«Ғажайып шыны әлемі»


Акылбекова Гульмира Ракишевна 
КМҚК «Балалармен жасөспірімдер сарайы» Жезқазған қаласы қосымша білім  педагогы

Мақсаты: Жаңа технологиялық тәсілдерді оқу үрдісіне енгізу мақсатында мұғалімдермен оқушылар арасында өзара тәжірбие алмасуды ұйымдастыру. Шығармашылықтарының әрі қарай дамуына жағдай жасау.

Міндеттері:

·                   Өнердің  ең көне түрлері витраж, фарфорды қолдану (жасау) туралы мағлұмат беру.

·                   Витраж, фарфор қасиеттеріне, мағынасына тоқталып оның тиімді түрлі амал-тәсілдерін қолдану арқылы білімдерін шыңдау.

·                   Қазіргі заман талабына сай, суық фарфор, витраж бояуларын пайдалана отырып, бұйым жасауға, оны жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білуге үйрету.

Сабақтың әдісі: электрондық тақта арқылы ғажайып шыны әлемінің сиқырларын, балалар шығармашылығынан көрме көрсету.

Материалдық – техникалық құрал-жабдықтар: электрондық тақта, презентация, балалардың шығармашылық көрмесі, сүйемелдеу музыкасы – В.А.Моцарт «Менуэт», алдын ала дайындалған суық фарфор массасы, безендіруге арналған ыдыстар, шынылар, эскиздер, витраж бояулары, қылқаламдар, қол сүртетін майлықтар.

Әдістемелік әзірлемелер: буклет, электрондық презентация.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Ұстаздың кіріспе сөзі.

ІІ. Негізгі бөлім. Презентация «Графика үйірмесінің тәжірибесінен, суық фарфор және витраж техникаларының орындалу кезеңдері».

ІІІ. Сарамандық жұмыс

1.     Орындалу техникасын оқушылар практикалық түрінде көрсетү.

2.     Суық фарфор, витраж техникасын ұстаздармен жасап меңгеру.

ІV. Шеберлік сабақты қорытындылау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Ұстаздың кіріспе сөзі. Витраж бен суық фарфор туралы мағлұмат беру.

Витраж – өнердің ең көне түрі. Витраж – әйнекке, немесе жарық

өткізбейтін басқада материалдарға салынған сурет немесе ою- өрнекті композиция. Готикалық соборларда XIII – ші ғасырда витраж формалары әр-түрлі ұсақ шынылардан қиюластырылса XIV – шіғасырда арнайы боялған әйнекті қию тәсілі қосылды. XX – шы  ғасырда оны түссіз әйнектен оймыштап жасау кең таралды.

Витраж қоғамдық үйлерді, есіктерді, терезелерді безендіру мақсатында қолданылады. Бұл өте бір ерекше шығарма, тек суретшінің қиялынан ғана туған.

Витраж өнері балалардың жұмыстарында сезіміне, қиялына, әсемдікті өз қолымен жасауға түрткі болады және оларды көркем шығармашылыққа жетелейді. (Шағын балалар шығармашылық көрмесіне назар аудару).

Егер сіз шыны бояуларымен витражды құруды ойласаңыз, шыныланған есік пен терезені меңгеруге асықпаңыз. Бірінші шағын көлемде шыныға витраж салып көріңіз. Мысалы, түнгі шам, немесе сауыт, шыны табақ немесе саптыаяқ бұйымдарын декорациялап көруге әбден болады.

ІІ. Негізгі бөлім.

Презентация «Графика үйірмесінің тәжірибесінен, суық фарфор және витраж техникаларының орындалу кезеңдері».

Витраж бояуларымен қолдану. Өз қолымен витражды жасау үшін,қандай бояулармен қолданғыңыз келетінін анықтап алу керек. Жаңа ғана бастап жүрген витражистерге импорттық өндірістен шыққан бояуларды таңдауға болады. Витраждық бояулардың сұлбасы арнайы түтікте,тюбикте сатылады. Көбіне жаңа ғана бастап жүргендер қара түсті контурды сатып алады. Ол дұрыс емес. Қара контурмен жұмыс жасау бірінші қарағанда оңай сияқты көрінгенмен қиындау. Сызықтар қисынсыз жалпақ болуы мүмкін, ал контур көзге тез түсетін болады. Суреттің бәрін көлеңкелеп қояды. Жаңадан бастағандарда витраждық әшекей бұйымдарды боз қырау немесе ақ түсті контурмен қолданған дұрыс. Қорықпаңыз,бастапқыда сызық сіз ойлағаннан үлкен болады. Бірақ тәжіребе арқылы контурлық бояуды қалай дұрыс сығу керектігін, қандай жалпақта болу керектігін түсінесіз. Қосалқы құралдың ұшын қалған бояумен кепес үшін,бұйымның жанына ылғал ысқышты, губка әрқашан жаныңда ұстаңыз. Ылғал ысқышпен артық қалғандарын сүртесіз.

Сұлбаны әзірлеу. Егер сіз ерекше бір нәрсені армандаған болсаңыз, суретті арнайы программалар арқылы немесе қарапайым Раint бағдарламасы арқылы жасауға болады. Өз қолымен витражды шығармалар жасау арнайы файл плёнка бетіне немесе шыныға салынады. Бала өзі армандаған суреттің нобайын шынының астына қойып контурын жүргізіп шығады. Контурын   шамалы фенмен кептіріп, ары қарай суретті жарық көлеңкесіне қарай витраж бояуларымен бояуға болады. Пленкадағы сурет толығымен кепкен соң, ол бөлінеді де шыныға немесе ыдыстарғажапсырылады. Сурет плёнкадан тез шешіледі. Бұл өте керемет. Осылай өте қызықты, ынтымақпен біз өзіміз қалағанымыздай арнайы бояулармен өз қолымыздан витраж жасаймаз.Дайын бұйымның бөлшектерін бекіту үшін акрилдық лакпен бояуға болады.

Келесі әдісте шыны төзімді болса қыздыруға да болады. Шыны бояулары балалардың ермегі іспеттес. Көбісі өз қолымен шыны бояуларды қолдана отырып бөлмені әрлеу қиын деп ойлайды. Бірақ негізіне келгенде балалар мен үлкендер үшін сабақ қызықты ойынға айналуы мүмкін. Ең бастысы қиялдай білуге қорықпау керек және бірінші қателіктерді жасаған жағдайда бас тартпау керек. Егер сіз бәрін өз қолыңызбен жасап үйренген болсаңыз, витраждық туынды жасау көп қиындық туғызбайды. Толығымен кеуіп дайын болған соң, бұйымды кем дегенде 24сағатқа қалдыру керек.

Фарфор- су мен газды өткізбейтін тығыз керамикалық материал. Фарфор саз,каолин, кварц және дала шпаты қоспасын жоғары температурада күйдіру арқылы алынады. Ол фарфор  массасының  құрамына қарай қатты фарфор және жұмсақ  фарфор болып ажыратылады. Фарфор бұйымдарының беті глазурьмен қапталып не онымен қапталмай да шығарылады. Фарфордың механикалық  беріктілік, температураға төзімділік, химиялық реакция кезінде ерімейтіндік  электр изоляциялық қасиеттері жоғары болып келеді. Сондықтан төзімді көптеген химиялық аппаратуралар, жоғары сапалы ыдыстар, көркем, сәндік, электроникалық, радиотехникалық және санитарлық, техникалық бұйымдарды жасау үшін пайдаланылады.

Фарфор өндіру ісі V – VI –ші ғасырда қытайда пайда болған. Европада құрамында каолині жоқ  жұмсақ фарфор өндірілді. Қазақстанда фарфорлық бұйымдар Қапшағай  фарфор зауытында шығарылады.

Қазіргі кезде фарфордан  бұйымдарды жасау, оларды көркемдеу,сәндеу нағыз жоғары қарқынмен дамып келеді. Бұл су мен газды өткізбейтін тығыз пластикалық қасиеті бар икемді материал іс жүзінде бүкіл әлемге әйгілі танымал. Қазіргі кезде шеберлер бұйым жасауда, безендіруде өте кең ауқымды с.ф. пайдаланылады. Ол интерьер заттарынан, әшекей бұйымдардан, жоғары сапалы ыдыс – аяқтардан, сәнді панно, төзімділік химиялық аппаратуралардан, санитарлық техникалық бұйымдардың тиісті орнын алған.

Қазіргі заманда шеберлер әр – түрлі технологияларды пайдалана отырып, с.ф.массасын үй жағдайында дайындап әр-түрлі түстерге бояп безендіру жұмыстарын, нағыз өнер туындыларын жасап жүр. Киімге арналған бижутерия мен аксесуарларды да кездестіруге болады. Олардың ішінде моншақ, сәнді брошкалар, шашқа тағатын: заколкалар, ободоктар, сувенирлер, шкатулкалар, паннолар, магниттер, сәнді ыдыстар бар. Қолөнершілер сый етіп тартуға ыңғайлы өнімдерді ықыластана жасайды.

Фарфордан әр – түрлі бұйымдар дайындау тіпті ересектер емес балалардың да қолынан келеді , тек оған белгілі бір машық, қиял төзім керек. С. Фарфор дайындау әдістері алуан түрлі. Соның ішінде ең тиімді тәсілін біз қолданамыз.

Қажет материалдар; жүгері крахмалы, ПВА желімі, вазелин майы, тостақ, ас қасық. Тостаққа екі қасық крахмал салып, үстіне көз мөлшермен желім қосып жақсылап илеп, полиэтилен пакетке салып қоямыз. Түстерге бояу үшін осы массаға түрлі далап, акрил бояуларын, гуашь, майлы бояуларды, пайдалануға болады. Дайын болған  фарфордан өзіңізге ұнайтын гүлдер, жапырақтар, жеміс- жидектер, жасауға болады, немесе сол заттардан ыдыстарды безендіруге болады.

Білімді жан- жақты тәрбиелі, өнерлі жастар ұлтымыздың баға жетпес қазынасы, сондықтан жастарды қабілетті азамат етіп өсіруде халық қолөнерінің тәрбиелік танымдық ролі орасан зор. Қолөнер дегеніміз кәсіптің бірі. Ал кәсіпшілік ол адамзаттың  тіршілік көзі. Үйірме қабырғасында  бейнелеу өнерінің бастауынан нәр алған болашақ жастар болса өмірде өз орнын таба алады. Фарфор, витраждың  тиімді жаңа әдістерінің қыр-сырын  меңгере отырып оқушылар әр- түрлі бұйымдар, тұрмысқа қажетті нәрселерді  безендіре алады.

ІІІ. Сарамандық жұмыс

1.      Орындалу техникасын оқушылар практикалық түрінде көрсетү.

2.      Суық фарфор, витраж техникасын ұстаздармен жасап меңгеру. Жұмыс жасауға керекті құралдар тарату. Үлгі бойынша витраж

бояуларымен суық фарформен жұмыстарды орындау. Жұмысты әcемдеу.

ІV. Шеберлік сабақты қорытындылау.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР

1.     Қазақ  совет энциклопедиясы. Алматы. 1972 ж.11 том.

2.     «Мектептегі технология. Технология  в школе». 2014-2015 жж.

3.     Ғаламтор  материалдары «Страна мастеров».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *