«Күлкім менің, сен қайдасың?»


Кемельдинова Айнагуль Казыбаевна
«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің Мариям Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі педагог-психологы

 Ш.А.Амонашвили:«Балалар-қорқынышы жоқ ғалымдар,қате жібереді, сынап көреді, іздейді, тіпті өмірлерін де қатерге тіге алады.Балалар оқуды сүймейді, оларда жалқаулық бар деп кім айтты?- бұл адасу.Ал біз, үлкендер не істейміз: біртұтас білімді ұсақ бөлшектерге бөлеміз, оларды ұзынынан-ұзақ нөмірленген жаттығулар, мысалдар,тапсырмалар, параграфтар тізбесіне айналдырамыз және де оларды орындап, жаттауға мәжбүрлейміз…»

Мұғалім болғандықтан, осыған орай, Ш.А.Амонашвилидің «Күлкім менің сен қайдасың?» еңбегін оқып, зерттедім. Ш.А.Амонашвилидің осы шығармасында мұғалімнің оқушылармен ізгі құндылықтар арқылы қалай тіл табысу туралы айтылған. Алдымен оқыған кезде маған шығарма өте күлкілі болып көрінді, дегенмен, түпкі негіздеуінде шынайы құнды тәрбие жатқанын түсіндім.Оқушылармен бірге білім әлеміне саяхат жасау жолдары сипатталған.

Мұғалім үшін тәжірибеден артық ешетене жоқ. Ш.А.Амонашвили осы шығармасында өзінің мұғалімдік тәжірибелерімен бөліседі,оқушыларды оқыту және тәрбиелеу барысында мұғалімдер қандай қиындықтарға жолығатынын сипаттап қана қоймай,өз тәжірибесін негіздеп,сол қиындықтан қалай шығуға болатын жолдарын сипаттайды.

Ол қызық емес және өте құрғақ оқулықтар туралы әңгімелейді және оқушылар оны қалай құрметтейтінің сипаттайды.

Оқулықтарды тізімделіп жансыз дүние сипатталатының жеткізеді. Осы мәселемен бетпе-бет кездескен Шалва Александрович өзіне құндылық әлемін ашады. Әр адам үшін құндылық қасиетті дүниесі сол адам сол дүниеге қарай ұмтылады, соншалықты сол дүние сол адамға ашылады деген екен.

Бұл дүние әр адамға оның интуициясы және сезімталдығы арқылы ашылады екен. Бұның барлығы педагогикаға және ғылымға тікелей қатысты екенің айтқан.

Басқа бөлігі өте қызықты, өйткені мұнда «күлкі» туралы айтылады. Күлкінің күші және мүмкіндіктері оқушылар мен мұғалімдерге қалай ашылатындығы сипатталады. Шалва Александрович «неге мектепте күлкі аз?» деген сұрақты жиі қояды. Біз мектептен күлкіні неге қуамыз? Біз күлкіден неге ұяламыз? Біз оны керек емес дүние ретінде неге қабылдаймыз? Ал егер біз күлуді мүлдем ұмытып кеткен болсақ? Онда бізге бұл мектептер неге керек? Олардың барлығын жауып тастау керек онда.

Бұл сұрақтарға жауап табылмай қалған жоқ. Шалва осы шығармасы арқылы осы сұрақтарға жауап бере отырып, күлкінің қасиеттерін сипаттап, оның көп шиеленісті, қиындық туған жағдайларда қандай көмек ететін қасиеті бар екендігін сипаттайды.

Ол күлкінің неше түрін сипаттап береді. Мен өз басым күлкінің осындай түрлері бар екендігін білмеппін дегім келеді.

Мысалы, өзін толыққанды көрсетпеген күлкі, – бұл күлкі адамның түрінде сипатталып көрсетілмейді, бірақ та оның ішкі дүниесінің түпкірінде тұрақты орналасып алған, махаббат тұлғасы ретінде және бір өзінің беттеген жағына құлшынған тұлға ретінде орналасқан.

Автор күлкіге өте үлкен сезімталдықпен қарайды. Ол күлкі туралы былай дейді: «Күлкі үлкен ғажайып күшке ие», «Күлкі ерекше бір дастан», «Күлкі – рухтың қанаты».

Осы шығарманың толық бір азат жолына тоқталып кеткім келеді. Өйткені мен бұл ой-пікірмен толық келісемін.«Өмірдегі барлық сәттер бақыт пен күлкіден тұрады.Әлем шексіздік пен мәңгілікпен күледі,аспан жарқыраған жұлдыздарымен,түсті кемпірқосағымен күледі,күн нұр шашқан жарығымен, сәулелерімен күледі,жер ұлы өмірмен күледі, өмір өрлеумен, мақұлдаумен күледі,жазық дала құлпырған гүлдермен,хош иіспен күледі, адам сеніммен, жасампаздықпен күледі, сәби осы шақпен, болашақпен күледі, кім күледі сол өмір сүреді, күлмесе, кеуіп қалады. Өмірді ұстап тұрған мектеп те күлу керек.

Мектептің күлкісі ұстаз.Ұстаздың күлкісі-жүрегі»,-деп көрсетті Ш.А.Амонашвили.Жүpeктeн шыққaн күлкi өмipдi өзгеpтiп, оны көpiктi eтe түсeдi. Күлкiнi өміp нәpлeндipмeйдi, өмipдi күлкi нәpлендipеді.

«Күлкім менің, сен қайдасың?» шығармасының соныңда Ш.А.Амонашвили  өзінің мұғалім-әріптестерін, яғни, бізіді, оқушыларды қатыгездікпен қылғындырмай, күлкі сыйлай отырып тәрбиелеуге шақырады. Оларға күлкі арқылы есік ашыңыздар деп насихаттайды.

Мен өз ойымды келесі пікірлеріммен аяқтағы келеді. Өзімнің әріптестеріме, ата-аналарға осы шығарманы үлкен қуанышпен оқып танысуға ұсынғым келеді. Шалва Александровичтің осы шығармада қозғаған принциптары педагогикалық қызметтің негізін қалау керек. Осы кітапты оқи отырып, мұғалім өзіне баланың жан дүниесін түсінуге және өзінің дамуы үшін жаңа жолдар ашып алады.

Күлкі – сыйлық жасаудың ең жеңіл жолы, бұл сыйлық адам үшін құнсыз!

Қазіргі заманда қатыгездік, рухани байлықтардың жойып жатырған кезі, жаңа технологияның даму кезі, адамдар қуануды ұмытып қалған кез, жәй себепсіз қуануды ұмытып қалған кезіміз, қоршаған айналаға қуануды ұмытып қалған кезімізі, өкінішті ақ. Бірақ та бәрі адамның қолында, бәрін өзгертуге болады, және жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндігіміз зор.

Біз ұстаздар болашағымыз, балаларымызды тәрбиелейтін жандармыз. Сондықтан, бала жүрегіне күнделікті, сағат сайын, минут сайын, секунд сайын күлкі сыйлап, оның жүрегіне мейірім себе білсек,біздің болашағымызды қорғап қалуға ат салысайық.

Күнделікті күйбің тірлік әсерінен жүйкеміз сыр беріп, өнбей    қалған жұмысымызға кінәлі деп балаларды тануымыз мүмкін.Алайда бұл әрекетіміз болашақта бала өміріне қараңғылық тудыратынын есте сақтаған жөн.Сондықтанда бала өміріне түрлі-түсті кемпірқосақты енгізіп, сабырлық таныта біліп, білім нәрімен сусындату, мұғалімнің керемет шеберлігінің көрінісі болмақ. Сіздің бүлдіршін жүзіне бір жымиып күлгеніңіз, басынан сипағаныңыз, барлық әлемге деген мүмкіндіктердің есігі тәрізді айқара ашылған ісбеттес.

Осы шығарманы оқып, танысқаннан кейін әр адам күлкінің ғажайып қасиетін есіне түсіріп, оның әлемге, жақындарыңызға бақыт сыйлай алатының түсініп, өзіне көп нәрсе ұғатынына сенімдімін.

Біз осы қатыгез әлемді өзгерте аламыз, өзіңізден бастасаңыз болғаны, әр бастаған қадамымызды күліп бастайық!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *