспасының гүлдене бастаған уақыты XX ғасырдың бас кезіне тура келді. XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады.Бұл кезде кітап басып шығару Семей, Омбы, Орал сияқты мәдени орталықтарда қарқынды дамыды. Газет-журналда далада мектептер мен медреселер ашу, ескі мектеп- терге реформа жасауды насихаттады. Газеттің негізгі міндеттері қазақ халқының мәдениетін көтеру, казақтың әдеби тілі мен әдебиетін дамыту болды. Газет беттерінде Ә. Бөкейхановтың ауыз өдебиеті мен А. Байтұрсыновтың қазақ тілі мен қазақ әдебиеті жөніндегі еңбектеріне көп орын берілді. Шығыс Қазақстан өңіріндегі мәдениетке үлесін қосқан сала бұл театр мен труппалар. «Ес – аймақ» қоғамы өзінің алдында халық арасында білім таратуды,саяси үгіт жүргізу арқылы  қараңғы халықтың сана-сезімін көтеруді, қазактың мәдениетін көтеріп, халыққа эстетикалық тәрбие беруді  міндет етіп қойды Труппа сахнаға бейім дарынды жастардың, әншілердің, күйшілердің және басқа өнерпаздардың басын қосып, театр өнерін дамытуда белгілі роль атқарып, драматургия жанрының жандануына өзінше әсер етті.

ХХ ғасырдағы Шығыс Қазақстан өңірінен шыққан мәдени қайраткерлердің қызметін  жан-жақты сипаттап, ғылыми деректерге қосымша мәліметтер қосып, жинақтадым. Зерттеу барысында, жинақталған деректерімізді жүйелей келе:

1.     ХХ ғасырдың басындағы Шығыс Қазақстан өңіріндегі мәдениет қайраткерлерінің қызметтері

2.     Шығыс Қазақстан, Семей жерінде мәдени ортаның қалыптасуы

3.     Алғашқы театр, баспахана жұмыстарын ұйымдастыруышы

қайраткерлер

4.     Театрдың қалыптасуына негіз болған «Ес-аймақ» әдеби труппасы

Зертеу барысында жинақталған деректерімізді жүйелей мынандай келе ұсыныс жасаймын:

1.     Шығыс Қазақстан өңіріндегі өнер қайраткерлерін мектеп           бағдарламасындағы қосалқы сабақтарға мұғалімдер жоспарына енгізіп отырса.

2.     Шығыс Қазақстан облысында мәдениет қайраткерлеріне арналған мұражай ашылса

Қолданылған  әдебиеттер

1.     www.kk.wikipedia.org/wiki/20-ғасырдың басындағы қазақ мәдениеті

2.     Қойгелдиев м. Алаш қозғалысы. Алматы 1999ж

3.     http://www.semeytany.idhost.kz/Семей таңы газеті туралы мәлімет

4.     Мұқажанова Р.М. Әуезов өмірінің Семей кезеңі. 2002ж

5.     Еңбекші қазақ газеті//1927, 5 қаңтар

6.     Мұхтар Әуезовэнциклопедиясы:Алматы 2011ж, 179 бет

7.     Сарыарқа газеті//1917 жыл.қаңтар

8.     Жұмабек Қамбаров,Сан сырлы сахна.2004 жыл, 7-9 бет

9.     Правда(Верный), 1920, 2 июнь

10.   Абай Энциклопедия. Құлжанова Н. Бас ред. Р Нұрғалиев. Алматы : 1995 ж. 370бет

11.   Абай Энциклопедия. Құлжанова Н. Бас ред. Р Нұрғалиев. Алматы : 1995 ж. 371бет

12.   Правда(Верный), 1920, 2 июнь

13.   Айқап журналы ІІ, 1992, №1.

14.   Айқап журналы ІІ, 1992, №2

15.   Оразалин К. Абайдан соң: Алматы 1987

16.   Семей таңы// Мағауина З. «Қазақтың ардақты қызы» 2007, 24 мамыр.

17.   Қазақстан. Энциклопедия.Құлжанова Н.»Алматы. 2004 жыл. 109 бет

18.   Семей таңы// Ибраев М. «Нәзипа, Нұрғали Құлжановтар» 1990,4 тамыз

19.   Семей таңы// Байжұманова Н. «Ұлы ақынды ұлықтыған Нәзипа» 2007ж

20.   Кәрібжанова Г. « Нәзипа құлжанова және Ресей Географиялық қоғамы» қазақ тарихы 2003жыл.  №3 21-23 бет

21.   Семей таңы// Байжұманова Н. «Ұлы ақынды ұлықтыған Нәзипа» 2007ж

22.   Ертіс өңірі// Қуантайұлы Н. « Қазақтың алғашқы журналист қызы» 2003, 9 қазан. 29 бет

23.   Ертіс өңірі// «Ірі аймақтың хикаясы: (Қала тарихынан: Н. Құлжанова туралу да бар)» , 2004, 24 маусым. 29 бет

24.  Ұлықбек Есдаулет «Шығыс жұлдыздары» 2011 жыл 195 бет

25.   Ұлықбек Есдаулет «Шығыс жұлдыздары» 2011 жыл 212 бет

26.   Түсіпжанов Б. «Мұхтар Әузов Құрметтеген Белослюдовтар» Қазақстан мектебі. 2001 жыл №10 73 бет

27.   Ұлықбек Есдаулет «Шығыс жұлдыздары» 2011 жыл 234 бет

28.   Ұлықбек Есдаулет «Шығыс жұлдыздары» 2011 жыл 261 бет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *